Дарынды балаға жаңашыл ұстаз



Дата08.09.2017
өлшемі179,35 Kb.
#30520
Дарынды балаға жаңашыл ұстаз

Бейсенова М.Б., Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

жоғары санатты анатомия, биология пәндерінің

оқытушысы, І деңгей
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,

қандай істі болсын бар ынтасымен

атқара білуі керек.

(В.Маяковский)


Бірінші деңгей бағдарламасының түйінді идеясы мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болумен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.[МАН 4 бет] .

Мұғалімдер пәнге жаңа тәсілдерді енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеу керек.

Коучинг – (ағылшын.coashing) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.Оның барысында қолданыстағы оқу тәжірибесін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.

Мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг (тренер) тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу – бірінші деңгей бағдарламасының түйінді функцияларының бірі. Коучинг адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашады. Осы жаңа форматтағы оқу үдерісі арқылы оқушының өз ойын еркін айтатын, өзіндік дәлелдерін нақты айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған және бірнеше тілдерді меңгерген, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгерген оқушы ретінде дайындауымызға бағыт береді.

Тәлімгерлік- (mentoring) ұзақ уақытқа созылытын, тәлімгер(тәжірибелі, озы педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі азпедагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі.Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен,тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.[МАН 37 бет]

Мен 2014-2015 оқу жылының білім сапасы туралы қорытындысын негізге ала отырып, оқытушылар оқытудың жаңа тәсілдерін үйрету қажет деп шештім. Заман талабына сай әрбір оқытушы сабақ беру әдіс-тәсілдерін тиімді бағытта өзгертулері тиіс. Менің ойымша оқытушылардың біліктілігін арттыра отырып, сол арқылы студенттердің білім сапасын көтеру керек. Мектепте мұғалімдерге білім сапасын арттыру мақсатында қолданатын әдіс – тәсілдерді бірінші, екінші деңгей мұғалімдері коучинг жүргізу барысында тәлім алушыға, жалпы мұғалімдерге түсіндіре, көрсете отырып үйрету керек. Сондықтан да даму жоспарымның тақырыбын анықтап алдым.

Сауалнаманы талдағаннан кейін шыққан қорытындыға байланысты мектебімнің даму жоспарын «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді білім сапасын арттыруда қолдану » деп алдым. Осы бағытта құрылған мектепті дамыту жоспары төмендегі мақсатты және шараларды қамтиды:

Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді білім сапасын арттыруда қолдану.

Мақсаты: Коучинг арқылы мұғалімдерге жаңа форматта сабақ өту, сабақта Lesson Study тәсілін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға деген көзқарасын өзгерту.

Міндеті: Мұғалімдерді жаңа методиканы қолдануға, ізденіске және жаңа идеялар айтуға тәлімалушының кәсіби шеберлегін қалыптастыру, идеялары мен бастамаларына қолдау жасау.

Мен іс-әрекет жоспарыма сәйкес алғашқы коучингімнің тақырыбын: «Оқыту мен оқудағы кедергілер» деп алдым. Бұл коучингті өткізуге ІІ деңгейді оқып келген мектебіміздің инновация жөніндегі орынбасары Зоя Кимбаевна Туляева көмектесті.Менің мектепке келіп тәжірибе өткізетін кезім жылдың басына тап болды.Сондықтан болармаған бірнеше кедергілер кездесіп отырды. Сода да сол кедергілерден шығуға тырыстым. Алғашқы коучингке мұғалімдер түгел келе ме, келсе неше мұғалім келеді деген ойларым болды. Сондықтан да мен «Не істеуім керек?» деп ойлап, алдымен коучинг өткізетін кабинетті тартымды етіп дайындауға кірістім. Мұғалімдерге арнап коучинг тақырыбын көрсете отырып хабарландыру жаздым. Алғашқы коучингке он екі мұғалім келді.

Коучинг мақсаты: Оқыту мен оқудағы кедергілерлерді тәжірибе арқылы жою жолдарын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқытуда қандай кедергілердің болатынын және оларды қалай жоюға болатыныны біледі.Оқушыларға оқудың жолдарын үйретеді.

Зоя Кимбаевна мұғалімдерді екі қатарға тұруды өтінді. Содан кейін «Өзендегі жоңқаларды» айтып, мұғалімдердің де осы жоңқа болуын сұрады. Жоңқалар өзен ағысымен ағып келеді. Оған әртүрлі кедерглер кездесіп жатыр, бірақ сонда да жоңқа ағып өтті. Мұғалімдер өз рольдерін ойнап шықты. Зоя Кимбаевна олардың отыруларын сұрап, отырғаннан кейін конфет арқылы топқа бөліп қайта отырғызды.Ойыннан кейін мұғалімдер ағып келе жатқанда андай кедергілердің кездескендігі туралы ой бөлісті.Сосын мұғалімдерге мынадай сұрақ қойды:

- Сіз жүзіп келе жатқанда қандай сезімде болдыңыз? Осы жаттығуда оқушылар қалай сезінер еді?(Мұғалімдер ойларымен бір-бірімен бөлісті).

Зоя Кимбаевна «Көбелектің нәтижесі» мысалын көрсетті. Қысқаша айтар болсам, көбелек қуыршақ күйінен жарып шықпай тұрғанда бала жарып оны шығарады, көбелек өліп қалады. Баласы әкесінен сұрайды, неге көбелек өліп қалды деп.

Сұрақ : Әкесі баласына қалай жауап берді?

Жауабы:Көбелек пілләні, өмірде өмір сүру қажетті күш жинау үшін, өзі жарып шығуы керек еді деп жауап береді.Бізге де өмірде кездесетін қиыншылықтар, өмір сүру үшін күресуде қажет.Сол арқылы қиыншылықтарды қалай жеңуге болады, өмір сүрудің жолдары қандай екенін білеміз.Біз де өмір де көмектесеміз деп білмей бүлдіріп алып жатамыз.Зоя Кимбаевна кедергіні қалай түсінесіңдер деген сұрақ қойды.Түсініктерін постерде көрсетуді өтінді.Мұғалімдер өз ойларын постерге түсіріп, сол арқылы көрсетіп, бір-бірімен ой бөлісті. Осыдан кейін рольдерге кіріп кедергін жою жолдарын көрсетті.Арасында сергіту сәті болды. Осы тәжірибеден өзіңізге не алдыңыз, оқушыларға қиындықтың шығар жолын көрсетуге болады ма екен деген сұрақтарға кері байланыс болды. Қатысушылар «Кедергіні жеңе аласыз ба?» деген сауалнаманы орындады.Соңында қатысушылар: «Барлығы түсінікті, мен бұны тәжірибемде қолданамын», «Қолдануға болады, бірақ сұрақтарым бар», «Мен үшін қиын»деген стикерлерді жазып тақтаға ілді.

Бұл коучинг арқылы мұғалімдер сыныпта оқушылардың оқуына не кедергі болатынын, жақсы оқитын оқушылар өмірде қандай ұстанымды қолданатынын және мұғалімдер оқушыларға өмірдің тиімді жолдарын, пайдалы жақтарын қалай үйрететінін анықтау, керек болса көмек беру. Сабақтан кейін қатысушылар шаршап тұрса да, коучинг кезінде сергек, көңілді отырды. Коучинг қызықты, өз дәрежесінде өтіп мәресіне жетті деп ойлаймын.Видеоға, суретке түсіріліп аланды.

Екінші өткізілген коучингтің тақырыбы «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауға». Себебі мұғалімдерге және оқушыларға берілген сауалнамаларда бір бөлім осы бағалауға арналған болатын, осы бөлімдердің қорытындысы оқыту мен оқу барысында бағалаудың толық мәнінде жүргізілмейтіндігін көрсетті.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.

Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

/МАН, 25-бет/



Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым –қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды:белсенді тыңдай білу,тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған.Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп,қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық,адалдық танытуға дайын болады (Garren-Harris&Garvey,2005,МАН 81 бет).

Тәлім алушыны таңдау барысында Барнстың (1971) «сыныпта тіл қанша-лықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді» деген ұстанымын дәйек ете отырып, математика пәнінен сабақ беретін жас маманмен кездестім. А.С. Жолбаева жаңа әдіс тәсілдер туралы айтып,сұхбаттастым және одан тәлім алушы болуға келіседі ме екенін сұрадым.Айғаным Сырлыбекқызы біздің мектебіміздегі ізденімпаз,жаңашыл ұстаздарының бірі.Оның жұмыс өтілі 3 жыл.категориясы жоқ. Айғаным Сырлыбекқызы өзінің осы оқу бағдарламасын үйренгісі келіп жүргенін және тәлім алушы болуға келісетінін айтып өтті. Ол менің тәлімгерлік етуімен тәлімгерлік тәжірибеден өтті. Осы тәжірибе барысында тәлім алушы мен екеуміздің арамызда жылы, жақсы қарым –қатынас орнап, белсенді жұмыс жасадық. Алдымен тәлім алушымды нұсқаулық-тармен таныстырдым, жұмысты қалай, неден бастау керектігін түсіндіріп, бағыт-бағдар бердім.Алдымен зерттеуге алатын сынып пен оқушыларымызды анықтап алдық. Зерттеуге 9 – сыныпты алдық. Сонымен бірге осы сыныптан білім деңгейі әртүрлі үш оқушыны да зерттедік. Айғаным Сырлыбекқызы екеуміз келісе отырып , Жеті модульдің бір тармағы- топтық жұмыс әдісі бойынша жұмыс жасадық .Алдымен оған бұл әдіс туралы жете түсіндірдім.Содан кейін өзгертілген сабақ жоспарын бағдарлама материалдарына сүйене отырып, бірлесе жасадық.Тәлім алушыма алғашында бұл әдіс, жоспар құру түсінікті әрі жеңіл көрінгенмен, бағалау кезеңіне келгенде біраз қиналды. Менің көмегіммен, түсіндіруіммен «бағалау» деген баланы бағалау емес, оқытуды яғни тақырыпты, өтілген материалды бағалау екенін түсінді.Осы тәсілді үйрену барысында менің қалай бағалау керектігін айтқан ақпараттарым, балалар оқытуды бағалау үшін түрткі болатын сұрақтарды қалай қою керектігі туралы тапсырмаларының көп пайдасы тиді.

Сабақ барысында оқушылар бойында біраз өзгерістерді байқадық. Балалардың белсенділігі артты, сабаққа деген қызығушылығы оянды. Айғаным Сырлыбекқызы бұл әдістің тиімді екеніне алғашқы сабағында –ақ көзі жетті. Сыныбында алғашқы кезде топтық жұмыстың барысы шуға ұласқан жағдайда, күлкінің басымдығы да орын алып жатты. Бірақ келе-келе балалар сабақ мақсатын өздері айқындап, өздері жаңа сабақты түсіну үшін жұмыс жасаған сәтте жауапкершілікті сезіне білгеннің арқасында сабаққа көңіл аударып, өз жұмыстарына байыпты қарауды үйренді. Флипчартпен жұмыс жасағанда немесе тапсырма орындағанда балаларға уақыт беріліп, сол межеде жұмысты аяқтау керектігі жөнінде талап қоюына тура келді. Себебі, бастапқы кезде сәл кешеуілдеп орындаған тапсырмалары да болды. Бұл жаңа сабақты өтуге немесе тапсырмалар орындауға уақыт тапшылығын сездірді. Кейін келе бұл мәселе уақытқа бағынуға тырысқанның нәтижесінде өзінің оң шешімін тапты. Міне, осындай балалармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған жұмыс тәлім алушымның сабақ үдерісін жақсартуға ықпал етті.



Балаларға топтасып жұмыс жасау ұнағанын, олардың бір-бірімен ақылдасып, көмектесіп отырғандарын байқап, қуанды. Мен де күнделікті сабақ барысында мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныпта оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым – қатынас құзыреттілігін және пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға жол ашатынын байқадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет