Даму стратегиясы Жоспары



бет5/6
Дата16.11.2022
өлшемі4,87 Mb.
#158424
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сатаев Карим старт ап 11

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекетік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып саналады. Оның құрамында 2 сараптау кеңесі бар:

  • Біріншісі –нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кісіпкерлік құрылымының өкілдерінен тұрады;
  • Екіншісі – кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық , министірлік өкілдерінен тұрады;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры

    ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒЫМДАҒЫ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ

    «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2014-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

    2014 жылы 4 шілде күні «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (ары қарай – «Даму» Қоры) Директорлар кеңесінің отырысында «Даму» Қорының 2014-2023 жылдарға Даму стратегиясы бекітілді.

    Қордың миссиясы Қазақстандағы қаржы құралдарының кең спектрі мен біліктілікті дамыту бойынша бағдарламалардан тұратын кешенді қолдау көрсету арқылы Қазақстанның ШОБ сапалы дамытуға себін тигізу болып табылады.

    Стратегияның негізгі идеясы Қорды шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын тиімді ұлттық институт ретінде қайта құру болып табылады.

    «Даму» Қорының стратегиясы келесі дамыту бағыттарын іске асыруды көздейді: (1) ШОБ субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; (2) ШОБ субъектілерінің біліктілігін дамыту.

    Қордың тиімді ұлттық институтты құру бойынша бірінші кезектегі міндеттері шегінде қызметтің қаржылық және операциялық нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету, қаржы ресурстарымен басқару тиімділігін арттыру, қызметтің айқындылығын және халықтың сенім деңгейін арттыру күтіледі.

    «Даму» Қорының ШОБ қаржылық және қаржылық емес қолдау бойынша стратегиялық бағыттары шегінде ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін арттыру, ынтымақтастық бағыттарын және жеке қаржы институттарымен бірлесіп ШОБ қаржыландыру/ортақ қаржыландыру механизмдерін кеңейту, ШОБ қаржыландыру көлемін арттыру үшін ішкі және сыртқы нарықтарда қосымша қорландыруды тарту, кәсіпкерлер үшін кеңес беру қызметінің инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ШОБ үшін біртұтас ақпараттық алаңды ендіру және қашықтықтағы консалтингті дамыту бойынша оң серпінді қамтамасыз ету күтіледі.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет