ахабиштен әскер жинап келе жатқан көрінеді. Түйемен, атпен баса-көктей
келіп біздің жерімізге түсіпті. Енді бізді сырттай қоршауға алады, сосын
Жамандап, не түрлі ғайбат сөз айтпасына кім кепіл? Бұл олардың өздеріне
246
Көріп отырып, қарсы алдарынан шықпасақ, елімізден, жерімізден
оларды қумасақ, ертеңгі күні айналадағы өзге араб тайпалары да бізге көз
тікпес пе?
Аллаһ Тағала бізді құрайыш мүшріктерінен басым түсірер деп
үміттенейік. Олай болмаған күнде өлерміз, шейіт болармыз. Мен Бәдірге
қатыса алмай, шейіттіктен мақрұм қалып ем. Шейіт болуды армандаумен күн
кешіп келемін.
Кеше түнде сол Бәдірде шейіт болған ұлымды түсімде көрдім.
Ажарланып кетіпті. Жәннат бақшасында, бұлақ жағасында серуендеп жүр
екен. Маған "Жәннатта жолдасым бол, мен Раббымның уәде еткен ақиқатына
қол жеткіздім" деді.
Таңертең ояна салысымен жәннаттағы ұлыма жолдас болуды армандай
бастадым. Кәрілік те жеңіп барады. Ендігі жерде Аллаһыма қауышсам
деймін.
Уа, Расулаллаһ! Маған шейіт болу нәсіп болсын, жәннатта ұлым
Саадқа жақын болайын. Сол үшін Аллаһтан тілек тілесең деп едім",-деді.
Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) Хазіреті Хайсаманың тілегін
сол жерде орындады.
Достарыңызбен бөлісу: