Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет168/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Құбадан аттаныс 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  Құбада  он  күн  болып,  кезекті  жұма  күні 

Мәдинаға  аттанды.  Кәсуа  атты  түйесіне  мінген  Аллаһ  Елшісі  жанында 

Нәжжар ұлдарынан қарулы жүз әскер, садық досы Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. 

Сырттай  қарағанда  Құба  ауылынан  Мәдинаға  бет  түзегендердің  көрінісі 

көңіл  қуантарлықтай,  ғибратқа  толы  болатын.  Бір  кездері  Меккеде  өзін 

қолдайтын  бірде-бір  адам  болмай,  азапты  күндерді  өткерген  Пайғамбарлар 

Сұлтаны енді жүректерін иман жаулаған нұр жүзді, жүздеген тілеулестерінің 

ортасында  келе  жатыр.  Бұл  топ  өздеріне  дүние  мен  ақыреттің  жолын 

көрсеткен  ұлы  тұлғамен  таңның  атысы,  күннің  батысы  зарыға,  сарыла 

қауышқан еді. 

Әрбіреуінің  жүзіндегі  сол  сәттегі  шаттықты  тілмен  айтып  жеткізу 

мүмкін емес. 

Өмір  ағысы  оңалған  сыңайлы.  Тағдыр  тауқыметін  көтере  алғандарға 

күле  қарай  бастаған.  Мұсылмандар  көңілі  жайланған,  өмірлеріне  дән  риза. 

Бәлкім,  адамзат  тарихындағы  ең  бақытты  шақтың  көрінісі  осы  ма  еді,  кім 

білсін?! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет