Сабақ жоспары Мектептің әдістемелік тақырыбы: Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы



Дата07.05.2017
өлшемі135,08 Kb.
#15866
түріСабақ
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы:

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы:

Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы:

Күні:

Сынып:7



Сабақ тақырыбы:

Ас- адамның арқауы

Мақсаты

Міндеттері:




Тамақты асықпай іш!

Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету;

Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру;
Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

  • сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сілтеме:

Қазақ тілі (оқулық) 7-сынып

Жетістік критерийлері(күтілетін нәтижелер)

Негізгі және көмекші сөздерді тауып, өз бетімен жұмыс істей алады;

Тамақ тақырыбында әңгімелей алады;



Ойын анық жеткізе алады.


Негізгі түсініктер:




Сабақта қолданылатын материалдар:

Кітаптар, әдістемелік-дидактикалық құралдар

Оқытуәдістері:

Түсіндіру әдісі, ынталандыру әдісі, баяндау әдісі

Дереккөздері:





Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер



Сабақтың басы

2 мин



Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

  • Сынып тазалығын тексеру.
    Оқушылардың назарын өзіме аудару.

Қызығушылықты ояту
Ас дастарханға қалай келеді?(оқушылардың пікірін тыңдау)






Мағынаны тану
5 мин

Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп бола-ды.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.




  • Негізгі және көмекші сөздер.

Қазақ тіліндегісөздер мағынасы мен қызметіне қарай негізгі сөздер және көмекші сөздер болып бөлінеді.

Негізгі сөздер дегеніміз - лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алатын сөздер. Мысалы: (мен, кітап, қызыл, кеше, жазу, суық, жазу, т.б)

Көмекші сөздер дегеніміз - дербес лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемде өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер.Мысалы: (үшін, тағы, туралы, қарай, соң, бері, немесе, себебі, сондықтан, ғана, т.б






Сабақтың ортасы
10 мин

7 мин

10 мин



1.Тапсырма.

Жаңа сөздермен жұмыс. (оқушылар төменде берілген сөздердің аудармасын табады.)


Сөздік

Тамақ - еда, пища

өсімдік -растение

Ағза -организм

сұйық май –растительное масло

Ақуыз -белок

құрам - состав

көмірсутек -углеводород

тәулік -сутки

қамтамасыз ету –обеспечитьн

нан - хлеб

 асыл дәм – прекрасный вкус

 жасынан – с детства

 шашпаңдар – не бросайте



2. Тапсырма.

Нан, сүт, құрт, ірімшік, айран сөздерін септеңдер?

Үлгі:


  • Атау: нан

  • Ілік: нанның

  • Барыс: нанға

  • Табыс: Нанды

  • Жатыс: нанда

  • Шығыс: наннан

  • Көмектес: нанмен


3. Тапсырма. (мәтіннен негізгі және көмекші сөздерді тауып жазу)

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айна­лысатын диетология қалыптасқан.  Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады







5 мин

«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды.

3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің.
4.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
5.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
6.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.





Сабақтың соңы

5 мин


Бағалау. Мұғалім бағалайды.

  • Не білдім?

  • Не маңызды?

Не түсініксіз?



Үйге тапсырма


 «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына шағын мәтін құрастыру.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет