Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 11 «Б» сынып оқушысы Абдыхамитов Торежан Кайратовичке Мінездеме



бет1/3
Дата23.01.2023
өлшемі18,37 Kb.
#166197
  1   2   3
Байланысты:
СПИСОК ВОЕНКОМАТ МІНЕЗДЕМЕ


Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 11 «Б» сынып оқушысы Абдыхамитов Торежан Кайратовичке


Мінездеме

Абдыхамитов Торежан Кайратович 14 ақпан 2005 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді, осы аталған лицейде 2015 жылдың қыркүйегінен бастап оқиды. Ол – сыныптағы үздік оқушылардың бірі, лицей мақтанышы. Қазіргі күнге дейін ол өзінің ақылдылығы мен табанды оқуымен келесі жетістіктерге жетті:


2017-2018 оқу жылында облыстық «Жыланды» олимпиадасы, математика пәнінен 3 орын, 2018-2019 оқу жылында «Эйлер» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, сертификатпен марапатталды, 2019-2020 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында математика пәнінен 2 орын, 2020-2021 оқу жылында математика пәнінен Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадада 1 орын, 2020-2021 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында математика пәнінен 3 орын, 2020-2021 оқу жылында ХХХІІІ Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасынан 3 орын иеленді.
Төрежан әрдайым достарының басына қандай іс түссе де, жанынан табылып, өз кеңесі мен қолдауын көрсете алады. Ол - адал, мейірімді, досшыл жан. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары оқушылардың бірі.Үнемі ізденіп өзін дамытып отыратын ол, аталған қасиеттерге қоса, көркем әдебиетті де сүйіп оқиды, спортқа да бейім оқушы. 5-сыныптан бастап математика пәнінен олимпиадаға дайындалып келеді. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жоғары деңгейде дамыған. Пәндер ішінде биология, химия, физика және дене шынықтыру пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақтан себепсіз қалмайды, алдына қойылған талаптарды орындайды. Осы аталған мәліметтерге сүйене отырып, болашағынан үлкен үміт күтемін және жақсы адал азамат болатынына сенімім мол.
Лицей директоры Галиева М.Б


Сынып жетекшісі Жақиянов А.Ж.
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Досжан Жанайдар Қанатұлына


Мінездеме

Досжан Жанайдар Қанатұлы 24.07.2005 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді, осы аталған лицейде 2015 жылдың қыркүйегінен бастап оқиды. Ол – сыныптағы жақсы оқушылардың бірі.


Досжан әрдайым достарының басына қандай іс түссе де, жанынан табылып, өз кеңесі мен қолдауын көрсете алады. Ол - адал, мейірімді, досшыл жан. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары оқушылардың бірі.Үнемі ізденіп өзін дамытып отыратын ол, аталған қасиеттерге қоса, көркем әдебиетті де сүйіп оқиды, спортқа да бейім оқушы. 5-сыныптан бастап информатика пәнінен олимпиадаға дайындалып келеді. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жоғары деңгейде дамыған. Пәндер ішінде биология, химия, физика және дене шынықтыру пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақтан себепсіз қалмайды, алдына қойылған талаптарды орындайды. Осы аталған мәліметтерге сүйене отырып, болашағынан үлкен үміт күтемін және жақсы адал азамат болатынына сенімім мол.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет