Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"(Мұхаммед),  сен  кешірім  жолын  ұстан  және



Pdf көрінісі
бет341/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

"(Мұхаммед),  сен  кешірім  жолын  ұстан  және 

оларға  туралықты  әмір  ет.  Түк  ұқпайтын  надандардан  бойыңды  аулақ 

ұста!..." 

(Ағраф сүресі, 199) деген ғибрат алған-тын. Ұлық болсаң, кішік бол 

дейтін халық даналығы да осыған меңземей ме? 

Құрайыштар  Хазіреті  Мұхаммедтің  алдына  қаздай  тізілген.  Бір 

кездердегі  "Сен  тұр,  мен  атайын,  мықтылықтың  ізі  де  қалмаған,  бәрі 

пұшайман  халде.  Аллаһ  Елшісі  дәл  осы  күйлерінде  тірі  жан  қалдырмай 

өлтіремін  десе  де,  бір  кездердегі  жөн  -  жосықсыз  зұлымдықтарын  беттеріне 

басып,  құлақ  кесті  құл  етемін  десе  де,  жиған-тергендерін  түк  қалдырмай 

сыпырып  алып  қаладан  қуып  шығамын  десе  де  -  бәріне  көндіккен.  Алайда 

осынау  әлемге  рақымдылықтың  символы  ретінде  жаратылып,  жіберілген 

Мұхаммед  (с.а.у.)  мұның  бірде-бірін  жасаған  жоқ.  Оның  бар  мақсаты  - 

көңілдерге  иман  нәрін  егу  еді...  Жақсылыққа  -  жақсылық  әр  адамның 

қолынын, ал жамандыққа - жақсылық тек ер адамның қолынан келері ақиқат. 

Өткенді  өшіріп,  қиянат  жасағанға  қошамет  көрсетуді  Пайғамбарымыз  асыл 

мұратына  қызмет  деп  білді.  Расулаллаһтың  кешірімділігі,  мейрімділігі  мен 

дос  көңілі  құрайыштың  жүректеріндегі  тас  метін  кекті  ерітіп,  дұшпандық 

сезімдерін  әп-сәтте  сүйіспеншілікке  айналдырды.  Мұнда,  әрине,  Аллаһтың 

нәсібі  бар  екені  рас.  Дегенмен  Расулаллаһтың  тәлімгерлік  тәсілін  де  жоққа 

шығара алмаймыз. 

Осылайша  адамзат  тарихы  рухтар  мен  көзқарастың  теңдессіз 

төңкерісіне тұңғыш рет куә болды. 

Сөйтіп, Арабстан мүшріктерінің кіндік қаласы - Мекке де мұсылмандар 

мекеніне  айналды.  Ислам  діні  тереңге  тамыр  жая  түсті.  Меккедегі  жеңіс 

муминдерге үлкен серпіліс, мызғымас күш ала келді. 




 

374




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет