өсекті айтқандарың үшін ауыр азапқа душар болар едіңдер.
Сол кезде сіздер (сол) өсекті тілдеріңмен (бір біріңе) жеткіздіңдер.
Нақты білмей тұрып ауыздарыңмен айтып және мұны (күнә емес) оңай
нәрсе деп есептедіңдер. Негізінде Аллаһ назарында (ол) үлкен күнә. Оны
(жалған жаланы) естігенде:
"Мұны айту бізге жараспайды. Аллаһ сақтасын! Бұл үлкен жала"
деу керек еді.
Егер сіздер шындығында иман келтірген болсаңыздар, мұндай
нәрсені айтуға Аллаһ мәңгі тиым салады! Аллаһ сіздерге аяттарын
ашық білдіреді. Аллаһ бар нәрсені жан-жақты білуші әрі әр нәрсені
орынды істейтін хикмет иесі. Муминдер арасында жаман сөздердің
естілуін, таралуын жақтайтынға дүниеде де, ақыретте де азап бар.
Достарыңызбен бөлісу: |