Ендеше «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар._____________________ Жүргізуші: Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиісті екендігін ұмыту керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі және атасы мен әжесі секілді қымбатты «Қонағы» болса үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Жүргізуші: Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезім талдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Ендігі кезекте оқушыларымыз қонақтарға сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Жүргізуші: Шырқа әнге шалықта
Би дегенде, жалықпа.
Өнеріңді аямай
Мың бұралып билеші-дей отырып қазақ биіне кезек берсек.
Жүргізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні мен мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген , тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Иә, ұрпақ өсіп, жетіліп айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар? Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы- «Ұрпағым» деп шырпыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл-біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасауда. Президенттіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамқорлық ел экономикасының өсімімен қатар өсіп келеді.
Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тітті күй. Көңілге түрлі ой салар ,