Хазіреті Хамза үйіне келген соң болған жайды көз алдынан өткеріп, аң-таң.
кешкендерін тәптіштеп айтып береді. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Исламның
131
Иман нұры шартарапқа жарық шашып, саналар сәулеленіп, Құран
дәрістері көбейіп, мүшріктер шындап шошына бастады.
Хазіреті Хамзаның да кездейсоқ оқиғаның әсерімен мұсылмандар
жағына өтіп кетуі пұтты дәріптеушілерді жынынан айрылған бақсыдай
есеңгіретіп кетті... Көздерін шел басқан, кеуделерін шер басқан мүшріктер
бейшаралықтарын мойындағысы келмей, қасарысып маңғаз көрінуге
тырысты.
Мұсылмандарды
аяқтан
шалудың
иыр-шиыр
жолдарын
қарастырып, жаңа жобаларымен бастарын қатырды.
Бір күні құрайыш мүшріктерінің басшысы Утба ибн Раби'а сөз
тыңдайтындарын жинап алып:
"Ей, құрайыштар! Мұхаммедпен (с.а.у.) оңаша кездесіп, сөйлессем
қалай болар екен?! Ұсыныстарымды да ашық айтармын. Бәлкім, ол қабыл
етер. Оның да кейбір тілектерін орындасақ, ойланып, уағызынан баз кешер",-
деп пікір айтты.
Шаралары таусылған құрайыш кеңесі мұны да сынап көруге бел
байлады.
Көппен ақылдасқан Утба Қағбада Харам мешітінде отырған Хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.у.) жанына барып сөзін былайша сабақтады:
"Ей, бауырым Мұхаммед (с.а.у.)! Сен біздің арамызда тектілігіңмен
ерекшеленесің. Оған таласымыз жоқ. Мәртебең биік, мерейің үстем
екендігіне де ешкім шәк келтірмейді. Бірақ солай бола тұра қауымыңның
басына бәлелі іс таптың. Істеген ісіңмен сүттей ұйып отырған бірлігімізді
бұзып, ақылсыз деп шығардың. Халқыңның ғасырлардан жалғасын тауып
келе жатқан Тәңірісін, нанымын жоққа шығардың. Ата-бабаларыңды
күпірлік батпағында деп айыптадың.
Сөзіме құлақ асар болсаң, жанашыр ниетпен айтарым бар.
Ұсыныстарымды жақсылап тыңда, бәлкім, көңіліңе жағатыны болар."
Сүйікті Пайғамбарымыз:
"Құлағым сенде, айта бер, ей, Уәлидтің әкесі!" - деді.
Утба сол рұқсатты күтіп тұрған, тізе жөнелді:
"Егер сенің мақсатың - баю болса, бәріміз жабылып дүние-мүлкімізден
үлес айырып берейік, ең дәулеттіміз сен-ақ бол.
Ал, егер сый-сияпат іздеп жүрген болсаң сені басшы тағайындайық.
Неге ұшырағаныңды түсінбей жүрген болсаң шошынған шығарсың
бойыңды үрей жайлаған шығар. Тәуіпке көрсетіп емдетейік. Жын-
шайтанның уысына беріп қарап отыра алмаспыз, шығынды көп болып өзіміз
көтерейік", - деп сөзін аяқтады.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):
"Тағы айтарың бар ма?" - деп сұрады.
"Жоқ", - деді Утба.
"Олай болса, енді сен мені тыңда", - деп Расулаллаһ Фуссилат сүресін
(1-36-аяттарын) барынша мақамдап оқи жөнелді:
Достарыңызбен бөлісу: