Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет224/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Пайғамбарымыздың түсі

 

Осы тұста пайғамбарымыз бір түс көріп, оны асхабына баяндайды. 



"Мен керемет сауыт киінген екенмін. Қылышым Зүлфиқардың ұшының 

кертілгенін көрдім. Бауыздалған бір сиыр, іле-шала бір қошқар көрдім." 

Асхабы: "Мұны қалай жорыдыңыз, Уа, Расулаллаһ?"-деп сұрады. 

Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жауабы : 

"Бүтін  сауыт  -  Мәдинада  қалатынымның  белгісі.  Қылышымның 

кертілгені - зиянға ұшыраймын деген сөз. 

Бауыздалған 

сиыр 


сахабаларымның 

кейбіреулерінің 

шейіт 


болатынына меңзейді. 


 

245


Ал қошқар, бір әскер қолына ишара, иншаллаһ Аллаһ оларды өлтіретін 

болады". 

Пайғамбарымыздың  жұма  күні  көрген  бұл  түсі  асхабымен  соғыс 

жөнінде кеңесіне де әсер етеді. 

Мұхаммед  (с.а.у.)  әнсар  мен  муһажирлердің  басшы,  кеңесшілерінің 

басын  қосып,  жоғарыдағы  мәселе  төңірегінде  кеңесті.  Пайғамбарымыз 

көрген түсінің әсерінен Мәдинаны іштен қорғауды дұрыс деп ойлаған. Сонда 

да болса мұсылмандардың пікірлерін сұрағанды мақұл көреді. 

Сахабалардың  көпшілігі  Пайғамбарымыздың  көзқарасын  мақұлдады. 

Бұрын-соңды  ешбір  жиналысқа  қатыстырылмаған  мунафиқтар  басшысы 

Абдуллаһ  ибн  Үбәй  да  осы  кеңеске  шақырылған  еді.  Ол  да  Мәдинада 

қалғанды қолдады. 

Тек  Бәдір  шайқасына  қатыса  алмаған  қаһарман  жалындаған  жастар 

Бәдірге  қатысып  қайтқан  замандастары  мен  шейіт  болғандар  қол  жеткізген 

ұлы  дәрежеге  ұмтылып,  қатыса  алмағандықтарына  ылғи  да  өкініш  білдіріп 

жүретін. Осы себепті бойында қаны тасыған жігіттер дұшпанды Мәдинаның 

сыртынан күтіп алуға ниет білдірді. 

-        Уа,  Расулаллаһ!  Оларға  жәһилия  кезеңінің  өзінде  Мәдинаға,  бізге 

қарсы басқа шауып, төске өрлеуге рұқсат берілмеген. 

Ендігі  жерде,  Ислам  билік  құрғанда  олардың  Мәдинаға  кіруіне  неге 

тосқауыл қоймасқа? 

-    Уа,  Расулаллаһ!  Біз  Ұлы  Аллаһтан  осы  күннің  болуын  тіледік.  Бізге 

қаланың сыртына шығуға, жаумен бетпе-бет алысуға рұқсат ет! 

Енді  бір  тобы:  "Уа,  Расулаллаһ!  Егер  біз  оларды  сырттан  тосып 

алмасақ,  дұшпан  бізді  қорқақ,  әлсізге  жориды  да,  батылдана  түсуі  әбден 

мүмкін",-деп қиылды. 

Мұны  айтқандар  қатарында  батыр  әрі  батыл  Хамза,  Саад  ибн  Үбада 

және Нуман ибн Малик сынды жауынгер сахабалар болды. Әсіресе, Хазіреті 

Хамза: 

"Уа,  Расулаллаһ!  Саған  кітап  түсірген  Аллаһтың  атымен  ант  етемін, 

мына 

қылышыммен 



Мәдина 

сыртында 

құрайыш 

мүшріктерімен 

шайқасқанша нәр татпаймын",-деп қолқалап қоймай қойды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет