Құрал-саймандар панелі. Word-тың айрықша ерекшелігі - құрал-саймандардың аса көптігі. Құрал-саймандар панеліндегі батырмалар көптеген әрекеттерді жылдам орындауға мүмкіндік береді, себебі оларды қолданғанда, жарлықты таңдау үшін мәзірді ашудың керегі жоқ. 2.1.3 және 2.1.4 – суреттерде Стандарттау және Форматтау екі құрал-саймандар панелі көрсетілген. Стандарттау құрал-саймандар панеліндегі батырмалар файлды құру, ашу және сақтау амалдарын орындауды, құжатты редактрлеуді жылдамдатады. Форматтау құрал-саймандар панеліндегі батырмалар символдарды және абзацтарды форматтауды орындауға мүмкіндік береді.
1.3-сурет - Стандарттау панеліндегі батырмалар
Қандай-да бір құрал-саймандар панелін бейнелеу немесе алып тастау үшін Word терезесінде Вид мәзірінен Панели инструментов жарлығын таңдаңыз. Экранда құрал-саймандар тізімінен тұратын ішкі мәзір пайда болады. Осы тізім кез келген құрал-саймандар панелінде тышқанның оң жақ батырмасын басқан кезде контекстік мәзір түрінде шығады.
Құжатты келесі тәсілдермен құруға болады:
Файл мәзірінде Создать командасын таңдау;
Стандарттау саймандар панелінде Создать батырмасын шерту.
1.4-сурет - Форматтау панеліндегі батырмалар
Жаңа құжаттарды құрғанда оларға ретпен 2,3,4 және т.б. нөмірлер меншіктеледі. Егер құжат терезесі Word терезесінде жайылмаған болса, онда құжат аты құжаттың тақырып жолында көрсетіледі.
Құжатты бірнеше әдістермен ашуға болады:
Файл мәзірін ашу және оның төменгі жағындағы тізімнен файл атын тышқанмен шерту. Тізімде осы қосымшада соңғы ашылған файлдар аттары болады;
Файл мәзіріндегі Открыть командасын таңдау және Открытие документа терезесінде файлдың орнын және атын көрсету;
Стандарттау саймандар панелінде Открыть батырмасын басу және Открытие документа терезесінде файл белгісін екі рет шерту.
Қолданушының компьютерде жұмысы кезінде құрылып жатқан құжат жедел жадта сақталады. Осы файлды сақтау үшін Файл мәзірінен Сохранить как командасын таңдап және Сохранение документа терезесінде қажет параметрлерді беру керек.
Тапсырма 1:
Word текстік редакторын жүктеңіз.
Обычный нұсқауында жаңа құжат құрыңыз.
Кұжат көрінісінің іс-тәртібі ретінде (Вид Разметка страниц) теру жолдарының шектерін тағайындаңыз.
Құжатқа титулдық парақ жасаңыз.(1.5-сурет бойынша)
1.5-сурет – Титулдық парақты әзірлеу стандарты
2-тапсырма: MS Word-та кестемен жұмыс.
Келесі параққа өзіңіз туралы қысқаша ақпарат енгізіңіз (1.1-кесте бойынша)
3-тапсырма: MS Word-та формула жазу
1.2-кестедегі формуланы енгізу үшін Вставка Объекта Mіcrosoft Equatіon 3.0 командасымен формула редакторын іске қосыңыз.
Стиль Определить командасымен формуладағы әртүрлі элементтер үшін қажет шрифтерді тағайындаңыз.
Формат Интервал терезесіндегі тағайындамалар формула элементтерінің мөлшерін беруге арналған.
Формуланы енгізуді және өңдеуді аяқтау үшін Esc батырмасын басыңыз немесе формула редакторы терезесін жабыңыз.
Енгізілген формуланы айырбастау буфері арқылы құжаттың басқа жеріне көшіріңіз.
Формуланы екі рет шерту арқылы оны өңдеңіз.
1.2-кесте – Тапсырма нұсқалары.
4-тапсырма. Кесте негізінде Word–та диаграмма құру
Word текстік редакторында Кестелер және шектеулер панелін орналастырыңыз. Ол үшін Вид Панели инструментов Таблицы и границы басыңыз.
Таблица Добавить Таблицу командаларымен 14 жолдан 7 бағанадан тұратын кесте құрыңыз.
Барлық бағаналардың бірінші жолдағы ұяшықтарын белгілеп Таблица Объединить ячейки командасын орындаңыз.
Үшінші жолдың екіншіден жетінші бағаналарының ұяшықтарын белгілеп, оларды біріктіріңіз.
Тоғызыншы жолдың екіншіден жетінші бағаналарының ұяшықтарын белгілеп, оларды біріктіріңіз.
Кестені көрсетілген үлгі бойынша (1.3-кесте) нұсқаңыздың нөмерін қоса отырып толтырыңыз. Кестені есептеулерді орындау үшін қолданған ыңғайлы. Мысалы: барлық шығынды табу үшін, сол ұяшыққа курсорды орналастырып, Кестелер және шекара панеліндегі Автосумма батырмасын басыңыз. Нәтиже көрсетілген ұяшыққа орналасады. Басқа да есептеулерді орындау үшін Таблица тізбелігіндегі Формула командасын қолданыңыз.
10.Кестені форматтау келісім бойынша барлық кестелер біртұтас жұқа екі жарты пункт болатын сызықтармен қоршалған. Кестелер және шекара саймандар панелінде кестенің жаңа түрін, сонымен қоса енін, түсін және сызық түрлерін таңдаңыз. Нақты шекаралар үстінен таңдалған шекараларды Нарисовать таблицу сайманының көмегімен сызыңыз. Шекараның жаңа түрін бірнеше ұяшықтарға немесе олардың жақтауларын жоюға тез қолдану үшін саймандар панеліндегі Кестелер және шекаралар ішінен сызық түрі, сызық қалыңдығы және шекара түсі аймақтарын пайдаланыңыз. Кейбір ұяшықтарды безендіру үшін, оларды бояп қоюға болады. Ол үшін Автоформат таблицы батырмасын басыңыз.
11.Кестені екінші жолынан бастап белгілеңіз де, Правка Копировать командасын орындаңыз. Кестені толық белгілеу үшін: тышқан көрсеткішін кестенің кез келген жеріне орналастырып, Таблица Выделить Таблица командасын орындауға болады.
12. Негізгі диаграмманы Вставка Объект Диаграмма Mіcrosoft Graph 1998 командаларын орындау арқылы қондырыңыз. Диаграмма қасында оның негізгі кестесі ашылады.
Диаграммманың негізгі кестесінің мазмұнын жол және бағана тақырыптарының қиылысу ұяшығына шерту арқылы белгілеңіз (жоғарғы сол бұрышта).
Негізгі кесте мазмұнын буфердегі өз кестеңіздің мазмұнымен ауыстырыңыз (Правка Вставка).
15. Диаграмманың негізгі кестесінің Өнімдер, Барлық шығын, Шығындар және ең соңғы Барлық шығын жолдарын белгілеңіз де, оларды тазартыңыз.
Диаграммада сурет аймағын белгілеңіз. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан тізбеліктен Диаграмма Тип диаграммы пунктін таңдаңыз. Басқа түрдегі (стандарттық және стандартсыз) диаграммалар бейнесі ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қарап шығыңыз.
Тип диаграммы терезесін жабыңыз. Құжатты сақтаңыз.
Ескерту: Кесте ұяшықтарының мазмұнын алфавит, шама және мерзім бойынша сұрыптауға болады. Ол үшін сұрыпталатын ұяшықтарды белгілеп алып, Кестелер және шекаралар саймандар панеліндегі өсу бойынша сұрыптау немесе кему бойынша сұрыптау батырмаларын басыңыз.
1.3-кесте – Кестені толтыру үлгісі
5-тапсырма. MS Word-та сызбалар құру.
Word-та сызбаларды құру үшiн Вид/Панели инструментов/Рисование құралдар тақтасы қолданылады. Негiзгi құралдар автофигураның көмегімен қолданылады. Нұсқа бойынша сызбаны орындаңыз. (түзудің қалыңдығы 2,25пт, қалған сызықтар 1,5пт, өлшемді см, қаріп өлшемі 14пт).
1.4-кесте – Тасырма нұсқалары
6-тапсырма. MS Word-та жарнамалық парақтар құру.
Кез келген тақырыпқа өз қалауыңыз бойынша Word редакторының барлық мүмкіндігін пайдаланып, жарнамалық парақ құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |