Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет363/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Зиярат мақсатымен тауап

 

Мұхаммед  (с.а.у.)  құрбан  айтының  бірінші  күні  түске  дейін  Қағбаны 



зиярат  мақсатымен  арнайы  тауап  етті.  Мұсылмандарға  да  зиярат  етуге 

ұсыныс  айтып,  тауаптан  соң  бесін  намазын  оқиды  да  Зәмзәм  құдығынан  су 

ішеді. 

Сол  күні  кешқұрым  Минаға  оралады.  Пайғамбарымыз  айттың  екінші, 

үшінші  күндері  күн  еңкейген  шақта  Мина  мешіті  маңында  шайтанға  тас 

лақтыру ғұрпын жүзеге асырады. 

 

Соңғы тауап

 

Зилхижжа  айының  он  төрті,  сәрсенбі.  Таңғы  намаздан  соң  Аллаһ 



Расулы  асхабымен  қасиетті  Қағбаға  барып  соңғы  рет  тауап  етті.  Мұнан  соң 

Меккемен  қоштасып  Мәдинаны  бетке  алды.  Жолшыбай  тоқтап  бесін 

намазын оқыған соң Хазіреті Расулаллаһ жансерік жолдастарына: 

"Уа,  бауырлар!  Мен  де  басқалар  сияқты  адаммын.  Жуырда  ұлы 

Раббымның елшісі келіп мені мәңгілік өмірге шақыруы ықтимал. Мен, әрине, 

бұл  шақыруды  қабыл  аламын.  Жақында  сіздермен  қоштасарым  анық.  Егер 

сөзіме  зейін  қояр  болсаңыз,  сіздерге  тура  жолдан  тайдырмайтын  екі  нәрсе 

тастап  барамын.  Біріншісі,  Алланың  қасиетті  кәламы  -  Құран,  оған  ден 

қойсаңыз тура жолды тауып, нұрға кенелесіз. Ал, екіншісі, сүннетім", - деді. 

Аллаһ Расулының жақында бақиға сапар шегетінін аңғарған сахабалар 

қайғырып,  көз  жастарына  ерік  берді.  Жандарынан  артық  көретін 

жетекшілері, екі дүниенің сәруары араларынан кететінін сезінген олар әлден-

ақ жетімдік күйін кешті. 

Арып-ашып  жол  жүріп  Мәдина  алыстан  көрінгенде  Пайғамбарымыз 

әдеттегідей:  "Аллаһтан  басқа  иләһ  жоқ.  Аллаһ  жалғыз,  ортағы  жоқ.  Мал-



 

400


мүліктің  иесі  Сол.  Мақтау-мадаққа  лайық  Аллаһ  қана.  Оның  бар  нәрсеге 

құдіреті жетеді. 

Раббымызға  күнәларымыздан  тәубе  етіп,  құлшылық  қылып,  мадақ 

айтып оралдық", - дейді. 

Мәдинаға кірген бетінде Хазіреті Расулаллаһ орталық мешітте екі рәкат 

намаз оқыған соң отбасына оралды. 

Бұл Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) алғашқы әрі соңғы қажылығы еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет