« Дарынды шәкірт - ел болашағы »
-Сәлем достар аман ба ?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын бәріңді
Білімдіден қалам ба ?
-Құрметті ұстаздар , оқушылар , ата-аналар ! Сіздер «Дарынды шәкірт-ел болашағы» атты жарысқа келіп отырсыздар.Білім жарысын ашық деп жариялаймыз.
Ақыл-тон аңдағанға тозбайтұғын ,
Білім кен , қанша болса азбайтұғын ,
Қатарың оза шауып бара жатса ,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын , - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов Жырлағандай , білім жарысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырайық.
/ Байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. /
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар
Жарысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар , - дегендейін білімпаз оқушылар өздерін таныстырып өтсін.
1.Таныстыру
Әр ойыншы өзінің өмірлік ұстанымын айтып өтеді.Болашақтағы мақсатын,кім болғысы келетінін айтады.Мақалдап немесе шешен тілмен жеткізсе болады.
Шын жүйрік сыналады жарыста
Жарыстың ба , орта жолда қалыспа ,
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс-мәре , жақын ба , әлде алыс па ? - дей келе жарысымызды бастайық.
Жарыс 6 бөлімнен тұрады.
1-тур « Бәйге »
Байқауымыздың 1-бөлімі ол – «Бәйге»
жүйрік қосып тұрмыз бәйгеге
Сұрақтарға кім тез жауап берсе егер
Солар ғана озып келер бәйгеден
сұрақты тест түрінде оқушыларға таратып беру.Әр ойыншы өз жауап
парағында белгілейді.Дұрыс жауапқа 10 балл.Тексеріліп , жинаған балы «Бағалау плакатына » жазылады.
Бәйге сұрақтары :
1.Ең бірінші бақытым - халқым менің ... – деп басталатын өлең жолдары кімнің өлеңі ?
а/ М.Мақатаев +
б/ Б.Момышұлы
в/М.Шаханов
2.Су қандай ауа райында буланады ?
а/суық ә/ыстық + б/жылы
3.Жапонияның астанасы қай қала ?
а/Берлин ә/Токио+ б/Канада
4. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң » қай жылы қабылданды ?
а/1986 жыл 16-желтоқсан
б/1991 жыл 16-желтоқсан +
в/1998 жыл 25-қазан
5.ҚР ұлттық валютасы -теңге айналымға қай жылы енді ?
а/1991 жылы 1-наурыз
ә/1993-жылы 15-қараша +
б/1992-жылы 16-желтоқсан
6.ҚР Мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді ?
а/1992 жыл 4-маусым +
ә/ 1991 жыл 5-шілде
б/ 1998 жыл 4-ақпан
7.Виктория су сарқырамасы қайда ?
а/Африкада +
ә/Италия
б/Венеция
8.ҚР Мемлекеттік туының авторы Кім ?
а/Ж.Нәжімеденов
ә/Ш.Ниязбеков +
б/Н.Назарбаев
9.Египет патшасы қалай аталады ?
а/тиара ә/фараон + б/шах
10.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
а/Ш.Ниязбеков.Ж.Нәжімеденов
ә/Ж.Мәлібеков.Ш.Уалиханов +
б/К.Ақышев.С.Бегалин
«Бағалау плакаты»
№
|
ФАЖ
|
Бәйге
|
Жорға
|
Дода
|
Шешендік өнер
|
Қорытынды
|
1
|
Әріпбай Торғын
|
|
|
|
|
|
2
|
Баққожа Айқын
|
|
|
|
|
|
3
|
Нури Гулбаһрам
|
|
|
|
|
|
4
|
Әлдібек Зерде
|
|
|
|
|
|
5
|
Айтан Тоғжан
|
|
|
|
|
|
6
|
Мансурова Зуһра
|
|
|
|
|
|
оқушы бағалау плакатына маркермен жинаған балдарын жазып тұрады.
2-тур. « Жорға »
Ұяшықтарды ойыншылар таңдайды.Сол ұяшықтағы сұрақтарды жүргізуші тез оқиды.1 минутта қанша сұраққа жауап береді.1 дұрыс жауап 10 балл.1 минутта қанша сұраққа жауап бергені есептеледі.
1-ұяшық сұрақтары :
1.Қай ел өте ұзын және жіңішке ? / Чили /
2.Картоп , жүгері , помидор және шылымның мекені қай жер ? /Америка елі /
3. Тарих сөзінің мағынасы / зерттеу , өткен оқиғалар жайлы әңгіме /
4.1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр ?
5.Мұсылман халқының қажылық өтейтін қаласы қай қала ? / Сауд Арабиясындағы Мекке /
6.Қар адамын қайдан кездестіруге болады ? / Гималайдан /
7.Қай қалада бір ескекті қайықпен серуендеуге болады ? / Венеция қаласында /
8.Кариб теңізі қай мұхиттың бөлігіне кіреді ? / Атлант мұхитының /
9.Қай кезде күн тұтылады ? / Күн мен жердің ортасынан ай өткенде күн тұтылуы болады.Жерге оның көлеңке беті ендік жағынан жүздеген шақырымға тарайды .
10.Тарихтың атасы кім / Геродот /
11.Неге космонавтар айға барғанда артығырақ оттегі алады ? / себебі айда ауа жоқ /
12.Космонавт деген кімдер ? / аспан әлеміне ұшып зерттеушілер /
13.Метеор/аққан жұлдыз / дегеніміз не ? / Метеор-аспан әлемінен жер атмосферасына енетін заттардың жарқырауы.Космостан ұшып келетін тастардың жарықшағы. /
14.Өлімнен қашқан қобызшы , күйші / Қорқыт /
15.Жер шарында неше мұхит бар / 4 /
16.Барлығы жерге тартылып тұратын күшті қалай атаймыз?/Гравитация –материалдар арасындағы өзара әсер /
17.Биология ғылымы нені оқытады?/табиғат тіршілігін /
18.Ана туралы мақал айт.
19.Неше материк бар / 6 /
20.Телевизорлық антенна неге қажет ?/телевизиялық дыбысты қабылдау үшін/
2-ұяшық сұрақтары :
1.Акустика нені зерттейді ? / дыбысты /
2.Алманың түсіп бара жатқанын көріп , қай ғалым гравитацияны / жердің тартылыс күшін / ашты ? / Исаак Ньютон /
3.Қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын қандай аң ? / қасқыр /
4.Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында / 9 /
5.Хиросимада не жағдай болды ? / Бұл қалаға бірінші рет атом бомбасы тасталды /
6.Ең киелі құс / аққу /
7.Шыңғысхан қай жылы өлді / 1227 жылы /
8.Түйе сүті / шұбат /
9.Анаңның туыстары саған кім болады ? / нағашы /
10.Әлемдегі ең үлкен әуежай ? / Сауд Арабиясында /
11.Сүтті килограмдап қай жерде сатады ? / Ресейдің арктикалық аудандарында төмен температурадан сүт қатып қалған күйінде таразыға өлшеніп сатылады. /
12.Пирамида дегеніміз не ? / Бұл Египет патшалығының үлкен алып моласы , лауазымды иелеріне және белгілі адамдарға орнатады. /
13.Олимпиадалық спорттың алғашқы түрі қандай болды ? / Жүгіру /
14.Кім бірінші жер шарын айналып жүзіп шыққан ? /Португалдық теңіз жүзуші Фернан Магеллан «Виктория » атты қайығымен айналып өтті /
15.Атом бомбасын кім ойлап тапты ? / АҚШ - та Роберт Оппенгеймер /
16.Дененің қанша бөлігінде су бар ? / 2/3 бөлігінде су бар /
17.Ең үлкен аю ? / Арктикада өмір сүретін ақ аю /
18.Ең үлкен маймыл ? / горилла /
19.Ең ұзын жылан ? / питон /
20.Ең терең көл ? / Сібірдегі Байкал көлі /
3-ұяшық сұрақтары
1.Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл ? / Сахара /
2.Елімізде неше қорық бар ? / 9 /
3.Жұлдызқұрт қай жәндіктің дернәсілі ? / көбелек /
4.Ең құнарлы топырақ ? / қарашірік /
5.Көкжиек тұстарын қандай жұлдызға қарап анықтауға болады ? / темірқазық /
6.14 күн ораза ұстайтын құс ? / пингвин /
7.Ауаның температурасын қандай құралмен өлшейді ? / термометр /
8.Қандай затты көрмесең де сезесің ? / ауа /
9.Жер макеті не ? / глобус /
10.Балықтарды зерттеу арқылы адам нені ойлап тапты ? / сүңгуір қайықты /
11.Ең кішкентай құс ? / колибрий /
12.Ең ұзақ өмір сүретін қандай құс ? / қарға /
13.Жердегі ең биік тау ? / Эверест тауы , биіктігі-8863 метр /
14.Ең үлкен мұхит ? / Тынық мұхиты /
15.Ніл өзенінің жағасында өсетін қамыс ? / папирус /
16. «Қанатымен су себеді » тіркесі қай құсқа қатысты айтылады ? / қарлығаш/
17.Цунами дегеніміз не ?/жер асты жер сілкінулері /
18.Экология сөзі қандай мағынаны білдіреді ? / қоршаған орта туралы ғылым /
19.Қандай ағаш өсетін орманның іші жарық , құрғақ болады ?/емен/
20.Француз ханшасы өзін қандай өсімдікпен әшекейлеген ? / картоп гүлі /
4-ұяшық сұрақтары
1.Оазис деген не ? / шөлдегі жасыл арал /
2.Ең ірі жануар ? /Африка пілі /
3.Ең ақылды су жануары ? / дельфин /
4.Биік тау құздарын мекендейтін ірі жыртқыш аң ? / барыс /
5.Жерге ең жақын жұлдыз ? / күн /
6. «Азия» кітабының авторы / О.Сүлейменов /
7.Қазақстандағы ең биік шың ? / Хантәңірі /
8.Қалталы кенгуру қай елде ? / Австралия /
9.Жылдан құр қалған жануар ? / түйе /
10.Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан ? / масштаб /
11.Басты байлық / денсаулық /
12.Судан шықса өлетін жануар / балық /
.13.Қара алтын / мұнай /
14.Ұя саомайтын құс / көкек /
15.Ақан серінің тұлпары / Құлагер /
16.Сабын алынатын өсімдік / адыраспан /
17.Орман дәрігері / тоқылдақ /
18.Аң патшасы / арыстан /
19.Бұлт неден пайда болады ? / бу /
20.Мәңгі жасыл өсімдік / шырша /
5-ұяшық сұрақтары
1.Көкжиек деген не ? / көз жеткен жазық дала /
2.Құс патшасы / бүркіт /
3.Судың қатты күйі / мұз /
4.Күздің үшінші айы /қараша/
5.Қойдың пірі / Шопан ата /
6.Бір жылда неше күн бар ? / 365 /
7.Республика күні / 25-қазан /
8.Жер бетінің жұмсақ қабаты / топырақ /
9.Алғашқы адамдар отт ы қандай заттың көмегімен шығарды ? /тас /
10.Басын салбыратып ұйықтайтын құс ?/жарқанат /
11.Ақ сарайды талқандап
Шықты біреу талтаңдап / балапан /
12.Орыс жазушысының атымен аталатын құс ? / гоголь /
13.Ауа неден ластанады ? / газдан /
14.Құрып ,кеуіп кетуге айналған теңіз ?/ Арал /
15.Ас атасы / нан /
16.Кім барлық тілде сөйлейді ? / жаңғырық /
17.Отқа жанбас , суға батпас / мұз /
18.Ең жіңішке , ең мықты жіп / өрмекші торы /
19.Жылт-жылт етеді
Жырадан өтеді / су /
20.Оттан ыстық не ? / адам өмірі /
6-ұяшық сұрақтары
Етістік дегеніміз не ?
Жерұйықты іздеген кім ? / Асан қайғы /
Қазақтың батырларын ата ?
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ қыздары
Адамды адам еткен не ? / еңбек /
Пирамидалар қай елде ? / Египет /
Қазақстан қай материкте орналасқан ? / Евразия /
Натюрморт дегеніміз не ? / өлі табиғат /
86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр
Неше есе арттырса да өзгермейтін қыңыр сан ? / 0 /
Пластилин қазақша қалай аталады ? / ермексаз /
Алтын адам табылған жер / Есік /
1 ғасырда неше жыл / 100 /
ҚР Рәміздерін ата
Тышқанның жауы / мысық /
Наурыз көжеге неше тағам саламыз ? / 7 /
Тудың ортасында не бейнеленген ?
Қандай құс хат тасушы атанған ? / көгершін /
Қазақтың тұңғыш ғарышкері / Т.Әубәкіров /
1 мақал айт
Балы аз 3 ойыншыны шығарып тастау.
3-тур «Дода »
тақырып беріледі .
Егер сұрақты ойыншы таба алмаса қарсыластар жауап береді.
Астана
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Тілім менің
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Тарих қойнауынан
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Әдебиет және мәдениет
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Астана
10- Астана елтаңбасында не бейнеленген ? / Шаңырақ , алтын масақ , барыстың сұлбасы , тас қорған /
20- «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы » қаулыны үкімет қай жылы қабылдады ? / 1996-жылы 6-шілдеде /
30-Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан ? / Есіл /
40-Астана-бәйтеректің биіктігі неше метр және оның себебі неде ? / 97 метр , себебі Алматыдан Астанаға елорданың көшіп келген жылы /
50-Теңіз суларымен және теңіз жәндіктерімен толтырылған океанариумның атауы
/ Думан ойын-сауық кешені /
Тілім менің ...
10-Қазақ тілінде қанша сөз табы бар және оларды ата. / 9 сөз табы бар , зат есім , сын есім , сан есім , есімдік , етістік , үстеу , еліктеу сөз , шылау , одағай. /
Лексика нені зерттейді ? / бір тілдегі барлық сөздердің жинағы , сөз байлығын қарастырады.Зерттейтін объектісі-сөз.Сөз жайындағы ғылым . /
30-Жаңадан көшіп келгендерді тұрғылықты адамдардың үйлеріне шақырып , қонақ етуі қалай аталады ? / ерулік /
40- Көзді ашып-жұмғанша біз діттеген жерімізге келіп те қалдық.Осы сөйлемнен тұрақты сөз тіркесін табыңыз? / Көзді ашып-жұмғанша /
50- Синтаксис нені қарастырады ? / Синтаксис сөздердің байланысын , олардың қандай тәсілдер арқылы байланысатынын және байланыстың қандай түрлері болатынын қарастырады.Сонымен қатар , синтаксисте сөз тіркестері , сөйлем , оның мүшелері туралы , сөйлемнің айтылу мақсаты мен интонациясы жайында мағлұмат беріледі. /
Тарих қойнауынан
10- Тарих туралы алғашқы кітапты кім жазған? / Геродот /
20-Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді ? / 4 кезең
1.Ежелгі Қазақстан тарихы
2.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
3.Жаңа замандағы Қазақстан тарихы
4.Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
30-Қазақ хандығы қай жылы құрылды және алғашқы хандар кімдер ?
/ 1465 жылы құрылды.Керей мен Жәнібек алғашқы хандар /
40-Абылай ханның өмір сүрген жылдары / 1711-1781 /
50-«Аңырақай» шайқасы қай жылы , қай жерде болды ? / 1729 жылы көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде /Қазақтар ірі жеңіске жетті./
Әдебиет және мәдениет
10- «Ақтабан-шұбырынды » кезінде туған халық әні / Елім-ай /
20-Қазақ халқының ән-күй өнерін зерттеген , «Қазақ халқының 1000 әні » , «Қазақтың 500 ән мен күйі » жинақтарының авторы / А.В.Затаевич /
30- «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім ? / М.Дулатов /
40-Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген ? / 1846-1904 /
50-Орыс жазуымен қазақ тілінде оқытатын тұңғыш мектеп қай жылы , қай жерде ашылды ? Оны ұйымдастырып , алғаш сабақ берген кім ?
/ 1864 жылы , Торғайда.Ы.Алтынсарин./
Балы аз 1 ойыншы шығады.
4-тур «Шешендік өнер »
оқушы қалады.
тақырып беріледі.Ұпай саны аз ойыншы позиция таңдайды.
Позициялар : 1.жақтау
2.даттау
Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.Шешен түрде сөйлеп 1 минутта не жақтап , не даттап шығу керек.Соңғы турды жюри айтады.Ұпай береді.Жоғарғы ұпай - 10 ұпай.
Тақырып :
«Ұлттық Бірыңғай тест оқушылардың білімін дұрыс бағалай ала ма ? »
1-оқушы «Ия» позициясын ұстанады.
2-оқушы «Жоқ » позициясын ұстанады.
Қорытынды
Жеңімпаздардың ұпай санын бағалау плакатынан есептеп , ұпай санын айту.Жеңімпаздарды анықтау.Дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.3 орын беріледі.
Интеллектуалды сайыс
Достарыңызбен бөлісу: |