Дебиторлық жəне кредиторлық берешек бойынша талдама есебін құжаттау тəртібі
Əр айдың басында Нысандар альбомының 408 нысанды (6-меморалды ор- дер) ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосінен өткен ай үшін 2-6 бағандарда əр позиция (жол) бойынша өнім берушілердің материалдық құндылықтар алынбаған шоттарының мəліметтері жазылады. Өнім берушінің төленген шотының түсу шамасына қарай 2-4, 7-11 бағандарда əр позиция (жол) бойынша жазбалар жүргізіледі.
7-мемориалды ордерде – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тəртібінде есептеулер бойынша жинақтау ведомосі əр өнім берушіге бір ай ішіндегі операцияны көрсету үшін қажетті жол саны бөлінеді. Жинақтау ведомосінде жазулар операцияның жасалу шамасына қарай əрбір құжат (төлеуге берілетін шот, шот) бойынша жүргізіледі. Бір айдың қорытындысы
«Негізгі журнал» кітабына жазылады. Мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның кодына өнім беруші аванс төлемін қайтарған жағдайда «Негізгі журнал» кітабына жазба осы соманы ескерусіз жүргізіледі;
Қалған операциялар бойынша Нысандар альбомының 274 нысанды жеке мемориалды ордерлері жасалады, олар əрбір ай үшін жеке 23-тен бастап нөмірленеді.
Операциялардың көлемі бойынша жинақтау ведомостарын жасау та- лап етілмейтін мемлекеттік мекемелерде шоттардың корреспонденциясы Нысандар альбомының 274 нысанды жекелеген мемориалды ордерлерінде көрсетіледі.
Дебиторлық жəне кредиторлық берешек бойынша талдама есеп есеп- ке алу тіркелімдерінде (кітаптарда, көп бағанды карточкаларда, жинақтау ведомостерінде жəне басқа есепке алу тіркелімдерінде). Нысандар альбомының 292-а нысанды көп бағанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында жүргізіледі:
тегін, атын жəне əкесінің атын, лауазымын, берешектің жəне жетіспеуші- лік сомасының туындау күнін көрсете отырып, əрбір кінəлі тұлға бойынша – ақша қаражатының жəне құндылықтардың жетіспеу жəне талан-таражға түсу сомасы, кінəлі тұлғалардың есебінен жатқызылған материалдардың бүлінуінен
болатын шығын сомасы жəне белгіленген тəртіппен ұстауға жататын басқа сома;
кредиторлармен қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс есепайырысу;
əр өнім беруші жəне мердігер бойынша – жобалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауға шарттар (келісімшарттар) жасаған өнім берушілермен жəне мердігерлермен есеп айырысу;
əр операция бойынша – тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдерге жəне оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар;
нысаналы ағымдағы трансфертер бойынша;
мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына міндетті əлеуметтік ауда- рымдар жөніндегі қосалқы шоттар бойынша;
ішкі кредит беру бойынша.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджеттік ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын есепке алу Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеге түсетін алименттерді өтеу туралы атқарушы парақ- тар мен басқа құжаттарды тіркеу жəне есепке алу, сондай-ақ ұстау мөлшерін есептеу үшін Нысандар альбомының 437 нысанды алименттерді өндіріп алу туралы атқарушы парақтарды есепке алу кітабы жүргізіледі.
Əрбір алушы бойынша төленген қаламақы сомасы бойынша мəліметті алу үшін «Орындалған жұмыстар үшін басқа есеп айырысу» қосалқы шоты бойынша талдама есеп жүргізу үшін, егер олар жүргізілген болса Нысандар альбомының 417 нысанды карточка-анықтамасы жүргізіледі.
Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларда тапсырыс берушілермен олар үшін орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер жəне дайын сатылған бұйымдарға есеп айырысулардың, сондай-ақ өндірістік оқыту үрдісінде оқушылар орындаған жұмыстар үшін кəсіпорындармен жəне мемлекеттік мекемелермен есеп айырысулардың; зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойынша; жұмыс берушілердің шотына аударылған сомадан міндетті əлеуметтік сақтандыруға трансферттер бойынша есеп айырысулардың талда- ма есебі жүргізіледі.
Нысандар альбомының 294 нысанды кітабында:
ғылыми əзірлемелерге жұмсалатын шығыстардың;
əрбір іс-шара жəне шығыстардың ерекшелігі бойынша – басқа бюджет- тер есебінен шығыстардың;
бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен шығыстардың ерекшелігі бойынша – трансферттер бойынша шығыстардың;
қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс мемлекеттік мекеме шығыстарының;
байланысты гранттар есебінен жүргізілген шығыстардың талдама есебі жүргізіледі.
Карточкалар əр шот бойынша жеке жүргізілетін Нысандар альбомының
279 нысанды карточкалар тізілімінде тіркеледі.
Карточкалар картотекаларда сақталады, онда олар іштей материалды жауапты тұлғалар бойынша бөліну арқылы қосалқы шоттар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсететін мемлекеттік меке- мелер бойынша орналасады.
Дебиторлық жəне кредиторлық берешекті есептен шығару үшін негіздеме- лер болған кезде дебиторлармен жəне кредиторлармен есеп айырысудің түгендеу актісіне анықтама жасалады, ол мынадай мəліметтерді қамтуы тиіс:
дебитордың, кредитордың атауы, толық нақты заңды мекен-жайы, СТН, болған кезде бизнес-сəйкестендіру нөмірі (БСН). Борышкердің мекен- жайы мен орналасқан орны белгісіз болған жағдайда оны іздестіру бойынша қабылданған шаралар (тіркелген жері бойынша салық органдарына өтініш, жергілікті атқарушы органдар жəне басқа) көрсетіледі;
берешек сомасы;
қандай баланстық шотта берешек есептелетіні, қандай міндеттемелер бойынша;
берешектің пайда болу күні;
берешекті растайтын құжаттар;
берешектің пайда болуына немесе уақытылы өндіріп алмауына кінəлі лауазымды тұлғалар;
регресті тəртіппен кінəлі есебінен шығын сомасын өндіріп алу мүмкін еместігі туралы дəлел;
борышты (дебиторлық берешекті) өндіріп алуға қисынсыз деп танудың толық негіздемесі (борышты өндіріп алу жөнінде қабылданған нақты шаралар, оның ішінде талап ету-қуыну жұмыстарын жүзеге асыру, берілген атқарушы құжаттары бойынша ақпарат;
тарату комиссиясы шешімінің немесе борышкерді банкрот деп таныған жағдайда тарату балансын бекіту туралы сот шешімінің күні, нөмірі. Мемлекеттік мекемеге талап арызда бас тарту негіздемесін көрсетуден бас тартқан кезде, жоғары тұрған сот инстанцияларына сот шешімін шағымдану жөнінде қабылданған шаралар;
кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдау үшін себептер (негіздер).
Достарыңызбен бөлісу: |