Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме)



Дата17.06.2018
өлшемі33,21 Kb.
#43033
Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).

Қазақстан    Республикасының    “Білім     туралы”   заңының    5-тарауындағы   41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. 

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі»

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.


Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. 

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”. 

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:


·        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
·        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
·        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·        Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

         Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар-міндеттер:


·        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
·        оқушы дарындылығының моделін білу;
        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
·        дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·        дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

·        дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;


·        дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
·        оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·        дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·        дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
·        дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

         Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. 

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

         Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:


1.   Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.   Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.   Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттерді, схемаларды пайдалану;
4.   Техникалық құралдарды тиімді қолдану.
5.   Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
6. Сабақта оқушылардың өзіндік мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы жаңа сабақты игеруге дайындау.

         Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.


          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар: білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.

Жұмыстың бағыттары:


  • Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау

  • Дидактикалық талаптарды тиімді пайдалану және жауапкершілікпен жүзеге асыру;

  • Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен қазақ тілі сабағында жұмыс істеу;

  • Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар.


Жұмыстың әдістері: 



  • Анкета, сұрақтар қою;

  • Сауалнама:

  • Әңгімелесу;

  • Тестілеу;

  • Топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыстар;

  • Әдебиеттерді қарастыру;

  • Шығармашылық жұмыстар;

  • Жобалау әдісі;

  • Алдын-алу әдісі;

  • Мәселе шешу әдісі;

  • Синквейн.


Жұмыс түрлері: 



  • сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

  • факультатив;

  • үйірме жұмысы;

  • уақытша топтарды жасау;

  • өз-өзіннің білімін көтеру;

  • пән апталықтарын өткізу;

  • ғылыми-практикалық конференциялар;

  • олимпиадалар;

  • интеллектуалдық марафон.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
2015-2016 оқу жылы





Оқушының аты-жөні:

Сыныбы

Мекен-жайы

Телефоны

1

Жолбарсханова Дарияна

2 «Б»







2

Смагулова Самира

2 «Б»







3

Козлова Наталья

2 «Д»







4

Шипачева Дарья

2 «Д»







5

Касымова Адина

2 «Г»







6

Кондрашова Сария

2 «Г»







7

Гашимов Мирсаид

3 «Г»







 

 

Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.



2015-2016 оқу жылы
 

Ай

Апта

Бағыт

Қыркүйек

1-2

Дарынды оқушыларды байқап, тізімін жасау 


3-4

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсат-міндеттерін, бағыттарын анықтау

Қазан

1-2

Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын анықтау


3-4

Олимпиадаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру

Қараша

1-2

Қазақ тілінен ережелерді үйрету, тапсырмалар орындау


3-4

Мектепшілік олимпиадаларға қатысу

Желтоқсан


1-2


Сауаттылығын арттыру

3-4


Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер, шығармашы-лық жұмыстар)

Қаңтар


 

1-2

Аудирование арқылы ауызша тапсырмалар.

Кітапхана, интернет, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс 


3-4

Қазақ тілінен ізденіс жұмыстары

Жазбаша тапсырмалар орындау, қатемен жұмыс жасау 


Ақпан

1-2

Грамматикалық тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындай білу 


3-4

Қосымша әдеби кітаптармен жұмыс жасау 

Сауатты оқи білу


Наурыз

1-2

Тесттер

3-4

Қазақша  сөйлесу қабілетін  дамыту


Сәуір

1-2


Зерттеу жұмыстары


3-4

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Мамыр

1-2

Тест нәтижелерін көрсету, қайталау, қатемен жұмыс


3-4

Тесттер 



Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.




Айы


Апта


Тапсырмалардың түрлері


Қазан 


1-2

Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау.

Қазақша сөйлемдер құрау.



3-4

Рөлдік ойындар

Аудару, мазмұнын айту



Қараша 


1-2

Диалог жасау. Ауызша өз ойын жеткізу


 


3-4

Сұрақтарға жауап беру 


Сөзжұмбақ құрастыру 




Желтоқсан


1-2

Сөйлемдер құрастыру

Бос орындарға сәйкес сөздерді қою



3-4

Әңгіме жазу 

Дыбыстық талдау



Қаңтар 


1-2

Сурет арқылы әнгіме жазу

Әнгіменін мазмұнын сурет арқылы жеткізу



3-4

Автор сөзін өз сөзімен әңгімелеу




Ақпан 


1-2

Сөздікпен жұмыс 

Мәтіннен теріп жазу



3-4

Қазақ тілінде ертегілерді оқыту.


Наурыз 


1-2

Жаңа сөздерді жаттау 

Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем құрастыру



3-4

Мазмұнын айту 

Кестені толтыру 



Сәуір 


1-2

Мақал-мәтелдер жаттау


 

3-4

Қазақ жазушыларының өмір баянын зерттеу


Мамыр 


1-2

Тест жұмыстарын жазу 

Қайталау 



3-4

Жұмбақтар жаттау



Қорытынды әңгіме жазу

 
Каталог: uploads -> doc -> 01c2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c2 -> Сабақтың тақырыбы: Уақытты үнемдеу Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың мақсаты
01c2 -> Ақтөбе 2015 жыл. Класы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет