7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Сабақтың мақсаты: Раушангүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасын, осы тұқымдасқа жататын өсімдіктердің гүлінің, жапырағының жіне тамырының құрылысын, олардың көптүрлілігін және маңызын білу.
Міндеттері:
1.Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерің құрылысын, көптүрлілігін және маңызын білу.
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысын біле отырып, алған білімдерін әртүрлі тапсырмаларды орындауда қолдану
Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысы тақырыбы бойынша алған білімдерін талдап, бағалауға ұсыну
Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысы тақырыбы бойынша ойларын жинақтап, өмірде пайдалана алу.
Күтілетін нәтиже:
1.Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерің құрылысын, көптүрлілігін және маңызын біледі.
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысын біле отырып, алған білімдерін әртүрлі тапсырмаларды орындауда қолданады.
Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысы тақырыбы бойынша алған білімдерін талдап, бағалауға ұсынады.
Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысы тақырыбы бойынша ойларын жинақтап, өмірде пайдалана алады.
Қолданылатын модульдер: «Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық»
Кедергі болатын қандай негізгі қиындықтар бар? Оқулықтың жетіспеуі.
Әдіс –тәсілдер: «Топтастыру», «Бір қадам артқа», «Сұрақты ұстап ал», «Миға шабуыл», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Түртіп ал», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Сызықтық диктант», «Сұрағы бар қорап»,«Бағдаршам»
Сабақ уақыты
|
Кезең, оның мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау
|
Ресурстар
|
5 мин.
|
Кіріспе
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Топтастыру»
Топқа бөлу
|
Оқушылармен амандасу
Топтарды бір – біріне жақсы тілек айтуға шақыру
Сурет қиындыларын тарату
Бағалау парақтарын тарату
|
Мұғаліммен амандасады.
Бір – біріне тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Сурет қиындылары бойынша жаңа топтарға бөлінеді. Топтың атын қояды. Топ басшысын тағайындайды. Бағалау парақтарын алып, топ мүшелерін жазады.
|
Ауызша мадақтау:
Тамаша!
Жарайсыңдар!
|
Сурет қиындылары
|
10 мин.
|
Тұсаукесер
«Бір қадам артқа»
«Сұрақты ұстап ал»
|
Сұрақтар қою:
Өткен сабақта қандай тақырып оқыдық?
Крестгүлділер тұқымдасын неліктен шаршыгүлдідер деп те атауға болады?
Крестгүлділер тұқымдасына қандай өсімтер жатады?
Крестгүлділер тұқымдасы қандай класқа жатады?
Өткен тақырып бойынша оқушыларды шеңберге орналастырып сұрақтар қоюға шақыру.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Өткен тақырып бойынша бір – біріне сұрақтар қояды.
Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады.
|
Смайликтер беру
|
Бағалау парағы, смайликтер
|
20 мин.
|
Негізгі бөлім
«Миға шабуыл»
«Көршіңе әңгімелеп бер»
Рефлексия
«Ойлан, жұптас, бөліс»
«Түртіп ал»
Сергіту сәті
|
Жаңа тақырып анықтау үшін сұрақтар қою:Алма, алмұрт, итмұрын, раушан гүлі туралы естігендерін барма?олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Осы сұрақтар бойынша тақырыпты табу.
Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазғызу. Тақырыптың мақсатын құруға шақырады.
Әр топқа жаңа тақырыпты бөліктерге бөліп беру.
Тапсырмасы бар қағаз қиындыларын оқушыларға тарату. Жаңа тақырып бойынша әр жұпқа тапсырма беру: 1. Ғаламшарында және елімізде раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің саны қанша? 2. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің өсу формалары қандай? 3. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары қандай? 4. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері қандай болады және жемістері қалай таралады? 5. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлшоғырлары және гүлсеріктері қандай болады? 6. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлінің формуласы қандай?
7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай өсімдіктер жатады? 8. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай пайдасы бар? 9. Раушангүлділер тұқымдасының қандай туыстары болады?
Дәптерлеріне тапсырмаларды орындату
Әуен қосу, бір оқушыны ортағаы шығару.Оқушыларды би қимылдарын жасауға шақыру.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты табады.
Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазады. Тақырыптың мақсатын құрады.
Берілген мәтін бөлігін оқиды. Топта талқылайды. Көршілеріне түсіндіреді. Әр топтан бір оқушы сыныптастарына түсіндіреді.
Берілген тапсырма бойынша оқушылар жұптарға бірігеді де, тапсырманы орындайды.
Дәптерлеріне жазғаннан кейін әр жұп тапсырмаларын тақтаға жазады.
Бір оқушы ортаға шығып би қимылдарын көрсетеді. Қалған оқушылар да қайталайды.
|
Ауызша мадақтау:
Өте жақсы!
Дұрыс айтасыңдар!
Жарайсыңдар!
Керемет би!
Жарайсыңдар!
|
Дәптер, оқулық
Тапсырмалар жазылған қағаз қиындылары
Әуен
|
10 мин.
|
Қорытынды
«Сызықтық диктант»
«Сұрағы бар қорап»
Рефлексия парағы
Үйге тапсырма
|
Жаңа тақырып бойынша әр топқа тапсырма беру: Сызықтық диктант.
Дұрыс берілген сөйлем тұсына «+», ал қате берілген сөйлем тұсына «-»белгісін қойыңдар.1.Елімізде раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің 35 түрі бар.(+)2.Раушангүлділер тұқымдасы дара жарнақтылар класына жатады.(-)3.Раушан майы өте бағалы май.(+).4. раушангүлділердің жемістері тек шырынды.(-).5.раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерде 5 күлте, 5 тостағанша жапырақша болады. (+)6.Ғаламшарымызда раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің 3000 түрі бар.(+)7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер-бұталы, шөптекті өсімдіктер. (+)8. Раушангүлділердің тек күрделі жапырақты өсімдіктер. (-)
Ортаға қорап қою. Сабақ барысында туындаған сұрақтарды жазғызу. Осы жазылған сұрақтарды келесі сабақта талқылайтындарын ескертеді.
Сабақтың ұнағанын, көңіл-күйін білдіретін рефлексия парағын тарату.
Үйге тапсырма беру: Раушангүлділер тұқымдасы
|
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Берілген сөйлемдерді оқып, талқылайды. Сәйкес белгілерді қояды. Тапсырманы орындап болған соң әр топ екі сөйлемнен оқиды.
Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып, тапсырады
Сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарын жазып, қорапқа салады.
Жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін, бүгінгі сабақ барысында алған әсерлерін рефлексия парағына жазып мұғалімге береді.
Күнделікке үй тапсырмаларын жазады.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |