«Кәсіпкерліктің дамуы - мемлекеттің дамуы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек»
Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тиімділігі
Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҚР-ның Президентінің бастамасымен 5 заң, зандық күші бар 7 жарғы, бірнеше бағдарламалар қабылданған:1999-2000,2001-2002ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау туралы.Дегенмен, оған қажетті жағдайлардың біртіндеп қалыптасып келе жатқанына қарамастан, шағын кәсіпкерлікті баяу қарқынды және қиын түрде дамып келеді. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың ерекшке секторы ретінде шағын кәсіпкерлік қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы шешетін өзекті мәсәлелерінің бірі.
Европалық Қайта Құру мен Даму Банкі ҚР-ның шағын бизнесті қолдау Қорымен бірлесе отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл бағдарламаның мақсаты – шағын және орта кәсіпорындарға қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету. Несиелік линия көлемі 775 млн. долл. және несиенің үш түрін беруді ұсынады:
micro (10 мың долларға дейін )-бұл теңгемен, шетел валютасымен де 12 айға дейін беріледі;
large-micro(10- нан 30 мың долл. дейін ) шетел валютасымен 12 айға дейін;
small(30-нан 125 мың долл.дейін / шетел валютасымен 30 айға дейін; ал теңгемен 12 айға дейін беріледі.
ҚР-ның Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты - оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Негізгі басымдылықтар:
мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс- қимылы;
несиелендіру тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылым дамыту;
ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетік шараларының бірі «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің Жарлығы /06.03.1997 ж./. Бұл жарлық бойынша :
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның Экономика және Сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және Сауда Министірлігіне жүктелген );
шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылады;
мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылады;
екінші деңгейлі банктердің минималды көлеммен несиелендіру бекітілді.