Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Кассадағы ақша қаражаты 1262



бет35/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

1010 Кассадағы ақша қаражаты

1262 Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1010 Кассадағы ақша қаражаты

5

Бюджет алдындағы міндеттемелердің кінəлі тұлғадан жетіспеушілік сомасының өндіріп алу есебінен өтелуі

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1262 Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванс қалдығын қайтару теңгемен қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады, есеп беретін жауапты тұлғаның тиынмен қайтарылмаған сома қалдығы соманы кейіннен есепке беру кезінде ескеріледі. Есепке берілетін соманың жұмсалуы туралы аванстық есептерді белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванс қалдықтарын кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы- ның қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай оты- рып аванстарды алған тұлғалардың еңбекақыларынан осы берешекті ұстауды жүргізуге құқығы бар.

Түгендеу барысында анықталған ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың жəне басқа активтердің жетіспеушілігі кінəлі тұлғалар есебінен өтеледі жəне есепке алуда корреспонденциялармен көрсетіледі:


  • осы мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жол берген жетіспеушіліктерді анықтаған кезде 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырыу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті немесе өзге тұлғалар жол берген жетіспеушіліктерді анықтаған кезде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті, 1300

«Қорлар» шоты қосалқы шоттарының немесе 2300 «Негізгі құралдар» шоты қосалқы шоттарының кредиті;

Кінəлі тұлға есебінен жетіспеушілікті есептен шығару:



  • 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқамерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті жəне 6330

«Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының кредиті жəне бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

  • мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 1262

«Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек» қосалқы шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;

  • бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бо- йынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті.

Еңбекақыны есептеу айына бір рет жүргізіледі жəне айдың соңғы күні есепте көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы жəне оған кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тəртіппен жүргізіледі.

Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбекақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады.

Есептелген еңбекақы сомасына 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне жəне 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012

«Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі [8.2-кесте].

Есептелген еңбекақы сомасына 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне жəне 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының, 8012

«Еңбекақы» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.

8.2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет