Дарынды оќушымен ж±мыстыњ негізгі маќсаты—олардыњ шыѓармашылыќ ж±мыста µзініњ ќабілетін іске асыруѓа дайындыѓын ќалыптастыру



бет20/20
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#86179
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Сөз сыры тақырыптық бағдарлама

Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Екі немесе одан да көп сөздер қосарланыпнемесе қайталанып бір ұғымды білдіруін қос сөз дейміз.
3. Кітап досың, ақылшың

Мәтіннің ішінен қос сөздерді тауып оларды жасалуына қарай топтап жазыңдар.


Ішіне Сыртына
Қайталама Қосарлама


ІV Сабақты меңгерту
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Қос сөздердің екі сыңарын тап.
Графикалық диктант




ы ғы
ұ п


ү п
т ап


а та
м ая




ұзын үлкен таза мая ана жығы
5. Кім көп біледі?
Метаграммаларды оқып шығыңыз.

1. Аспан көгі жамылды,
Кара мақпал бүркеніп.
"Т" орнына "К" қойсаң,
Леземде от жағылды,
Тұрар елге нұр төгіп.
2. Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
"Б"-ны "У"-ға ауыстырса,
Өлшеммін, дәуірмін.


3. Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.
4. ҚАЙСЫ ӘРІП ? "Тауда" жоқ, "Таста" бар. "Жауда" жоқ,
"Доста" бар.

"Менде" бар


V Сабақты қорыту Сенде" жоқ.
"Малда" бар,
"Елде" жоқ.
7.Ой толғау
Р-Бала
А –Ата-ана
Ф- хат
Т –сағыныш


VІ Үйге тапсырма
8. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау
9.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

22.12.2014 ж.


Сабақтың тақырыбы : Қысқарған сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Қысқарған сөздерді, олардың жасалу жолдарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
3. Кітап досың, ақылшың
Төмендегі қысқарған сөздердің толық атауларын жаз.
ҚазМи, ҚР, физмат, колхоз, пединиститут, см,км, тг.
ІV Сабақты меңгерту
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Адасқан әріптерді орнына қой.


1. М,н,д,е,ә,и,е,т.
2. Т,л,е,д,и,р,е,д,а.
3. Ж,р,а,п,ы,қ,а.
4. Б,а,о,т,а,н,қ.
5. Г,б,а,ү,л,у,н.


5. Кім көп біледі?
Қысқарған сөздерді жасалу жолына қарай топтап жаз

Бірінші әріптен қысқарған

ҚР......

Бірінші сөздің басқы буыны мен бас әріпі

ҚазМҰУ.......

Бірінші буындары

Колхоз....

Өлшем бірліктер

см.....



6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Ребусты дұрыс шешсең, халықтың кітап туралы мақалын оқисың.




V Сабақты қорыту
Сауатты болу –мақсатым
Мұғалім күрделі атауларды оқиды, оқушылар қысқартып жазады.
VІ Үйге тапсырма
8. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау

Сабақтың тақырыбы : Тіркескен сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Тіркескен сөздерді, олардың жасалу жолдарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп бір тұтас мағына беруін
Тіркескен сөздер дейміз.
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен тіркескен сөздерді теріп жазу.
ІV Сабақты меңгерту
3.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Темір жол, қара ала, он жеті, бере бер, тұра тұр деген тіркескен сөздерге сөйлем құра.


5. Кім көп біледі?
Мына сөздерден қанатты сөздерді құрастыр.


біліміңді жұмса жерге пайдалы

көпке жүр қашық


адамдардан жаман бол адал


достыққа берік


6 . Келісіп пішкен тон, келте болмас.


Сөзжұмбақты жүйесімен оқысаң, Майқы бидің сөз қадірі туралы қанатты сөзін оқисың.

айтқан

тіккен

тумен

асыл

шыңға

естіге

тең

сөз

ессізге

құмға

ақыл

сумен

сіңген

айтқан

тең

сөз

(Естіге айтқан асыл сөз −


шыңға тіккен тумен тең.
Ессізге айтқан ақыл сөз−
Құмға сіңген сумен тең. )


V Сабақты қорыту
7.Ой толғау
Тіркескен сөздерді қатыстырып Жайлауда деген тақырыпқа эссе жаз.
VІ Үйге тапсырма
8. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау
9.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда


Сабақтың тақырыбы : Фонетика әлеміне саяхат.
Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты:
1.Дыбыстар мен әріптің айырмашылығын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Вен диаграмма Дыбыс Әріп


2. Кітап досың, ақылшың
Қазақ тілінде 42 әріп , 40 дыбыс бар
ь жіңішкелік белгісі, ъ айыру белгісі
Қазақ алфавитін айт. Кім тез, әрі шатаспай айтады?
ІV Сабақты меңгерту
3. Кім көп біледі?

Адасқан әріптерді орнына қой.
1. М,н,д,е,ә,и,е,т.
2. Т,л,е,д,и,р,е,д,а.
3. Ж,р,а,п,ы,қ,а.
4. Б,а,о,т,а,н,қ.
5. Г,б,а,ү,л,у,н.
Мына сөзсызбадан Қазақстанның ең ірі қалаларын тап.



Қ

А

Н

А

Т

Ы

О

С

Л

Ғ

Д

У

К

Е

Р

М

Ө

З

Ш

Й

К

Ө

Б

Ы



4.Тапқыр болсаң, тауып көр.


Оқу-білім туралы мақалдың жүйесін тауып оқыңыз.




.


V Сабақты қорыту
5.Ой толғау
Әріптер туралы шағын ертегі жаз
VІ Үйге тапсырма


Сабақтың тақырыбы : Дауысты дыбыс
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуін түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннің ішіндегі дауысты әріптерді тауып, оларға талдау жаса.
ІV Сабақты меңгерту
3. Кім көп біледі?

Еріндік дауыстыдан

Көру....

Қысаң дауыстылардан

Құрық ....

Жіңішке дауыстылардан

Әже....

Езулік дауыстыдан

Асыл..

Ашық дауыстыдан

Әйел ...

Жуан дауыстыдан

Арық ...

4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Кім көп ағаштардың аттарын табады. "Тал-дарақтар" сөзсызбасы


Қ

Қ

А

Т

Е

К

Ж

А

Ғ

А

А

Й

Р

Е

Р

К

А

Ш

Е

Н

Ш

Ы

А

Ү

К

Ө

Ң

Ғ

К

Ө

Ы

Ң

Ғ

Й

Т

Б

А

А

Қ

Ж

Р

Е

А

Е

Е

К

Л

Й

А

Ғ

Ш

М

Й

Ң

Р

Е

Қ

А

Р

А

А

Е

Н

К

1

Ш

Е

Т

Е

Н

V Сабақты қорыту
5.Сауатты болу- арманым
Диктант Жеті қазына
1. Ер жігіт
2. Жүйрік ат
3. Құмай тазы
4. Қыран бүркіт
5. Сұлу әйел
6. Алмас қылыш
7. Берен мылтық


VІ Үйге тапсырма: Сөйлемдер құрап жазу.
VІІ Бағалау

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыс
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың жіктелуін түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Тек қана салдырдан тұратын дауыссыз дыбыстар –қатаң
Үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстар –ұяң
Салдырдан үні басым дауыссыз дыбыстар –үнді

Қатаң

К,қ,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ

Ұяң

Б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

Үнді

Й,л,м,н,ң,р,(у)



2. Кітап досың, ақылшың
Дауысты дыбыстарды теріп талдау жаса.
ІV Сабақты меңгерту
3. Кім көп біледі?

Адасқан әріптерді орнына қой.

і, м, б, л, і
к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д

ш, о, б, а, л, қ, а с, ұ, з, а, т
к, р, е, м, т, е, е

е,т, з, р е к і к р м і ө і д


ө і р к ш а ғ т а с




4.Тапқыр болсаң, тауып көр.


Ребусты дұрыс шешсең оқу туралы қанатты сөз шығады.


Сабақты қорыту
5.Кел, жұмбақ шешейік
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласақ,
Төріңдемін үйіңнің.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.


VІ Үйге тапсырма
Ребус жасап келу
VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Сөз сыры. 16. 02. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы : Буын. Тасымал
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сөздердің буынға бөлінуін,тасымалдау жолдарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын құрайды .
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,

Ашық
сонша буын болады



А
Тұйық
шық буын –А, ВА
Т
Бітеу
ұйық буын –АВ,АВВ
Бітеу буын –ВАВ,ВАВВ
Мұндағы А дауысты дыбыс В дауыссыз дыбыс
Жазып келе жатқанда жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
1.Бір буынды сөзді
2.Қысқарған сөзді
3. Адамның аты-жөнін
4. Дауысты дыбысты келесі жолға көшірілмейді.
ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтінді буынға бөліп жазыңдар,
3Келісіп пішкен тон келте болмас.
Топтық жұмыс
І топ Мына кестенің ішіне дұрыс тасымалдап жаз.



Кө-
рік-
ті














ІІ топ Кестені толтыр



Ашық

Тұйық

Бітеу

Ла
А
..........

Ас
Ант
..........

Мал
Төрт
.......



4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
М. Жұмабаевтың Мен жастарға сенемін өлеңіндегі буын санын тап.

Арыстандай айбатты,


Жолбарыстай қайратты–
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
V Сабақты қорыту
5.Ой толғау
Кез –келген тақырыпта шағын мәтін құрастыру.
Мәтінге ат қою
VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт


VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Үндестік заңы қоржынындағы сарқыт

Сабақтың тақырыбы : Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға үндестік заңын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
Қазақ тілінде буын үндестігі және дыбыс үндестігі деп екіге бөлінеді.
Жуан буынды сөздерге жалғанған қосымша да жуан болады, жіңішке буынға жіңішке қосымша жалғанады.
Бұл ережеге бағынбайтын қосымшалар да бар
Ал, Сөз ішінде немесе сөз арасында дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы дыбыс үндестігі деп аталады.
Алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбыспен үндесуі ілгерінді ықпал дейміз.
1.Сөздің сөзғы дыбысы қатаң болса оған жалғанатын қосымша да қатаң болады.
тар
З АТ қа
пен
2. Егер сөздің соңғы дыбысы ұяң болса оған жалғанатын қосымша да ұяң болады
да
Ж аз дың
ға


ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен ілгерінді ықпалды табыңдар

Қыз ұшса –қияға, ұл ұшса –ұяға


Жүнісбек таңғы ұйқыдан сергек оянды
Қамысбайдың алғаш келген кезі еді.



3.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, ел туралы мақал оқисың. Қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал?


V Сабақты қорыту
4.Сауатты болу арманым
Жұмбақтарды дәптерге жауабын табу.
Жеп көріп ем өзін мен
Жас шығарды көзімнен.
Өзі – көзі,
Көзі - өзі.

Үй бағады, үрмейді,


Аяғы жоқ, жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.


VІ Үйге тапсырма
5. Қоржындағы сарқыт


VІІ Бағалау
6.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Үндестік заңы қоржынындағы сарқыт




Сабақтың тақырыбы : Үндестік заңы Кейінді ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға үндестік заңын ,кейінді ықпал түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2.Жаңа сабақ құпиясы
Бозжан сені көргеніме қуаныштымын!
Баланың атын қалай жазылады?
Қалай естіледі?
Неліктен олай естіледі, қалай ойлайсыңдар?

Бір сөз ішінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал дейміз.


1.Қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге қосымша дауысты дыбыстан басталып жалғанса олар ұяң ғ,г,б әріптеріне айналып кетеді.
Мысалы: жүрек-жүрегі, доп-добы, төк- төгілді
2. Түбірдің соңғы н дыбысы к,қ,г,ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады
Мысалы: Бір күнгі-бір күңгі ,Дүйсенғали- Дүйсеңғали
3. С, З дыбыстары ш дыбысының алдынан келсе, айтылуда олар ш болып айтылады
Мысалы: жұмысшы- жұмышшы, сөзшең-сөшшең
4.Сөздің соңғы дыбысы з болып, одан кейінгі сөз ж дыбысына басталса ,онда з дыбысы ж болып айтылады.
Мысалы: Бозжан- Божжан, Боз жігіт- бож жігіт
ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен кейінді ықпалды табыңдар
Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді.
Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қояды. Қорлықтарыңызға көне алмаймын.



4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сөзжұмбақты шешіңіз.




1.

























2.
















3.



















4.

























5.



















1. Өлең өлшемі


2. Ер қаруы
3. Мемлекеттік рәміз
4. Ауыз әдебиетінің түрі
V Сабақты қорыту
5. Батыр қыз
5.Сауатты болу арманым
Жаңылпаштарды жаздырып , тез айтуға үйрету.
Сөз арасындағы ілгерінді кейінді ықпалдарды табу

Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Пимашы кісінің,
Сыйласы бар ма?
Сыйласы болса,
Пимасы болар еді.

Құрылтайда


Бурыл тай мен
Қызыл тай бәйгеден келді.

Мәкетті кім әкетті,


Жәкетті кім әкетті?
Мәкетті Мәлік әкетті,
Жәкетті Тәліп әкетті.

Мынау өзі,


Жусан ба?
Изен бе?
Күйбеңдеген
Изен іздеген
Иден бе?

Оралда бар бес ешкі,


Оңалда бар бес ешкі.
Бәрін қосса, неше ешкі?
Бәрін қосса он ешкі,
Он ешкі де бос ешкі.

Сабақта Санаттың ұйқысы келді,


Санатқа Қанаттың күлкісі келді.



VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт


VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда


23. 02. 2015 ж Сөз сыры.
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігігіне бағынбайтын қосымшалар


Сабақтың мақсаты: Сингорманизм заңының қазақ тілінің ерекшелігі екендігін, сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі туралы түсінік беру.


Сабақтың дамытушылық мақсаты:

оқушылардың ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.




Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығу-шылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ереже.


ІІІ.Жаңа сабақ:

Кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту. Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен айтылуын- дағы ерекшеліктер мен өзгерістерге назар аудартып, оқушыларға тұжырым жасату.





адамдар

адамдер

үйлер

үйлар

әкесі

әкесы

жазда

жазта

міндеттер

міндетдер



Оқулықтағы ережеге назар аударту.
Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.

Сөздік жұмыс: Сингорманизм (грек. «бірге үндесу,үйлесу») – сөз ішіндегі дауыстылардың бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып үндесуі.


Тақырып бойынша оқушылардың оқулықтан, қосымша әдебиеттер арқылы ізденіс, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сызба, кесте арқылы оқушылардың ізденістері тыңдалады, талданады.
Мұғалім оқушы ізденістеріне қорытынды жасап, толықтырады.




Жаттығу жұмыстары.
314-жаттығу. Шарты бойынша орындау



Жуан буынды сөздер

Жіңішке буынды сөздер

Аралас буынды сөздер










Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Мәтіннен буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазу, себебін дәлелдеу.


Т апсырма. Интербелсенді тақта арқылы орындалады. Сөздердегі қосымшалардың адасқан дыбыстарын қою:




Тапсырма: Білімді, оқушылар, өнерпаз сөздеріне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.




Өнерпаз

1.аралас буынды сөз.


2. Ө - нер - паз

а.б. б.б.


3.Бір жағдайда тасымалданады
өнер-
паз
4.Екпін - паз буынындағы - а дауысты
дыбысына түседі
5. Өнерпаз ( )
ІҮ.Бекіту: Төмендегі сөздерге сингорманизм заңына бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Сән, бал, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, әке, есім, қала, жол.
Ү.Үйге тапсырма: 320, 323, 324-жаттығулар.
2 сөзге фонологиялық талдау жасау.
ҮІ.Бағалау

Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ . Алтын қақпа
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың лексика бөлімі бойынша алған білім деңгейін анықтау
2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бақылау сабағы
Сабақтың әдісі: Алтын қақпа ойын .
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру


Тас қақпаның тапсырмасы:
Сұрақ-жауап

Күміс қақпаның тапсырмасы:


Берілген сөздерді дұрыс орналастыр
Кеуірт, бедре, ғаламтор,комьпютер,сәукеле,синтаксис,құрлық,т.б.

Кірме

Диалект

Көнерген

Жаңа

Термин
















Алтын қақпаның тапсырмасы:


О моним,Синоним, Антоним ережесін айту,мысал келтіру.

Алтын сандық тапсырмасы:


Батырлық,өжеттік жайлы мақал жарыс


ІІ Сабақты қорыту
Жеңімпаз оқушыны анықтау
13.04.2015 ж. Сөз сыры.


Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ. Білім баспалдағы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың фонетика бөлімі бойынша алған білім деңгейін анықтау
2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бақылау сабағы
Сабақтың әдісі:Білім баспалдағы ойыны
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.
Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру
Біз білім шыңына мына туды тігуіміз керек.
Білім шыңына көтерілетін әр баспалдақтың тапсырмасы бар





ІІ Сабақты қорыту
Жеңімпаз топты анықтау
Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады .


Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ Мың бір мақал
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сөзжасам бөлімі бойынша алған білім деңгейін анықтау
2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бақылау сабағы
Сабақтың әдісі:Мақал-мәтел жарыс
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.
Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру
Ітур
Мақалдың екінші жартысын айт
О танды сүю ­ ­­­­­­­― .............
Отан – оттан да .....
Отан – елдің анасы, .............
Өзге елде сұлтан болғанша, .........
Ит тойған жерінде,...............
Ел іші алтын ............
Есің барда еліңді тап,......

Х алық айтса,...............


Халық ұйғарса,.............
Көппен көрген ...................
Көп қорқытады, ..................
Халық қартаймайды,
........................
У ішсең ұлтыңмен, .....................
Халыққа қарсы жүру – ..................

Адам аласы ішінде, ..............


Адамнан үлкен ас жоқ,
....................
Адам құлақтан азады,
..............................
Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар.
............................................
Кісідегінің кілті ...................
Ауыз біреу, .....................
Аяқ – азамат, қол ......................
б ас – сандық, тіл – ............
Көз – қорқақ, ...................
Көз көруге, ....................
Саусағы ұзын – .................
Құлағы ұзын ..............
Көз – таразы, ..............

ІІтур
Сұраққа мақалмен жауап бер

Адамның қай мүшесі батыр қай мүшесі қорқақ?


Отан неден басталады?
Көп түкірсе не болады?
Қызға неше үйден тыйым ?
Қыз өссе не?
Ер жігіт кім үшін туады?
Есің барда не тап дейді?
Қыс азығын қашан жинайды?
Жаздың бір күні нені асырайды?
ІІІ тур
Кім көп біледі?
Тұрақты тіркестердің мағынасы ашу


ІІ Сабақты қорыту
Жеңімпаз топты анықтау
Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады


Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ Сөз мерген
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білім деңгейін анықтау
2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бақылау сабағы
Сабақтың әдісі: Сөз мерген ойыны
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөліп әр топқа ат қою,топбасын сайлау.
Оқушыларды ойын барысымен және ережелерімен таныстыру
Ітур
Біріккен сөздердің сыңарын тап.



ІІтур
Сөз мәйегі
1.Ерулік деген не?

  1. Сауға деген не?

  2. Тәбәрік деген не?

  3. Қорамсақ деген не?

  4. Сері сөзі нені білдіреді?

  5. Торсық деген не?

  6. Самалық деген не?

  7. Жарапазан деген не?

ІІІтур
Әр топ таңдап алған әріптерімен сұрақтарға жауап беруі тиіс
Ітоп

1.Сен үшін құрметті не?

  1. Мектеп саған не берді?

  2. Ұялғанда не істейсің?

  3. Сен үшін байлық не?

  4. Кім сұлу?

  5. Қандай мақал білесің?

  6. Сөйлей –сөйлей кім боласың?

  7. Бақшада не өседі?

  8. Қиындықты қалай жеңесің?

  9. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

  10. Асыл мұраларды қалай құрметтейсің?

  11. Ең ұлы іс не?

  12. Құлақ неге екеу?

  13. Кімге сенбейсің?

  14. Кімнің қамын ойлайсың?

  15. Әке көрген не істейді?

  16. Үлкенді қалай сыйлайсың?

  17. Балқашта не көп?

  18. Ұл бала қандай бала?

  19. Ананың көңілі балада ,баланың көңілі қайда?

  20. Кітап саған не берді?

  21. Ұстаз кім?

  22. Тіл не үшін керек?

  23. Бақыт деген не?

  24. Сен кімсің?

ІІтоп

  1. Ең биік не?

  2. Сіз үшін достық деген не?

  3. Қандай салт-дәстүр білесің?

  4. Анаң саған не берді?

  5. Қандай аспапта ойнайсың?

  6. Нені өсиет санайсың?

  7. Қазақстан қандай?

  8. Қандай мақал білесің?

  9. Ең құрметті не?

  10. Неден қорқасың?

  11. Ең кіші не?

  12. Арманға жету жолы не?

  13. Көз неге екеу?

  14. Базарда не бар?

  15. Қиындықты қалай жеңесің?

  16. Ұлылардың ұлысы кім?

  17. Қандай ақын-жазушыны білесің?

  18. Қол не үшін керек?

  19. Қазақ тілі қандай тіл?

  20. Сен үшін байлық не?

  21. Ең жақын не?

  22. Төрт түліктің бірі

  23. Көре-көре кім боласың?

  24. Өмірлік мақсатың не?

  25. Не іздеп жүрсің?

ІІ Сабақты қорыту
Жеңімпаз топты анықтау
Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады



Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ «XXІ ғасыр көсбасшысы»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білім деңгейін анықтау
2. Пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Бақылау сабағы
Сабақтың әдісі:Білім баспалдағы ойыны
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға ойын ережесін айту .Төрешілерді сайлау.
Ітур
Блиц - турнир
Оқушыларға сұрақ қойылады .Көп сұраққа жауап берген оқушылар келесі турға өтеді.
ІІтур
Эрудит
Қазақ тілінің әр саласынан білім жарысы
ІІІтур
Полиглот
Жұмбақтардың шешуін қазақ орыс ағылшын тілінде айту
Финал
Оратор
Финалға шыққан екі оқушы берілген тақырыпта Жақтаушы Даттаушы болып сөз жарыстырады.
ІІ Сабақты қорыту
Жеңімпазды анықтау


Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Кеңесбаев, Мұсабаев. «Қазіргі қазақ тілі», «Лексика, фонетика» Алматы, 1975ж.

  2. Ж. Садуақасұлы. «Тілдік талдау үлгілері». Қызылорда, 2000ж.

  3. С. Хасанова, Т. Әбдіғалиева. «Кестелі грамматика» , «Ана тілі». 1996ж.

  4. «Орфографиялық варианттар», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2004 ж.

  5. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті».

  6. Қазақ тілінің грамматиксы 1,2 –томдары

  7. Ш. Сарыбаев. « Қазақ диалектологиясы».

  8. Ш. Сарыбаев. « Қазақ тілінің аймақтық лексикасы» 1989 ж.

  9. М. Бала қаев «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» 1989 ж.

  10. Р. Әмір, Ж. Әмірова «Жай сөйлем синтаксисі», 1998ж

  11. Ә. Әлметова « Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту»,

«Арыс». 2001ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет