«Бекітемін»
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
----------------------------Л.Ш.Утеулиева
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты аудандық
педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы жаңа формациялы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім берудің Тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
2. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты аудандық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің дайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған ережеге сүйенеді.
3. Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады.
4. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі педагогикалық олимпиаданы ұйымдастырады.
6. Ұйымдастырушы:
1) Педагогикалық олимпиаданың өткізілетіндігі туралы барлық аудандық білім бөліміне қарасты мекемелерге хабарлайды;
2) Педагогикалық олимпиаданың ұйымдастыру және сараптау комиссияларын тағайындайды;
3) Педагогикалық олимпиадаға ұсынылған құжаттармен, сараптамалық парақтармен бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша алдын-ала түсінік жұмыстарын жүргізеді;
4) Педагогикалық олимпиаданың қорытындыларын рәсімдейді;
5)Педагогикалық олимпиаданың қорытындыларын қатысушыларға, жалпы педагогикалық көпшілікке жариялайды.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Олимпиаданың мақсаты: жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың бағыттары:
педагогтардың педагогикалық қызметте өзін-өзі анықтау бағдары;
педагогтардың білім беру мекемелерінің болашақтағы дамуына бағдары;
білім беру мекемелерінде жаңаша өзгерістер кезінде педагогикалық қызметтің дамыту процесіне мұғалімдерді енгізу;
шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату;
педагогика саласындағы шығармашыл жастарды қолдау.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:
педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру;
жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру;
жас педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру;
инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыру;
жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және анализ жасауына, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту;
жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу.
Педагогикалық олимпиадаға қатысушылар
1. Педагогикалық олимпиадаға білім беру ұйымдарының штаттағы жас педагогтер,психологтар мен тәлімгерлер болып табылатын, еңбек өтілі 1-5 жылды құрайтын білім қызметкерлері қатыса алады.
Педагогикалық олимпиаданың өткізілу кезеңдері
1. Байқау аудандық 2017 жылдың 17 сәуір күні өткізіледі;
Педагогикалық олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары
1. Аудандық байқауға қатысу үшін төменде аталған құжаттар 2017 жылдың 14 сәуіріне дейін әдіскер Н.Р.Дарханбековаға жіберілуі тиіс:
2) байқауға қатысушының ақпараттық картасы (қосымша 1) мен аналитикалық есебі (қосымша 2).
Педагогикалық олимпиаданың өткізілу барысы
1. Визиткалық карточка «Педагогикалық дебют» (өзін-өзі таныстыру)
Заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну.
Берілетін уақыт: 10 мин.
Бағалау критерийлері:
Педагогикалық шеберлік (1-10 ұпай)
- шығармашылық жұмысты ұсынуда дайындық деңгейі;
- өз кәсіби қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне талдау жасай білу;
- ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалануы;
- ауызша сөулеу қабілеті (мәнерлілігі, айқындылығы, көркемділігі, сауаттылығы);
Әртістілігі (1-10 ұпай)
- импровизациялық қабілеті;
- аудиториямен байланыс ықпалының деңгейі.
Жалпы мәдениет (1-10 ұпай)
- эрудициясы;
- қалыптан тыс ойлауы;
- коммуникативтілік мәдениеті.
Педагогикалық шеберлігі (1-10 ұпай)
2.Панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы»
Берілетін уақыт: 20 мин.
Панорамалық сабақ немесе жоба барысында педагогтер практика жүзінде өзінің жұмыс жүйесінің негізгі идеясын, кәсіби құзіреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтілік мәдениетін, өткізілетін сабақтық эстетикасын, оқу процесін талдай білуін жүзеге асыру.
Сандық білім беру ресурстары ұсынылуы мүмкін: анимациялар, аудио-бейне материалдар, графикалық нысандар, презентациялар, электрондық оқу модулдары, электрондық жаттықтыру ойындары, электрондық жаттығу құрылғылары.
Бағалау критерийі:
Құзіреттілігі (1-10 ұпай)
- әдістемелік сауаттылық;
- білімнің фундаменталдығы;
- ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдануы;
- тапқырлығы;
- сабақ кезіндегі психологиялық ахуал;
- оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануы, сабақта интернетпен жұмыс жасай білуі.
Стилі (1-10 ұпай)
- сабақтың гуманистік бағыты;
- коммуникативтік мәдениеттілігі.
Рефлексивтілігі (1-10 ұпай)
- конкурсқа қатысушының жұмыс тақырыбы мен оның дәйектілігі бойынша жеке ұстанымы;
- педагогикалық инструментарийді және білім беру процесін ұйымдастыру тәсілін таңдаудың дәлелділігі;
- өзінің жетістік деңгейін анықтау қабілеті.
Нәтижелілігі (1-10 ұпай).
3. Портфолио (қағаз және электрондық түрде болуы тиіс):
Қатысушының ақпараттық картасы (қосымша 1)
Фотосурет (10 х 15 портрет)
Аналитикалық анықтама (қосымша 2), құжат 15 беттен аспауы тиіс.
Рефлексивті талдамасы бар өзінің жеке сабағының жоспары.
Педагогтың шығармашылық жетістіктерінің сараптамалық бағалауы, пікірлері, рецензиялары, ұсыныстары.
«Менің қызығушылықтарым».
Оқушылар мен тәрбиеленушілердің, жас мамандардың жетістіктерін дәлелдейтін сертификаттар, дипломдар т.б. құжаттардың көшірмелері.
Жас педагогтың жұмыс (сабақ) және басқа да іс-шаралар барысындағы фотосуреттері (кемінде 15 дана).
Портфолио Microsoft Power Point үлгісінде ұсынылуы мүмкін (портфолио презентациясы 12 слайдтан аспауы тиіс)
Бағалау критерийі:
- жүйелілігі;
- дәлелділігі;
- кәсіби қызметтің динамикасы;
- материалдың жан-жақтылығы;
- материалдардың сенімділігі,
- мүдделердің бағыттылығы;
- құжаттардың талапқа безендірілуі.
Педагогикалық олимпиаданы қорытындылау
1. Педагогикалық олимпиаданың кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпазы анықталады.
2. Байқаудың жеңімпаздары (бас жүлде, 1,2 және 3 орын иегерлері), Алғыс хаттармен марапатталады.
қосымша 1
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты аудандық педагогикалық олимпиадасына қатысушының
Ақпараттық картасы
Жалпы мәліметтер
|
1
|
Аты-жөні, тегі (толық)
|
|
2
|
Туған күні, айы, жылы
|
|
Байланыс
|
3
|
Мекен-жайы
|
|
4
|
Телефоны: жұмыс, үй, ұялы
|
|
5
|
Электронды поштасы (жұмыс, жеке)
|
|
6
|
Интернеттегі жеке сайты
|
|
7
|
Интернеттегі мектеп сайты
|
|
Білімі, біліктілігі
|
8
|
Бітірген оқу орны (толық атауы), факультеті, дипломы бойынша мамандығы, аяқтаған жылы
|
|
9
|
Біліктілік арттыру курстары (база, курстардың атауы, сағат саны)
|
|
10
|
Магистратура (оқу ұйымы, бағыты)
|
|
Жұмысы
|
11
|
Жұмыс орны (толық атауы, устав бойынша), қызметі
|
|
12
|
Жалпы жұмыс өтілі
|
|
13
|
Педагогикалық жұмыс өтілі
|
|
14
|
Пәні
|
|
15
|
Апталық жүктемесі
|
|
Ғылыми, әдістемелік жұмыс
|
16
|
Жеке әдістемелік тақырыбы
|
|
17
|
Ғылыми жұмысы
|
|
18
|
Басылымдар, мақалалар
|
|
19
|
Авторлық педагогикалық әзірлемелер, бағдарламалар
|
|
20
|
Әдістемелік бірлестік, кафедра мәжілісінде, педагогикалық кеңестерде, ғылыми-практикалық конференцияларда жасаған баяндамалары/күні, баяндама жасау форматы, тақырыбы/
|
|
21
|
Кәсіби конкурстарға қатысу
|
|
Қоғамдық жұмыс
|
22
|
Үкіметтік, салалық, қоғамдық және халықаралық марапаттары (атауын және марапатты алған жылын көрсету керек)
|
|
23
|
Қоғамдық ұйымдарға мүшелілігі (атауы, ұйымға кірген жылы)
|
|
Әуестігі
|
24
|
Әуестігі
|
|
Отбасы
|
25
|
Отбасылық жағдайы
|
|
26
|
Балалары (балалардың атын және жасын көрсету)
|
|
|
27
|
Конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдадым, өйткені…
|
|
28
|
Күні
Қатысушының қолы
|
«____» _______________ 201… ж.
________________ толық АЖ
|
29
|
Дата
Мекеме жетекшісінің қолы
|
«____» _______________ 201… ж.
________________ толық АЖ
М.П.
|
қосымша №2
Аналитикалық анықтама келесі бөлімдерден тұруы керек:
сіздің педагогикалық кредоңыз;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесінің талдамалары;
педагогтың шығармашылық зертханасы (бағдарлама, ОӘК, технологиялар, жұмыста пайдаланатын әдіс-тәсілдер; дәстүрлі әдістерге енгізілетін педагогикалық әзірлемелердің, жаңашылдық элементтері);
жеке педагогикалық іс-тәжірибенің республика, облыс, қала (аудан) көлемінде тарату және жинақтауда алғашқы қадамы.
Достарыңызбен бөлісу: |