Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?



Дата15.12.2016
өлшемі34,29 Kb.
#3913
түріУрок
Нурахимова Улжалғас Курмашевна учитель начальных классов

СШ имени К.Казыбаева



Тема урока : Дауыссыз дыбыстар.Төлді қалай шақырады?
Сабақтың мақсаты: 1) Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін толықтыру.Төрт түлік малдың иелерін таныту,өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету; 2)Оқушының танымдық қабілеттерін кеңейту,тілдерін дамыту; 3) Үй жануарларының қадірін түсіндіру арқылы оларды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдері:Топқа бөлу,ассоциялық аймақ құру,кубизм әдісі,ой Көрнекілігі:төрт түлік малдың суреттері,мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,музыка,бейнелеу

Көрнекі құралдар: Төрт түлік түрлерінің суреттері, төлдердің суреттері, төрт түлікке байланысты буклет, ребус және т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

I.Қызығушылығын ояту

«Көңіл ашар» жаттығуы

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық күнге

Шуақ шашқан елге

Бәріміз де бірге!

II. Өткенді қайталау

Ой қозғау. Көрнекілікпен жұмыс. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сұрақ- жауап.

III.Жаңа тақырыпқа көшу

Сыныпты топқа бөлу.

Түрлі-түсті қағазбен топтастыру.(қызыл,көк,жасыл)

1-топ-«Дауыстылар», 2-топ-«Дауыссыздар», 3-топ-«Төрт түлік».

II.Мағынаны ажырату.

Ой шақыру. Асосациялық аймақ құру.

Дыбыстар


Дауысты


Дауыссыз

Яғни,бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып,дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз.

Төрт түлік

Жылқы,қой,ешкі,сиыр,түйе



1. Дауыссыз дыбыстарды дәптерге әдемі жазу.

2. Төрт түлік малдың суреттерін көрсетіп оқушыларды таныстыру.

3. Малдардың пірлерін атау.

V. Оқулықпен жұмыс

1.«Төлді қалай шақырады ?» өлеңін мәнерлеп оқу.

2. Оқушыларға оқыту.

Сергіту сәті.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ бұйырсақ.

18-жаттығу. «Құлыншағым» өлеңін оқушыларға оқыту.

Топпен жұмыс.

Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып,әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.Кіші топта орындап,үлкен топта оқиды.



Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды,шабады.

Оқулықпен жұмыс.

«Төлді қалай шақырады?» Әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру,түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.

Мақал-мәтел:

1.Ат-адамның қанаты

2.Сиырдың сүті-тілінде

3.Түйе атасы-нар,

Ағаш атасы-шынар.

4.Түйе бойына сеніп,жылдан құр қалған.



III. Ой толғаныс

1).Кубизм әдісімен

1.Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5.Ботаны қалай шақырады? 6.Төрт түліктің иелерін ата.

2). Логикалық тапсырма

Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?

(Түйе,ешкі,сиыр,мысық,жылқы,ит,аю)

Не артық? Неліктен

(Лақ,құлыншақ,қозы,бұзау,түлкішек)



Жұмбақ шешу:

1.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

2.Екі ошаққа бір көсеу.(Сиырдың танауы мен тілі)

3.Жаралғанда

Жабысқан (ат)

4.Мұның жүнінен киіз басар,

Арқан есіп,көрпе жасар,

Кисе-киім,жесе-тамақ,

Мал жоқ шығар одан асар.



Бағалау. Топпен жасаған жұмыстарына,жауаптарына қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма

19-жаттығу,дауыссыз дыбыстарды жаттау.23-24-бет оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет