Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі



бет33/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

8-ТАҚЫРЫП



ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ

Жоспар

    1. Қызметкерлермен есеп айырысу есебі

    2. Атқару құжаттары бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

    3. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебін құжаттау жəне оның қаржылық есепте көрсетілуі



    1. Қызметкерлермен есеп айырысу есебі

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша мемлекеттік мекеменің дебиторлық жəне кредиторлық берешектері активтер мен міндеттемелерді танудың өлшемдерін сақтаған кезде актив немесе міндеттеме ретінде таныла- ды.

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі». Оның ішінде:

1261 Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1262 Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.

1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотында қолма-қол ақшасыз есеп айыры- су жəне корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджеттік ақша қаражаты есебінен есеп айырысу жолымен жүргізілмейтін шығыстарды төлеуге оларға берілетін іссапар шығыстарына берілетін аванстар бойынша есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу ескеріледі.

Есеп беруге аванс осы мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстейтін тұлғаларға ғана басшының ұйғарымы бойынша беріледі. Есептілікке сома берген кезде,

бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беруге жауапты тұлғаның берешегінің жоқ екендігі туралы белгi жасалады.

Есептілікке берiлген ақша оларды беру кезінде көзделген мақсаттарға ғана жұмсала алады. Есептілікке жауапты тұлғалар жүргізілген шығыстарды рас- тайтын құжаттарды қосу арқылы аванстық соманың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Аванстық есепке қоса берілген құжаттарді оларды есепте жазу тəртібімен есеп беретін тұлға нөмірлейді.

Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде, аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстың пайдаланылмаған қалдығын есеп беретін тұлға аванстық есепті тапсырғаннан кейін, 3 жұмыс күннен кешіктірмей қайтаруы тиіс. Есеп беретін тұлғаға жаңа аванстар беру бұрын берілген авансты қайтарған кезде ғана жүргізіле алады.

Корпоративтік төлем карточкасы бойынша ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар корпоративтік төлем кар- точкасын қолдана отырып жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын құжаттарды қоса бере отырып аванстық есепті ұсынады. Бухгалтерлiк қызметте аванстық есептер арифметикалық түрде тексеріледi, сондай-ақ құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен қаражаттыңмақсатқа сай жұмсалуы тексеріледі. Тексерілген аванстық есептерді мемлекеттік мекеменің басшысымен бекітеді. Есеп беретін тұлғаларға берiлген сомаға 1261 «Есеп беретін сомалар бо- йынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоты дебеттеледі жəне Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты мен олардың баламалары» кіші бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Аванстың жұмсалған сомасына жəне есепке берілген соманың қайтарылған қалдықтарына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредитіне жəне 1010

«Кассадағы ақша қаражаты», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7140

«Өзге операциялық шығыстар», 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шотының дебетіне жазбалар жүргізіледі [8.1-кесте].



8.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет