Дауысты дыбыстар



бет1/5
Дата11.04.2022
өлшемі39,36 Kb.
#138844
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ережелер


Қазақ тілінде 40 дыбыс, 42 әріп ,
2 таңба ь,ъ ,
15 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар.

Дауысты дыбыстар: (15)
А , ә , о , е , ы , э , я , и , ю , ө , ү , і , ұ , (у), ё .

Дауыссыз дыбыстар: (25)
Б , в , г , ғ , д , ж , з , й , к , қ , л , м , н , ң , п , р , с , т , ф , х , һ , ч , ш , щ , ц , (у) .

У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген У дыбысы дауыссыз болады.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген У дыбысы дауысты болады.

Дауысты дыбыстар:

Жуан дауысты дыбыстар:



Жіңішке дауысты дыбыстар:

а , о , ы , ұ

ә , ө , і , ү , е

Жуан және жіңішке айтылатын сөздер
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.

Дауыссыз дыбыстар:



Үнді

Ұяң

Қатаң

л,м,н,ң,р,й,
(у)

б,в,г,ғ,д,ж,з

к,қ,п,с,т,ф,х,
һ,ч,ш,щ




Бас әріптен басталып жазылатын сөздер
Кісінің аты – жөні ,жер – су аттары үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылады.

Дыбыс пен әріп
Дыбысты айтамыз,естиміз.
Дыбыс әріппен таңбаланып жазылады.
Әріпті көреміз,жазамыз.

Буын.Тасымал
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.

Сөйлем
Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемдегі сөздер өзара мағыналық байланыста болуы керек.

Зат есім
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Сын есім
Заттың түрін, түсін ,сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.

Сан есім
Заттың санын , ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.
Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.

Етістік
Заттың іс – әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

И, Я ,Ю әріптерінің жазылуы
И дыбысының алдында ы , і естілгенімен ,олар жазылмайды.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады.Сөзде йу дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына Ю әрпі жазылады.

Дара және күрделі етістік
Етістіктердің дара және күрделі түрлері болады.
Дара етістік бір сөзден тұрады.
Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден тұрады.

Дауыссыз б мен п
Сөздің соңында б естілгенімен , п әрпі жазылады.
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,
п дыбысы б – ға айналады.
Мыс: мектеп – мектебі

Дауыссыз қ мен ғ, к мен г
Сөз соңындағы қ к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе, олар ғ ,г –ге айналады.
Мыс: тарақ – тарағы
жүрек - жүрегі





Дауыссыз н мен ң
Ң әрпі сөздің басында кездеспейді.



Түбір мен қосымша
Сөз құрамы түбір мен қосымша.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

Туынды сөз
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.

Қосымша
Қосымша жұрнақ , жалғау болып бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Түбірдің өзгеруі
Қосымша жалғанғанда , кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.
Мыс: тарақ – тарағы
көлік - көлігі

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.

Күрделі сөздер
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. 4-ке бөлінеді: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тірес сөздер.
Мыс: әке – шеше, ақсақал
Сарыарқа, жеті жары

Біріккен сөздер
Кейбір сөздер екі түбірден құралады.Оларды біріккен сөз дейді.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мыс: балмұздақ
аққу

Біріккен сөздердің жазылуы
Жер – су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.Мыс: Сарыөзек
Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.
Мыс: Жұма + Әділ = Жұмаділ

Мәтін.
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады.
Мәтіннің басы, негізгі бөлімі ,соңы болады.





Сөз және оның мағынасы
Сөз белгілі бір мағынада айтылады.
Кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болады.
Кейбір сөздер мәндес болады.
Кейбір сөздер қарсы мәндес болады.

Қос сөздер
Кейде екі сөз қосарланып, бір лексикалық мағына береді.
Үлкен-кіші, алыс-жақын, қазы-қарта
Қысқарған сөздер
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады.Оларды қысқарған сөздер дейміз. Мыс: ҚР ,АҚШ



Сөз тіркесі
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.

Мыс: тез оқу ,мектеп оқушысы



Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдер
Бір нәрсе туралы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.
Адамның көңіл –күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем


дейміз.

Жалаң және жайылма сөйлем
Жай сөйлем жалаң,жайылма болып екіге бөлінеді.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Қаратпа сөз
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздерді қаратпа сөз дейді.

Тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.Сұрақтары:қандай?кімге?неге?қашан?қайда? т.б.

Мәтін.
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады.
Мәтіннің басы, негізгі бөлімі ,соңы болады. Мәтіннің түрлері
Әңгімелеу: не істеді?
Пайымдау: неліктен?
Сипаттау: қандай?

Қыстырма сөз
Өздері сөйлем мүшелері болмайтын ,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлемнің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді қыстырма сөз дейміз.

Сөз таптары
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді:зат есім,етістік,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет