Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет171/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МӘДИНАДА

 

Пайғамбарымыз  Ранунада  жұма  намазын  оқып,  хұтба  айтып,  қайтадан 



түйесіне мініп, Мәдинаны бетке алды. Қасында - сыддық досы Әбу Бәкір мен 

мәдиналық мұсылман жігіттер. Тамылжыған табиғат та олардың қуанышына 

ортақтасып тұрған тәрізді. 

Он  сегіз  мың  ғаламның  нұры  болған  Ұлы  Пайғамбар  Мәдинаға  келіп 

кіргендегі жергілікті халықтың шаттығы тілмен айтып жеткізгісіз. Қала да екі 

дүниеге сәуле шашар тұлғаға иелік еткені үшін масайрап тұрғандай. 

Еңбектеген бала, еңкейген кәрі - бәрі-бәрі: 

Тәл'аал бәдру а'ләйнә 

Мин сәниәтул Уәда 

Уәжаба шукру а'ләйнә 

Мәда Аллаһһе даа'.

 

Әнтә шәмсун, әнтә бәдрун, 



Әнтә нурун алан 'нур. 

Әнтә мисбаху Сурәййа 

Я Хабиби, я Расул! 

"Уәда жотасынан бізге 

Толған айдай жарық бердің. 

Шүкір еттік халімізге 

Бақытқа жол салып бердің. 

Сен - айсың, сен - күнсің, 


 

195


Сен нұр үстіне нұрсың. 

Сен Сүраййа жұлдызысың 

Сүйікті Хақ Расулысың!"

 

деп қаумалап, шырқап жатты. 



Халық  Расулаллаһтың  нұр  жүзін  бір  көруге  асығып,  сыртқа  ағылған. 

Айнала  ығы-жығы,  ине  шаншар  орын  жоқ.  Бала-шаға,  кәрі-құртаң  бар 

жақсысын киініп, сәнденіп шыққан. 

"Мұхаммед (с.а.у.) келді! Аллаһтың елшісі келе жатыр! Қош келдің, Уа, 

Расулаллаһ!  Қадамыңа  гүл  бітсін!"  -  деп  жан-жақтан  шуласқан  дауыстан 

құлақ тұнады. 

Әр үйдің қасынан өткен сайын үй иелері: 

"Қош келдің, құтты қонақ! Үйімізге кіріп, дәм тат. Берекемізді арттыр", 

- деп қиыла өтінді. Расулаллаһ болса: 

"Түйеге  жол  беріңдер.  Тоқтар  жері,  Аллаһтың  әмірімен  жануардың 

өзіне мәлім", - деді. 

Пайғамбардың  түйесі  Малик  ибн  Нәжжар  ұлдарының  үйіне  дейін 

барып, бос алаңға шөкті. 

Пайғамбарымыз  түйеден  түскен  жоқ.  Түйе  сәлден  соң  қайта  тұрып, 

біраз  алға  жылжыды  да,  кері  бұрылып  манағы  шөккен  жеріне  қайта  келіп, 

шөкті. 


Түйе шөккен күйі қозғалмаған соң Пайғамбарымыз: 

"Иншаллаһ, бізге бұйырған орын осы болар", - деп түсті. 

Осылайша  Ислам  тарихындағы  маңызды  оқиғалардың  бірі  -

мұсылмандардың  хижретіне  нүкте  қойылды.  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.) 

Мәдинаға  көші  әнсарлар

Көмек  берушілер,  Меккелік  мұсылмандарға  қолдау  көрсеткен  Мәдиналықтар. 

мәдиналық  мұсылмандармен  қатар  муһажирлерге  де  айрықша  серпін  әкелді. 



Оған әнсар мұсылман Әнес ибн Маликтің мына сөздері куә: 

"Мен  өмірімде  Расулаллаһтың  Мәдинаға  келген  күнінен  артық,  одан 

көңілді, одан нұрлы күн көрген емеспін". 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет