Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Аяқталмаған құрылыс 3210



бет28/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

2411 Аяқталмаған құрылыс

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

4

Капитализацияға жататын ғылыми əзірлемелер бойынша ұйыммен орындалған жұмыстарды қабылдау

2412 Аяқталмаған құрылыс жəне күрделі салымдар

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

2710 Материалдық емес активтер

2412 Аяқталмаған құрылыс жəне күрделі салымдар

5

Ғылыми əзірлемелерге арналған бюджеттік шоттан соманы аудару

3210

Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек



1082 Күрделі салымдар Бойынша міндеттемелер қабылдауға

арналған жоспарлы тағайындаулар



1092 Күрделі салымдар бойынша қабылдауға арналған міндеттемелер жоспарлы тағайындаулар

Өнім берушілермен жəне мердігерлермен есеп айырысулар бойынша 3210

«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жəне 4110 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының дебетіне төленген шоттардың сомасы жазылады, бұл ретте 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шотының қосалқы шоты кредиттеледі.

Мердігер орындаған жұмыстардың, қорлар түсімінің, ұзақ мерзімді активтердің сомасына 2411 «Аяқталмаған құрылыс», 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар», 2300 «Негізгі құралдар», 2510 «Инвестициялық жылжы- майтын мүлік», 2600 «Биологиялық активтер», 2710 «Материалдық емес активтер» қосалқы шотының дебетіне жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.

Есептеу əдісі бойынша бухгалтерлік есеп шеңберінде 2013 жылғы қаржылық есептілікте мемлекеттік мекемелер бұдан бұрын есепке алудың кассалық əдісі бойынша теңгерімде көрсетілмеген активтер мен міндеттемелерді таниды.

Бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері (мəселен, сыртқы қарыздардың міндеттемелерін есептеу əдісі бойынша Қаржы министрлігінің есепке алуы жөнінде) ол құрылған сəттен бастап, алынған қарыздар бойынша өтелмеген кредиторлық берешектің қалпына келтірілген сомасын 2013 жылғы қаржылық есептілікте көрсету үшін 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010

«Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттары бойынша 2013 жылы мынадай корреспонденция: 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нəтижесі» шотының дебеті мен 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010 «Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының кредиті бойынша танылады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы бухгалтерлік теңгерімде алынған қарыздар бойынша кредиторлық берешек сомасы 3010 «Алынған қысқа мерзімді қарыздар», 4010 «Алынған ұзақ мерзімді қарыздар» шоттары бойынша жəне Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына, Есеп саясатына жəне Шоттар жос- парына сəйкес 2013 жылғы алынған қарыздар бойынша кредиторлық берешек қозғалысы бойынша барлық операциялардың қалпына келтірілген сомаларын ескере отырып көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемелер 3220 «Ведомстволық есеп айырысулар бо- йынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының қосалқы шотында қайтарылым негізінде ішкі кредит міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды ескереді. Мемлекеттік мекеме ішкі кредиттеуді алуды мынадай жазбамен көрсетеді: 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа- рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты қосалқы шотының дебеті жəне 3220 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шотының кредиті. Ішкі кредиттеу қаражатын қайтару 3220 «Ведомстволық есеп ай- ырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шотының дебеті жəне 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспары- на сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік оқу орнында стипендиялар төлеу бойынша операциялар мынадай тізбектермен көрсетіледі:



Мемлекеттік оқу орнының стипендияны төлеуге қаржыландыру алуы:

  • 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының дебеті жəне 6010

«Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті;

  • стипендияны есептеу: 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті;

  • оқу орнының стипендия төлеуі: 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті жəне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспа- ры бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шотының кредиті.

3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотында мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес заңды немесе жеке тұлғалар белгілеген жағдайлар туындағанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға ол ақша қайтарылады немесе аударылады деген шарт негізінде мемлекеттік мекемеге түскен сома ескеріледі.

3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне мемлекеттік мекеменің уақытша иелігіне түскен сома жазылады, бұл ретте 1043 «Ақшаны уақытша орналасты- ру ҚБШ» қосалқы шоты, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, ал осы қосалқы шоттың дебетіне тағайындау бойынша шоттан аударылған не- месе берілген сома жазылады.

Бұдан басқа 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне сотталған жəне тергеу- ге алынған-сотталған тұлғалардың жеке ақшасы мен олардан алынған сома, атқару парақтары бойынша сотталғандардың еңбекақысынан, зейнетақысынан, жəрдемақысынан жəне өзге кірістерінен ұсталған сома, сондай-ақ сотталғандар Қазақстан Республикасының бюджет жəне қылмыстық-атқарушылық заңнамасында көзделген шығындарға пайдаланған қаражат жазылады, бұл ретте 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» шоты, 3240

«Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі. 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитіне сотталған жəне тергеуге алынған-сотталған тұлғалардың есептік шотына есептелген еңбекақы, зейнетақы, жəрдемақы мен өзге кірістер жазылады, бұл ретте 3248

«Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты дебеттеледі.

Шарттар мен біржолғы тапсырыстар бойынша жұмыс үшін төленетін есеп- телген қаламақы сомасы 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» қосалқы шотының кредитіне жазылады, бұл ретте 7140 «Өзге операциялық шығыстар» қосалқы шоты дебеттеледі.

Қаламақыны төлеу 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек- тер» қосалқы шотының дебеті жəне 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос- парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа- рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоты қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет