«Дебат» курсының бағдарламасы. Түсініктеме



Дата17.04.2020
өлшемі28,77 Kb.
#62931
Байланысты:
Дебат

«Дебат » курсының бағдарламасы.

Түсініктеме.
Бағдарлама 34 оқу сағатына есептелген 12 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы Пікірталас бағдарламасының маңызды тұстарына, ұғымдары мен ережелеріне түсініктеме беретін теориялық және алынған мағлұматтарды бекітуге арналған практикалық бөлімдерден тұрады. Практикалық сабақтар үстінде бағдарламаның әрбір жеке элементі бойынша жұмыс істеледі, оқушылар ойын үстінде пікір сайыстыру және өз идеяларын топ болып қорғау негіздерін игереді. Ақыр аяғында оқушылар пікір –сайыс бәсекелерін өткізудің ережелерімен таныс болады. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым – қатынас. Мұғалім бұл жерде оқушылардың өз бетімен оқып – үйренуіне жағдай туғызатын, оқу үрдісін ұйымдастырушы және үйлестіруші ролінде болмақ. Оқыту кіші топтар және олардың өзара әсерлесу принципіне негізделеді. Сабақтарда ойлау және сөйлеу жүйелерін белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейтін интерактивті оқу әдістері қолданылады. Сонымен қатар, пікірталас ұйымдастыруға арнайы дайындалған кеңестер де бар. (қосымша қараңыз)
Бағдарламаның мақсаты:

ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыру;

Сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін пікір –сайыс арқылы дамыту;
Міндеттері:


    • қарама -қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;

    • әлеуметтік тілдің дағдыларына қалыпастыру;

    • дебаттың құндылығы арқылы қоғамда ой – сана алуандығын туғызу;

    • еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;

    • тыңдаушының сөйлеушіден 2 есе мәдениеттілігін насихаттау;

    • пікірсайыс түрлері, оның мәні;

    • дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;

    • белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру;

    • оқушы дербестігін дамыту;

    • оқушы өзін -өзі қадағалап, тексертуге баулу;

    • таным қабілетін дамыту;

    • өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;

    • ақыл ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;

    • білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;

    • «Іште пікір өлгеншені» ұтымды пайдалану;

    • пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;

    • ғылым дағдыларын жүйелеу.


Күтілетін нәтиже

    • дебат технологиясына қойылатын талапты білу;

    • дебат ойындарының ерекшелігін меңгеру;

    • дебат пен шешендік сөздердің ара қатынасын айыру;

    • жұрт алдында еркін сөйлеу,

    • ойды қорыту тәсілдерін меңгерту;

    • беделді құжаттармен жұмыс жасай білу;

    • озат ойы болуы - өзін -өзі құрметтеуі.


Бағдарламаның мазмұны

1 тақырып. Кіріспе (2 сағат).

Пікір сайыс деген не? Пікір сайыстыру принциптері. Пікір сайыс стильдері (Парламенттік және Линкольн - Дугластың пікір –сайыс үлгілері). Карл Поппердің пікір сайыс үлгісі. Пікір сайыстыру қабілеті (сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, тыңдау және жазу). Пікір - сайыстардың

этикалық коды.
2 тақырып. Карл Поппердің пікір- сайыс үлгісінің негізгі элементтері

(2 сағат).

Теориялық бөлім.

Қарар. Қарадың түрлері (саяси, құндылықтық). Жақсы қарар жазу тәртібі. Қарар үлгілері.

Практикалық бөлім.

Қатар шығару. Қарар сараптамасы.


  1. тақырып. Критерий (2 сағат).

Теориялық бөлім. Критерий - мақсат. Критерий – құндылық. Критерйге

сипаттам: қол жеткізу мүмкіндігі, нақтылық, сәйкестілік.

Практикалық бөлім. Қарарға арнап критерий шығару мен оған сараптама жасау. Критерйді негіздеу. Критерйдің қарар және аргументтермен байланысы.
4 тақырып. Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды

анықтау. (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Пікір – сайыс шеңберін белгілеп алу үшін қарардағы нешізгі ұғымдарды анықтау. Анықтамалар қажетті шектеулер. Анықтамалар қарарды зерттеу бағытын анықтау құралы.

Практикалық бөлім.

Энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Анықтамаларды сараптау.
5 тақырып. Аргументтер ( 4 сағат).

Теориялық бөлім.

Ақыл шабуылы аргумент құрастыру бағытындағы алғашқы қадам. Ақыл шабуылының тәртібі. Аргумент құрастыру. Аргумент құрылысы. Аргументті қолдау. Аргументті негіздеу түрлері. Жалпылау. Ұқсастық. Себеп –салдар қатынасы. Беделге сүйену. Критерий мен аргумент арасындағы байланыс. Пікір –сайыс парағы. Практикалық бөлім. Аргумент құрастыру.
6 тақырып. Дәлелдер (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау. Мамандармен сұхбат. Компьютерлік зерттеулер. Дәлелдердің түрлері: куәлік (куәләндіру), фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар мен мысалдар. Үзінді келтіру ережесі. Мәлімет алынған қайнар көздің беделдігі мен объективтілігі.

Практикалық бөлім.

Мәлімет алынатын мәтінмен жұмыс істеу. Дәлелдер парағын дайындау.
7 тақырып. Жақтау кейсі (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Жақтау кейсінің құрылымы. Кіріспе. Аргументтер тізбегі. ауысу. Қорытынды. Жақтау кейсінің үлгісі.

Практикалық бөлім.

Жақтау кейсін құрастыру.
8 тақырып. Даттау кейсі (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Даттау кейсінің құрылымы. Терістеу уақыты. Терістеудің 3 деңгейі: қарарды интерпретациялау, критерйді терістеу, аргументтер тізбегін терістеу. Терістеу стратегиялары. Контраргументтер ұсыну. Терістеуді терістеу. Даттау кейсінің үлгісі.

Практикалық бөлім.

Даттау кейсін құрастыру.
9 тақырып. Спикерлердің міндеттері (4 сағат).

Теориялық бөлім.

Спикерлердің рольдері. Сөз түрлері (конструктивті, дамытушы, қорытындылаушы). Спикерлерді бағалау критерйлері. Кемшіліктер мен қателіктер.Стиль мен ұсынылуы. Көз бе көз байланыс. Дауысты қадағалау (ырғақ, үзіліс, дауыстылық). Қимыл қозғалыс. Өзін -өзі ұстау.
10 тақырып. Қарсы сұрақ – жауап (4 сағат)

Теориялық бөлім.

Қарсы сұрақ – жауаптардың мақсаты. нәтижелі сұрақ қою әдістері. Ашық және жабық сұрақтар. Қарсы сұрақ – жауап кезіндегі спикерлердің өзін -өзі ұстауы. Практикалық бөлім.

Сұрақтардың тізбегін құрастыру.




  1. тақырып. Төрешілік (4 сағат).

Теориялық бөлім.

Төрешінің міндеттері. Шешім шығару. Ойыннан кейінгі төрешінің сараптамасы. Топтарды бағалау тәртібі. Спикерлерді бағалау тәртібі. Жақсы төрешінің сипаттамасы.

Практикалық бөлім.

Төреші парағын толтыру. Пікір – сайыс парағын ( картасын) жүргізу.




  1. тақырып. Пікір – сайыс бәсекелері(4 сағат).

Теориялық бөлім.

Бәсекелердің ұйымдастырылуы. Пікір- сайыс бәсекелерін өткізудің ережелері мен кеңестер.



Карл Поппердің пікір – сайыс үлгісінің негізінде жасалған. Пікір – сайыс бағдарламасы. Пікір – сайыс клубтары.

Күнтізбелік жоспар- 34 сағат

р/н

Тақырып аты

Сағ

саны

Өткізілу

мерзімі

1

Кіріспе

1

07.09



Кіріспе

1

14.09



Карл Поппердің пікір- сайыс үлгісінің негізгі элементтері

1

21.09



Карл Поппердің пікір- сайыс үлгісінің негізгі элементтері

1

28.09



Критерий




1

05.10



Критерий

1

12.10



Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды анықтау.

1

19.10



Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды анықтау

1

26.10



Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды анықтау

1

09.11



Аргументтер

1

16.11



Аргументтер

1

23.11



Аргументтер

1

30.12



Аргументтер

1

07.12



Дәлелдер

1

14.12



Дәлелдер

1

21.12



Жақтау кейсі

1

28.12



Жақтау кейсі

1

11.01



Даттау кейсі

1

18.01



Даттау кейсі

1

25.01



Спикерлердің міндеттері

1

01.02.



Спикерлердің міндеттері

1

08.02



Спикерлердің міндеттері

1

15.02



Спикерлердің міндеттері

1

22.02



Қарсы сұрақ – жауап

1

29.02



Қарсы сұрақ – жауап

1

07.03



Қарсы сұрақ – жауап

1

14.03



Қарсы сұрақ – жауап

1

04.04



Төрешілік

1

11.04



Төрешілік

1

18.04



Төрешілік

1

25.04



Пікір – сайыс бәсекелері

1

02.05



Пікір – сайыс бәсекелері

1

09.05



Пікір – сайыс бәсекелері

1

16.05



Пікір – сайыс бәсекелері

1

23.05




Барлығы

34





Глоссарий
Дебат —Оқытудың  жаңа  моделі -  пікірталас  әдісі.

Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды  саласы.

Popper, Karl Raimund) (1902-1994), Австриядан шыққан.британдық философ

Парламенттік дебаттар (Америкалық формат)

Парламенттік дебаттар британ парламентінің ұстанымы бойынша құрылған.



Саяси дебаттар-Саяси дебатарда нақты ұстанымды практикалық қоолдану қарастырылады.

Программа Дебатов Карла Поппера-Карл Поппер бағдарламасы Линкольн-Дуглас- және саяси дебаттардың комбинациясы.Дебаттың бұл түрінде командада 3 адам болды және жоғары сынытағы оқушыларға арналған.

Шығармашылық зерттеу тақырыптары:

  1. Демократиялық қоғам азаматтары қару алып жүруге хақылы.

  2. Ұйымдасқан қылмыспен күрес кезінде азаматтық құқықтар шектелуі тиіс.

  3. пайдасыз.

  4. Өнер нақты ғылымдарға қарағанда маңызды.

  5. Компьютерлер адамзат дамуына қауіп төндіруде.

  6. Әйел адамдар әскерде қызмет етуі тиіс.

  7. Жаман үкімет, ешқандай үкіметтің болмауынан жақсы.

  8. Ядролық қару – жарақ жойылуы тиіс.

  9. БҰҰ ғаламдық мәселелерді шеше алмайды.

  10. Мемлекет өз азаматтарының денсаулығын қамтамасыз етуге міндетті.

  11. Қоршаған орта проблемалары асырып көптірілуде.

  12. Мектептердегі баға қою жүйесін жою қажет.

  13. Дамыған мемлекеттер дамушы елдерге көмектесуі тиіс.

  14. Мемлекет азаматтардың қару иелену құқын шектеуі тиіс.

Мұғалім мен оқушыға арналған әдебиеттер

  1. Т.В. Светенко Путеводитель по дебатам. М: РОССПЭН, 2002, 2005. Фонд библиотеки, Интернет.

  2. Т.В. Светенко. «Путеводитель по дебатам». Учебное пособие для педагогов и учащихся. М: РОССПЭН, 2005.

  3. Калинкина Е.Г. Дебаты на уроках истории, М: РОССПЭН, 2007.

  4. Петренко О.Л. Дебаты. Рабочая тетрадь по истории России. Задания для учащихся, М: РОССПЭН, 2006.

  5. В.В.Петрусинский. Игры – обучение, тренинг, досуг. М.,2004.

  6. Польдяева О.В. Возможности технологии "Дебаты”. Школьные технологии. № 1, 2007.



Қолданылатын әдебиеттер
Т.В. Светенко Путеводитель по дебатам. М: РОССПЭН, 2002, 2005. Фонд библиотеки, Интернет.

  1. Т.В. Светенко. «Путеводитель по дебатам». Учебное пособие для педагогов и учащихся. М: РОССПЭН, 2005.

  2. Калинкина Е.Г. Дебаты на уроках истории, М: РОССПЭН, 2007.

  3. Петренко О.Л. Дебаты. Рабочая тетрадь по истории России. Задания для учащихся, М: РОССПЭН, 2006.

  4. В.В.Петрусинский. Игры – обучение, тренинг, досуг. М.,2004.

  5. Польдяева О.В. Возможности технологии "Дебаты”. Школьные технологии. № 1, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет