Дарынды оқушылармен жұмыс дарындылықты анықтау



бет1/5
Дата13.11.2022
өлшемі58,02 Kb.
#157928
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дарынды оқушылармен жұмыс әдістемесі
тест педагог, ЛОР ОСКЭ.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Дарындылықты анықтау:
Міндеттері:

  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.

  • Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:

  • Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.

  • Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.

  • Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.

  • Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.

  • Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

  • Интелектуалды сферасы.

  • Білімділік өрісі.

  • Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық үш параметрмен анықталады:
Танымдық жеке дамуы.
Психологиялық жеке дамуы.
Физикалық дамуы.

Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:

  • Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  • Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  • Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.

  • Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:

  • Жас ерекшелігі

  • Тұлғалық ерекшелігі.

  • Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту
5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру
6. Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет