Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қостомар негізгі мектебінің 5 сынып жетекшісі Г. Қасымбекованың 2019 – 2020 оқу жылындағы атқарған тәрбие жұмыстарының
Е С Е Б І
Сыныпта тәрбие жұмысы «Ұлттық сана – сезімі мол, рухани деңгейі биік, іскер, еңбекқор, отансүйгіш, табиғи әдепті де ізетті ұрпақ тәрбиелеу» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және ҚР «Білім туралы » Заңы, ҚР «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы» Конвенция, ҚР «Тіл туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы, т.б. нормативті – құқықтық құжаттардың негізінде 2019 – 2020 оқу жылына арналған жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Жылдық жоспарға сәйкес іс- шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.
Мектепте әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларға көңіл бөлінеді. Сыныпта жалпы 2 оқушы бар. Екі оқушы да толық отбасында тәрбиеленіп отыр.
5 сыныпты орта буынға бейімдеу бойынша бірнеше жұмыстар мектеп мұғалімдері мен психолог тарапынан атқарылып отырды. 2 оқушы да 4-тік бағамен оқиды. Жыл бойына сабақта өздерін жақсы жағынан көрсетіп, белсенділік танытып жүрді.
Әлеуметтік мәртебесін айғақтайтын құжаттар жинақталып, арнайы папка жасалынды. Осы мәртебедегі оқушылардың іс- шараларға қатынасуы басты назарда ұсталынып отырды. Оқулықпен толық қамтамасыз етіліп, қажетті құжаттар жинақталынды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары бойынша дарынды оқушылар іріктеліп алынды.
Сынып оқушылары мектепішілік іс- шараларға да белсене атсалысып отырады. Атап айтқанда, Отбасы күні, сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес акциясы, Раушан Койшыбаеваны күтіп ау кезінде, патриоттық айлық барысында, көгалдандыру акциясында флешмоб билеп, мектепішілік гимндер байқауына, Бірлік күніне орай іс – шарада 2 оқушы биге қатысты, аудандық Отан қорғаушылар күніндегі іс – шараға қатысып отырды.
Мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандары болып 6 оқушы тіркелген. Сондай – ақ 5 оқушы аудандық кітапхананың оқырманы болып тіркелген. Сыныпта оқушылардың кітап оқуын жүйелеу мақсатында арнайы дәптер басталды.
Сынып оқушыларының оқулықпен қамтылуы 100 % - ды құрайды.
Ата – аналар жиналысы 5 рет өткізіліп, онда ата – аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау, тақырыптық баяндама, тоқсандық қорытынды және алдағы міндеттер туралы мәселелер қозғалды. Сондай – ақ ата – аналармен топпен жұмыс түрлері жүргізіліп, ұрпақ тәрбиесіндегі ата – ананың ролі туралы өз ойларын ортаға салды. Медбикемен бірлікте сынып оқушылары ағымдағы медициналық тексеруден өткізілді, сондай – ақ талап еткен құжаттар және анализ қорытындылары беріліп отырды, дәрігерлік кеңес жүргізілді, диктант алынды) (жеке бас гигиенасы және жұқпалы аурулар және олардың алдын алу туралы).
Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша арнайы сүзгі дәптері басталған. Медбикемен бірлікте сабаққа қатыспаған оқушы дер кезінде анықталып отырады. Жоғарыда аталған жұмыстарды саралай келе педагог – психологпен және пән мұғалімдерімен жұмысты жандандыру керек деген ұсыныс білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |