Дамытушылық: Тәрбиелік: Мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі7,88 Kb.
#12502
  • Тақырыбы:
  • Жоңғыш-ажарлағыш білдек
  • Технология пәнінң мұғалімі. Жұбаназаров Е 8 “Е”
  • Білімділік:
  • Дамытушылық:
  • Тәрбиелік:
  • Мақсаты:
  • Оқушыларға жонғыш-ажарлағыш білдек
  • құрылысымен таныстыру,жұмыс істеу
  • тәсілдері туралы түсінік беру.
  • Оқушылардың қиялдарын шыңдау,
  • технология сабағына қызығушылығын тудыру.
  • Оқушыларды ұқыптылыққа,ептілікке,шеберлікке баулу.
  • І.Ұйымдастыру кезеңі.
  • 1.Тесіктерді үңгілеу мен ұңғылаудың бұрғылаудан
  • айырмашылығы бар ма?
  • 2.Жонғыш білдектерде қандай тесіктер жонылады?
  • 3.Үңгі мен ұңғы құралының айырмашылығы неде?
  • Жаңа сабақ
  • Жоңғыш-ажарлағыш білдек
  • Қайрау дегеніміз-металл кескіш аспаптарды пайдалану кезінде мұқалған
  • жүздерін қайтадан өткірлеу әдісі.Бұл процесс металл кескіш аспаптардың жүзін
  • белгілі бір дәрежеге дейін жұқартып,ажарлаудан тұрады.Ол үшін
  • қайрақ немесе қайрақ станогының ажарлауыш шарығы пайдаланылады. Қайрау
  • процесінің бұдан басқа электро ұшқындық және анодты механикалық әдістері бар.
  • Қайрау білдегі металл кескіш аспаптарды қайрауға арналған.Ол абразивті және
  • абразивсіз болып бөлінеді.Абразивті қайрау білдегінде қолданылатын негізгі
  • аспап-ажарлауыш шарық.Онда бір-екі ажарлауыш шарық орнатылады. Металдарды
  • шарықтағанда, темір ұшқындарының түрі мен түсі арқылы олардың қасиетін білуге
  • болады.Мысалы,олардың құрамы,қаттылығы т.б.
  • Жоңғыш білдекте жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі:
  • Жұмыс қауіптілігі:
  • 1.Жоңғылау білдегінің айналып тұрған бөлігіне немесе жоңғышқа қолды және
  • саусақты жарақаттап алу.
  • 2.Айналып тұрған жоңғышқа киімнің ілініп кетуі.
  • 3.Металдарды өңдеу кезінде ұшқан жоңқалардың көзге түсіп кетуі.
  • 4.Электр құрылғылардың бұзылуы немесе жерқосқыштың дұрыс істемеуі.
  • 5.Жұмыс орнының ретсіз шашылып жатуы
  • Жұмысқа дейін:
  • 1.Арнайы киімдерді кию.
  • 2.Жең қайырмасын түймелеу.
  • 3.Қорғаныс қоршауларды,білдек тұрқын жерлендірудің қосылуын тексеру.
  • 4.Құрал-саймандардың үстелге ретімен қою.
  • 5.Білдек жұмысын бос жүріс арқылы тексеру және іске қосқыш қорабын,
  • бастырманы ажыратып-қосып көру.
  • 6.Жұмыс бастар алдында көзілдірік кию.
  • Жұмыс барысында:
  • 1.Білдекке немесе кескіш құралға басыңды жақын июге, жұмыс істеп тұрған білдектің
  • үстімен заттарды беріп алуға болмайды.
  • 2.Білдекке сүйенуге, дайындаманы немесе құрал-сайманды қоюға болмайды.
  • 3.Білдек айналып жұмыс істеп тұрғанда, өңделіп жатқан тетікті өлшеуге немесе
  • білдек үстіндегі жоңқаларды алуға тазалауға болмайды.
  • 4.Жұмыс барысында тораптағы токты өшіргенде іске қосу батырмасынан саусақты
  • жылдам алу керек.
  • Жұмыс соңында:
  • 1.Білдекті тоқтату.
  • 2.Білдектегі жоңқаларды алып, білдекті және құрал-жабдықтарды сүрту.
  • 3.Жұмыс орнын ретке келтіру
  • Сабақты бекіту
  • 1.Қайрау деген не?
  • 2.Жоңғыш-ажарлағыш білдектің құрылысы қандай?
  • 3.Жоңғыш-ажарлағыш білдекті не үшін пайдаланамыз?
  • 4.Жоңғыш-ажарлағыш білдекте жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік
  • ережелерін сақтау керек?
  • Үйге тапсырма:
  • Өтілген жаңа сабақтан түсінік айту.
  • 24-ші суретті салу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет