ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 3 КЕЗЕҢ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ:
Зерттеу нәтижесіндегі жетістіктерге тоқталатын болсақ:
Ең бірінші оқушылар бірлесіп жұмыс істеуге, бірінің ойын бірі түсіне білуге, бірінің білмегенін бірі толықтыруға үйренді.
Топта жұмыс істеуге, тапсырмаларды оңайынан қиынына қарай орындай білуге дағдыланды.
Өз білімдерін өздері бағалауға, біріне-бірі көмектесуге, ынтымақтастықпен жұмысқа тәрбиеленді.
Барлық оқушылар білімдері бағаланып, сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Баланың еркі оянып, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндіктері артты.
Осында жетістіктермен қатар зерттеу жұмысында төмендегідей қайшылықтар да кездесіп отырды.
Оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігін жоюда.
Мұғалімнің қағазбастылыққа тап болуы
Ата-аналар тарапынан көмектің аз ұйымдастырылуы
Өздерінің білімдерін бағалауда әлі де түрлі әдістер қолданудың аздылық етуі.
Зерттеу қорытындысы мынадай шаралармен жүзеге асырылды:
Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды жүзеге асыруда әдістемелік апталықтарда: 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сын есім тақырыбын оқыту», 1-сыныпта математика пәнінен «1-10-ға дейінгі сандар құрамы», бастауыш сыныптар апталығында өткізілген 2-сыныпта әдебиет сабағынан «Кімнің мекені жақсы» оқушыларымен ашық сабақтар өткізіліп, бірлестік отырыстарында ортаға салынды.
Қалалық ғылыми-практикалық конференцияда: «Бастауыш мектепте халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып әр түрлі деңгейдегі дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану» атты баяндама.
«12 жылдық білім жүйесіне көшудегі денсаулық сақтау технологиясы» атты конференцияға қатысып «Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудағы денсаулық сақтау ортасын жасау» баяндамалары оқылып талданды.
«Оқу үрдісіндегі білім сапасын көтеру жолдары», «Тәжірибелік зерттеу жұмысының төменгі сыныпта сабақ берудегі тиімділігі» атты баяндама педагогикалық кеңесте оқылды.
«Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру», «Деңгейлеп оқытудың маңызы», «Шығармашылық жұмыстар жетістіктері» атты бірлестік отырыстарында оқылған баяндамалар әр мұғалімнің көңілінен шықты.
Қалалық семинарларға қатысып, ашық сабақтар, іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінің директорларына арналған семинар: «Деңгейлеп оқыту технологиясын төменгі сыныпта пайдалану». Оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды құзіреттілік негізінде жүзеге асыру» тақырыбымен өткізілген семинардағы «Деңгейлеп оқуға арналған қосымша материалдар мен құралдар» атты баяндамалар.
Өздік жұмыстарға арналған деңгейлік дидактикалық тапсырмалар әзірленді:
Өзекті тақырып бойынша жұмыс жасау мерзімі
Достарыңызбен бөлісу: |