Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет349/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ТӘБҮК - СОҢҒЫ ЖОРЫҚ

 

Хижреттің тоғызыншы жылында Ислам діні Арабстанда кең жайылды. 



Мәдинаға  өз  еркімен  келіп,  ру  тайпа  өкілдері  Расулаллаһпен  жүздесіп, 

имандылықты  үйретуді  өтініп  жатты.  Ислам  тарихында  бақытты  ғасыр 

атанған  жетінші  ғасырдың  ең  жемісті  кезеңі  осы  хижреттің  тоғызыншы 

жылы. 


Дегенмен  мұсылмандардың  асқақ  мәртебесін,  биік  абыройын  көре 

алмай,  қызғанғандар  түбегейлі  жойылып  еді  десек,  түгел  қателесеміз. 

Византия  тәрізді  сол  дәуірдің  дүрілдеген  қуатты  мемлекеті  әлі  де  Исламды 

құртуға  дәмелі.  Сол  ниетпен  айнала  қолдаушы  тайпаларды  жинап  күш 

біріктірді. Мақсат - қалайда мұсылмандардың қарасын құрту. 



 

387


Византияның  шайқас  әзірлігі  дер  кезінде  Мәдинаға  жетіп,  Расулаллаһ 

сарбаздарын сапқа тұрғызды. 

Әдетте  Пайғамбарымыз  жорыққа  шығарда  нақты  бағытты  алдын  ала 

тіс  жарып  ешкімге  айтпайтын.  Бұл  жолы  өйтпеді.  Барар  жердің 

шалғайлығын, жолшыбай азық-түлік, керек-жарақтардың молынан қажеттігін 

ашық айтып, ұзақ жорыққа барынша әзірленуді бұйырды. 

Мәдина  маңындағы  мұсылман  тайпаларға  да  хабаршы  жіберіп,  Аллаһ 

жолында ұрысқа қатысуды шақырды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет