Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты



Дата31.12.2019
өлшемі174,69 Kb.
#54977
Қазақ ұлттық өнер университетінің

дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты




Сынып сағаты


Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы!




Сынып жетекшісі:Абдрахманова Мейрамкуль Кузыряевна

Келісілді: _______________

Мектеп тәрбие

бөлімінің менгерушісі:

Табешев Х.Б.



« ___» __________ 2016 жыл

АСТАНА қ.

3 «А» сыныбы

Тәрбие сағаты №

Күні: 30.11.2016 ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген Елбасы!

Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру.

Міндеті:

Білімділік: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту;

Дамытушылық: Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру;

Тәрбиелік: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә. Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Кіріспе: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Елін сүйген Елбасы!».

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
ІІ.Негізгі бөлім. (30 мин.)
Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жолдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым дер, балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
Видео-слайд көрсетіледі.

-Н.Ә. Назарбаев кім?



Мерей: Ол – еліміздің басшысы, халқымыздың жанашары, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Шәкәрім: Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған.

Аяжан: Н. Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты ,әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Нұрдаулет: Нұрсұлтан ата – ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
Мұғалім: Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі – Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі – Нұр, тағы бірі – Сұлтан. Анасының аты – Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.


Нұрсая:

Нұрсұлтан ата, құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Рамина:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Зара:

Ұл елдің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге туған елді,

Жастарға жалын бердің білім қуған.
Мерей:

Отан деген – әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім – мақтанышым, тірегім.

Сынып оқушыларының орындауында: «Бала арманы» әнін тыңдайық.
Ақнұр:

Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – дей келе
3 сынып оқушылары дайындаған күйге кезек берейік.

Күй: «Саранжап»-Қаиржан Индира,

Наурызханұлы Шәкәрім.



Аружан:

Әйнегі – күн шатыр – аспан,

Кең дала, төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан – Республикам менің.
Әдия:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным – Қазақстаным!

«Қазақтай ел қайда?» әні орындалады.
Әмина:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,



Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
Жайна: Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері. (слайдпен көрсетіледі)
Шәкәрім: Бұл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Әмина: Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Аида: Салтанаты жарасқан қаласы бар, ұшан-теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
Нұрдаулет: Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Әдия: Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір.
Қобыланды: Көп ұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Зара: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
Дамели: Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы – білімді жастармен, – дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
ІІІ.Қорытынды бөлім. (10 мин.)
Әлихан:

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Ән: «Мен қазақтың қызымын»-орындайтындар: Мерей, Әдия, Индира.
Мұғалім: Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтарға жауап берсек.

Викториналық сұрақтар: (слайдпен көрсетіледі)
1. Қ. Р – ның президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды? (4 пен 5 – ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілеттер бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 желтоқсан)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды? (өйткені бұл күн президент сайлау күні болды).

Нұрхан: Сіз – әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби, үлкен – кіші, кәрімізге.

Сіз – басшы, халқың – қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,



Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Индира:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Мұғалім: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!дей келе, «Елін сүйген Елбасы!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0fa0
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa0 -> Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
0fa0 -> Сабақ негізделген оқу мақсаты
0fa0 -> «Жас сақшылар» отрядының жылдық тақырыптық жұмыс жоспары
0fa0 -> Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты
0fa0 -> Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы. Мақсаты
0fa0 -> Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің қара және түсті металлургиясы
0fa0 -> Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын меңгерту. Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жай
0fa0 -> Сабақ барысында
0fa0 -> Сабақтың тақырыбы Менің елім- Қазақстан. Нәтиже сабақ Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет