Даниэль Дефо



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі44,84 Kb.
#91578
1   2   3
Байланысты:
д.дефо

Даниэль Дефо (1660, Лондон -1731) - Ағылшын жазушысы, публицист. Атақты «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» романының авторы. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды. Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды. Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.


Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.
Бүгінгі танысатын шығармамыз «Робинзон Крузо»

Қысқаша мазмұнын мұғалімнің түсіндіруі
«Робинзон Крузо» романы1719 ж. Лондонның әдеби өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реалдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.
Даниэль Дефоның ең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға.
Жастайынан теңізді сүюші Александр Селькирк қарақшылардың кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас - а - Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді.
лғаш рет 1719 жылдың сәуірінде оқырманға ұсынылған «Робинзон Крузо» романы оның авторы Даниель Дефоның есімін мәңгілікке тарих бетінде қалдырып қана қоймай, әдебиетте, кейіннен кинематографияда «робинзонада» деген жанрдың пайда болуына әсер етті. Бұл жанр бір немесе бірнеше адамның белгілі бір себептермен елсіз аралға түскенін, олардың басынан өткен оқиғаны сипаттайды. Оған Жюль Вернның «Тылсым арал» («L’Île mystérieuse»), «Робинзондар мектебі» (L’École des Robinsons), «Екі жылдық демалыс» («Deux ans de vacances»), Редьярд Киплингтің «Джунгли кітабы» («The Jungle Book»), Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі» («Lord of the Flies»), Янн Мартелдің «Пидің өмірі» («Life of Pi») сынды туындыларын жатқызуға болады. Қазіргі таңда «робинзонадалардың» саны көп және олар Жерді тастап, ғарыштың деңгейіне шығып кеткен. Мысал ретінде Энди Уирдің «Марстық» («The Martian») деген шығармасын айтсақ болады. Бұл кітаптың желісі бойынша 2015 жылы Ридли Скотт аттас фильм де түсірген еді. 
Көзі тірісінде Даниель Дефо өзінің болашаққа қандай мұра қалдырғанын ұғынбаған болар. Бірақ туындысы көпшіліктің ықыласына бөленгенін көріп үлгерді. Кеме апатынан кейін аман қалып, 28 жыл өмірін елсіз аралда өткізген теңізші жайлы романның жазылуына не негіз болды? Сол жайында әңгімелейік.
Жалпы, Даниель Дефоның өз өмірі де шытырманға толы болған. Оның жазушы ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкер, саясаткер және тыңшы қызметтерін атқарғаны белгілі. Тіпті, Дефоның Англия мен Шотландия арасының жақындауы әсер еткен құпия агенттердің бірі болғанын растайтын деректер де бар. Сол себепті, Робинзон Крузоның түптұлғасы жазушының өзі деген болжам роман шыққан бетте ел арасына тараған болатын. Иә, Даниель Дефо кейіпкердің рухани жағдайын сипаттау үшін өзінің ішкі толғаныстарын қосқан болар, алайда, ол түптұлға емес. Бұл жайында жазушының өзі де айтады әрі Робинзон Крузо шынында болған және өзімен бір заманда өмір сүргенін растайды. Кітап кейіпкерінің түптұлғасы — Александр Селькирк есімді шотланд теңізшісі екен.
Ендеше, шын өмірдегі Робинзонның тағдырына тоқталайық. Александр Селькирк жас кезінен «Сэнк Порт» («Cinque Ports») ескекті кемесінде қызмет атқарған. 1703 жылы ол атақты Уильям Дампирдің басшылығымен Оңтүстік Америка жағалауларын зерттеу экспедициясына шығады. Сапар барысында теңізші кеме капитаны Страдлингпен үнемі ерегесіп, сыйыспай жүреді екен. Кезекті бір сөз таласы кезінде ол капитанға кеменің жағдайы нашарлағанын, оған жөндеу қажет екенін ескертеді. Бірақ Страдлинг бұл сөзге құлақ аспайды. Сол кезде Селькирк «Сендермен бұл кемеде ары қарай жүзгенше, елсіз аралда қалғаным артық», — деп ашуланады. Капитан теңізшінің айтқанын екі етпей, оны жақын маңдағы Мас-а-Тьерра аралына қалдырып кетеді. Басқалары қанша өтінсе де Страдлинг дегенінен қайтпайды. Осылайша қызуқандылығының кесірінен Селькирк елсіз аралда қалып, онда 4 жылдан астам уақыт жалғыз өзі өмір сүреді. Алғашында оның жағдайы өте қиын болады. Бірақ, қолда бар балта, мылтық, оқ дәрі және ұсақ-түйек құрал-сайман теңізшіні аш қалдырмайды. Уақыт өте ол айналасын зерттеп, ыңғайлы жерге лашық салып, аралда жүрген жабайы ешкілерді қолға үйретіп, олардың еті мен сүтін азық етіп, терісін киім тігуге пайдаланады. Тағдырдың тәлкегі болар, арада біраз уақыт өткеннен кейін аралға екі кеме келіп тоқтайды. Ол испаниялықтардың кемелері болып шығады. Селькирк адамдарға құшақ жая жүгірудің орнына, олардан тығылудың амалын іздейді. Әрине, ондай шешімді қабылдау оңайға соқпады. Бірақ, амал нешік. Бұл Англия мен Испания соғысып жатқан заман еді.

Испания кемелері кеткеннен кейін қанша уақыт өткені белгісіз, әйтеуір, 1709 жылдың 1 ақпанында Мас-а-Тьерраға тағы бір кеме келеді. Бұл ағылшындардың капитан Вудс Роджерс басқаратын «Герцог» кемесі болатын. Селькирк өз жерлестерін көргеніне қуанып, олармен бірге еліне оралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет