Слайдтарды безендіру. Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады. Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады.
Сурет салу құралдар панелі слайдқа мәтінді, өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді. Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар панелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз.
PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру – Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады. Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.
PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, анимациялық суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз: Файл дыбысы командасын таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз. Суреттер жинағының дыбысы командасын таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа қосу үшін таңдап алыңыз.
Көрмелерді көрсету.Көрмені көрсетер алдында слайдтардың ауысуы қалай жүретінін анықтап алыңыз, яғни өз бетімен, слайдты шерту арқылы, дыбыстық сүйемелдеумен және т.б.
Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтарды көрсету командасын таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы панелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы панельде слайдтардың ауысу түрлерін, жылдамдығын беруге болады.