Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет350/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Көп түкірсе - көл...

 

Сахабалардың  бәрінің  бірдей  мол  жол  азығын,  қару  сатып  алуға 



шамасы келмейтін. 

Расулаллаһ 

ауқаттыларды 

көмекке 


шақырып, 

олар 


соғыс 

мұқтаждықтарын өтеуге атсалысты. 

Хазіреті  Омар  ең  алдымен  Аллаһ  Расулының  (с.а.у.)  үндеуіне  үн 

қосқандардың бірі. 

"Бүгін  қалайда  Әбу  Бәкірден  асып  түспесем  бе?"  деген  оймен  Хазіреті 

Омар мал-мүліктің тең жартысын қазынаға құяды. 

"Бала-шағаңның несібесін айырдың ба?" - деген Хазіреті Мұхаммедтің 

(с.а.у.) сауалына: 

"Әрине, жарты малымды соларға қалдырдым", - деп жауап береді. 

Хазіреті  Әбу  Бәкір  бары  -  төрт  мың  дирхам  күмісті  Аллаһ  Нәбиіне 

келіп  ұстатады.  Хазіреті  Омар  да  сол  жерде  тұрған.  Расулаллан  (с.а.у.) 

Хазіреті Әбу Бәкірге: 

"Уа,  достым,  бала-шағаңа  не  қалдырдың?"  -  дегенде,  Сыддық  Әбу 

Бәкір: 


"Оларды Аллаһ пен Расулына аманат еттім", - дейді. 

Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  мұншалықты  жанкештілігіне  қайран  қалған 

Хазіреті Омар: 

"Ата-анам  сенің  жолыңа  құрбан  болсын,  уа,  Әбу  Бәкір,  қайыр-

жақсылық жолында сен әрдайым менен үстемсің. Ешбір мәселеде сені басып 

оза алмасымды түсіндім", - деді күмілжіп. 

Хазіреті Осман - қос нұрдың иесі  Шамға сауда керуенін жолдамақ еді. 

Жиһадқа жәрдем керек дегенді ести сала мәрт сахаба үш жүз түйені тиелген 

теңімен қоса ортақ қазынаға қосты. Елу ат пен мың алтынды қолма қол тағы 

берді. 


Екі  қызын  бірдей  алған  күйеу  баласы  Османның  мырзалығына 

сүйсінген Пайғамбарымыз: 

"Я,  Аллаһым!  Мен  Османға  ризамын,  Сен  де  одан  риза  бол",  -  деп 

батасын берді. 

Хазіреті Абдуррахман ибн Ауф, тіпті Улба ибн Зәйд, Әбу Ақил сынды 

кедей-кепшік сахабалар бір уыс құрмамен болса да қолдау көрсетті. 

Мұсылман  әйелдер  де  қарап  қалған  жоқ.  Алқа,  жүзік,  сырға  сияқты 

әшекей бұйымдарын шын ықыласпен жиһад жолына табыстады. 




 

388


Сахабаның  әрбіреуі  саңлақ  сипатына  ие,  ал  саңлақтық  пен 

сараңдықтың қабыспасы айдан анық. Алланың атын асқақтату жолында шын 

ниетпен  берілген  садақа  берушіге  берекет,  тек  жақсылық  әкелері  хақ.  Бұл  - 

берекеттің бұлжымас қағидасы. Он төрт ғасыр бұрын да осылай болған, қазір 

де солай. 

Мүшрік,  кәпірлерге  қарсы  шайқасқа  қатысуға  тілек  білдіргендердің 

көптігі  сондай,  қару-жарақ,  ат-көлік  ортақ  қазынаға  қанша  жинаса  да, 

жетпеді.  Өз  жағдайлары  мүшкіл,  алайда  жиһад  жолында  жанын  беруге  даяр 

кедей  мужаһидтерге  Расулаллаһ  жорыққа  шығуға  рұсат  бермеді.  Қасиетті 

жолдан  кері  қайтарылғандар  жылай-жылай  қала  берген.  Жомарттың  қолын 

жоқтық  байлайды  деген  нақылдың  тарихы  тереңде  екеніне  тағы  куә 

болғандаймыз. 

Тәубе сүресінің 91-92 аяттарындағы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет