Сергіту сәті . Суреттегі кейіпкелердің даусын салу.
Ойын терапиясы арқылы ақыл-ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.(Мысық пен тышқан ,ұсқынсыз үйрек,ешкі мен түлкі, мақтаншақ қоян, әтеш пен түлкі) үзінді ертегі терапиясын айту.
Ойын терапиясы - күрделі жұмыс.Ойын терапиясы ақыл-ойы кем балалар үшін пәрменді тәсілдердің бірі деп айтуға болады.Ойын терапиясы арқылы«мен»бейнесі ашылады,байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптастырылады.Ақыл-ойы кем баланы сөйлеу тілін қалыптастыру әдісі біріктіру болып табылады.Жеке және топ арқылы олармен түзету дамыту сабақтары жүргізіледі.Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында төмендегі ойындарды сабақта пайдалануға болады.
«Сиқырлы таяқша» ойыны.
Сиқырлы таяқша көмегімен ,балалар шеңбер жасап тұрады.«Сәлеметсіз бе? Менің атым..»деген сөзден бастайды.Осылайша барлық бала өзін таныстырып болғанша ойын жалғаса береді. Балалардың көңіл - күйлерін сұрап ,бір-біріне жылы сөздерін тілеп, жақын танысады. Балалар осы сұрақтарға байланысты өз ойларын айтып болған соң, жанындағы көршілеріне жылы сөз сыйлайды .
Ишара, қимыл-қозғалыс келе, ақыл-ойдың дамуы өзінің құрылымына элементтер қатарын қосатын күрделі психикалық түсінік болғандықтан, оның дамуына жағдай туғызу үшін таным үрдістерінің қалыпты дамуына баса зер салу қажет.Сөзімді қорыта келе
«Ұстаз»деген Ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
«Ұстаз» деген шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі,- деп, жүрегі мейірім-шапағатқа,жан жылулығына толы барша Ұстаздар қауымын аянбай еңбек етіп,бала бойындағы шығармашылық шоқты үрлеп жандырып, «Әр бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем ет»,деген қағиданы естен шығармауға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |