Дарынды оқушылармен жұмыс дарындылықты анықтау


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты



бет2/5
Дата13.11.2022
өлшемі58,02 Kb.
#157928
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дарынды оқушылармен жұмыс әдістемесі

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.
Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру
І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)
1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)
5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)
ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)
1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.
2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу.
3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)
4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.
Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:

  • Ø Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  • Ø Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  • Ø Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.

  • Ø Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:
Жас ерекшелігі
Тұлғалық ерекшелігі.
Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеудің негізгі принциптері

  • Ø Дарынды балаларды оқыту жүйесінде мұғалім негізгі фактор болыптабылады.

  • Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге жоғары талаптар қойылады.

  • Ø Бастауыш сыныпта оқитын дарынды баламен кез келген мұғалім жұмыс істей алмайды.

  • Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің өзіндік «жағымды» Мені болуы керек.

(Өзін төмен бағалайтын мұғалім дарынды шәкірт алдында қорқыныш сезімінде болады.)

  • Ø Табысты педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

  • Ø Эмоционалдық тұрақтылық.

  • Ø Мақсатқа жетуге ұмтылу.

  • Ø Шығармашылық бастама.

  • Ø Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі арнаулы теориялық дайындығының тәжірибемен тығыз ұштасуына негізделеді.

  • Ø Арнаулы бағдарлама құруды өзгелердің тәжірибесіне сүйену үшін арнайы бағдарламен таныс болуы керек.

  • Ø Өзге пәндерден қажетін ала білу.

  • Ø Дарынды баламен мұғалімнің ділі бір болған дұрыс.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері:

  • Ø Мейірімді, сезімтал.

  • Ø Дарынды балалар психологиясы, ерекшелігін біледі, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін сезеді.

  • Ø Интеллектуалды даму деңгейі жоғары.

  • Ø Қызығушылығы мен икемі кең.

  • Ø Педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар.

  • Ø Дарынды балаларды оқытумен байланысты түрлі міндеттерді орындауға әзір.

  • Ø Белсенді.

  • Ø Әзілқой (бірақ сарказм қажет емес)

  • Ø Өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын.

  • Ø Өзіндік жеке әлемтану.

  • Ø Өмірге төзімді, дені сау.

  • Ø Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс жөнінде арнайы дайындығы болып, әлі де арнайы білімді ашуға дайын болу.

Дарындылық ұстанымы

  • Сен « білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;

  • Белгілі жағдайдан, белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы;

  • Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!

  • Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!

  • «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!

  • Болашаққа бейімдеу;

  • Дамыта оқыту;

  • Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

Дарынды балаларға арналған бағдарлама талаптары:

  • Ø Дарынды оқушының коммуникативтік әрекеттерінің негізгі түрлерін қалыптастыру;

  • Ø Өз мүмкіндіктерін сезініп, өзге адамдардан жеке ерекшеліктерін түсіне білу қабілеттерінің дамуына әсер ету;

  • Ø Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қалыптастыру;

  • Ø Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Ø Тілдік білім жүйесін сөйлеу әрекеттерінде қолдану т.б.

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет