Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы Алисмалар, Лалагүлділер, Арецидалар 80-дей тұқымдасқа 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды.
Алисмалар
Аlіsmatіdae – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.).
Lіlііdae – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер
Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді.
Арецидалар
Аrecіdae – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған.
Тұқымы – эндоспермді.
Қосжарнақтылар (Магнолиопсидтер)
Magnolіopsіda – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі.
Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған.