"Хақ келіп, шірктің
күлі көкке ұшты. Шынында да шірк (Аллаһқа ортақ қосушылық
негізсіз болғандықтан) өз өзінен жойылды"
деген Исра сүресінің 81- аятын
оқып тұрып, қолындағы асасымен әр пұтты меңзеп білдірді. Таяғы тигені-
тигендей тас құдайлар жерге гүрс-гүрс құлап жатты.
Аллаһ Расулы (с.а.у.) кейін Қағбаның алдында хұтба оқи бастады.
Халық сілтідей тынып құлақ түрген.
"Аллаһтан басқа Тәңір жоқ. Ол жалғыз, серіксіз.
Ол уәдесін орындап, құлына жәрдемдесті. Дұшпандарына жеңіліс
тапқызды. Надандық кезеңінде мақтанға себеп болған бар нәрсе бүгін аяққа
тапталып, келмеске кеткенін білгейсіздер.
Күллі адамзат баласы Адам атадан, Адам ата топырақтан жаратылған.
Уа, халайық!
Достарыңызбен бөлісу: |