1. Машина бөлшектері туралы жалпы мәлімет Барлық машиналар бөлшектерден тұрады. Олар қолдануына байланысты жалпы және мамандандырылған бөлшектер деп екіге бөледі.
Мамандандырылған бөлшектер тек машинаның белгілі бір түрінде кездеседі. Оларды мамандық бойынша пәндерде оқытады, ал біз машинаның жалпы бөлшектерін қарастырамыз.
Машинаның жалпы бөлшектері атқаратын қызметіне байланысты үшке бөлінеді:
1.Беріліс бөлшектері.(Қуат пен қозғалысты белгілі қашықтыққа беру үшін қолданылатын бөлшертер)
2.Қосалқы(көмекші) бөлшектер.(берілісті қамтамасыз ететін бөлшектер: біліктер, осьтер, подшибниктер, муфталар)
3.Қосылыс бөлшектері. (бөлшектерді бір-бірімен қосу үшін қажет бөлшектер).
Атқаратын жұмыс сипаттамасына байланысты машиналар:
Машина –двигательдер: энергияның түрлерін-механикалық энергия айналтыратын (электродвигателдер, іштен жану двигательдері және т.б.)
Машина –гинераторлар: механикалық энергиюны энергияның басқа түріне
түрлентіретін в (компрессорлар, динамомашиналар және т.б.)
Тасмалдау машиналары: Дененiң орын алмасуын қамтамасыз ететiн машина
Өндірістік (технологиялық) машина: технологиялық процесстерді,
дененің формасын өзгертуге және өңдеуді іске асыруға арналған машиналар;
Информациялық машиналар: информацияларды өңдеуге, түрлентіруге және
есептеуге арналған машиналар.
1.1 Машина мен оның бөлшектеріне қойылатын талаптар Машина бөлшектерінің констукциясын ойластыру үшін, біз оларға қойылатын талаптарды біліп, одан кейін оларды сол талартарды орындайтындай етіп жасауымыз керек. Сонымен машина бөлшектеріне қойылатын талаптар:
1. Машинаның жұмыс істеу қаблеті жоғары.
2. Машина бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт қауіпсіз қызмет атқаруы қажет.
3. Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек.
4. Машина бөлшектеріінің салмағы жеңіл, ауыстыруға. майлауға, күтуге қолайлы болуы керек.
5. Машина бөлшектерінің конструкциясы мен өлшемдері мемлекеттік немесе халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы керек.
6. Экономикалық тұғыдан тиімді, көркем болуы қажет.
7. Пайдалануға ыңғайлы;
8.Қолданылатын материалдың тапшы болмауы және арзан болуы;
9. Тасмалдауға және алмастыруға қолайлы болуы керек;
Сонымен қатар машина бөлшектері қауіпсіз жұмыс жасауы үшін жабық етіп жасалуы керек.
Машина бөлшектерiнiң жұмыс iстеу қабiлетi және шыдамдылығы олардың берiктiлiгiне, тозуға төзiмдiлiгiне, қатаңдығына, ыстыққа және дiрiлге төзiмдiлiгiне байланысты.