Јдебиеттер тізімі



бет13/15
Дата28.09.2023
өлшемі1,32 Mb.
#182868
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лаб 3-6 2023 каз 1-часть для студ

Пішімдеу құралдар қатары – пішімдеу жарлықтарына арналған батырмаларды қамтиды.

  • Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған.

  • Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

  • Қалып-күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.

  • Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

    PowerPoint-та құрал-саймандар жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да құралдармен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс – Құралдар панелі әмірін таңдаңыз.
    Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері. Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын толықтыру, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және басқа да әрекеттерден тұрады.
    Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft PowerPoint үлгілері негізінде жасалады.
    Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін, сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.
    Слайдты безендіру үшін, сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және гиперсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады.

    Егер барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстыру керек болса, мәзір жолының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет