хижрет еткен-ді. Үбайдуллах дінін сатып, христандықты қабылдап әрі-сәрі
жолдасы өліп жесір қалған тұста түсінде Үбайдуллаһтың "Ей, муминдердің
336
Араб әйелдері теңін таппай тұрмыс құрмайтын. Хазіреті Үммү Хабиба
да жат жерде жесір қалып қиын жағдайларды басынан өткереді. Дінін сақтау
жолында туған жерден жырақ кетіп, ағайын-туыстан айрылып жалғыз қалған
адамның халін сипаттап жатудың өзі артық болар. Оның үстіне ол қорғансыз,
қауқарсыз әйел болса!
Осы себептерге байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Үммү Хабибаны
некелілері арасына алғанды жөн көрді. Талабын Нәжашиге елшісі арқылы
білдірген. Хабаш билеушісі пайғамбардың тілегін құптап Үммү Хабибамен
некеге отырғызады.
Пайғамбардың Хабаш билеушісінен тағы бір өтініші - мұсылман
муһажирлерді Мәдинаға қайтаруға қатысты. Асхама мұны да жауапсыз
тастамады. Хазіреті Жағфар бастаған мұсылмандарды кемемен Мәдинаға
шығарып салды.
Достарыңызбен бөлісу: