5 тақырып. Аргументтер ( 4 сағат). Теориялық бөлім.
Ақыл шабуылы аргумент құрастыру бағытындағы алғашқы қадам. Ақыл шабуылының тәртібі. Аргумент құрастыру. Аргумент құрылысы. Аргументті қолдау. Аргументті негіздеу түрлері. Жалпылау. Ұқсастық. Себеп –салдар қатынасы. Беделге сүйену. Критерий мен аргумент арасындағы байланыс. Пікір –сайыс парағы. Практикалық бөлім. Аргумент құрастыру.
6 тақырып. Дәлелдер (2 сағат). Теориялық бөлім.
Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау. Мамандармен сұхбат. Компьютерлік зерттеулер. Дәлелдердің түрлері: куәлік (куәләндіру), фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар мен мысалдар. Үзінді келтіру ережесі. Мәлімет алынған қайнар көздің беделдігі мен объективтілігі.
Практикалық бөлім.
Мәлімет алынатын мәтінмен жұмыс істеу. Дәлелдер парағын дайындау.