Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Кесте Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар



бет15/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Кесте Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар






Операциялардың мазмұны

Дебитте-летін шот

Кредитте-летін шот

1

2

3

4

1

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы

1210

6010

2

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы

1210

3130

3

Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді

3510

1210

4

Сатып алушы және тапсырыс берушілер-ден есеп айырысу шотына келіп түскен сома

1040

1210

5

Сатып алушы және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді

3210

1210

6

Сатылған (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызметінің алынған вексель

1220

1210
1220-1230

7

Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін қарыздарын төледі

1040

1220

2.1.2. Күмәнді дебиторлық қарыздар

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорыңдар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күмәнді қарыздар" деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі етіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын қарыздарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі — тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі — резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.


Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық Кодекстің 1 бөліміндегі 178 бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар "үмітсіз қарыз" — деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ессп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты
К-т: Алынуға тиісті қарыздар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметген түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:
Д-т: Ақшалар шоты
К-т: Негізгі емес қызметген алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
"Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген қарыздары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
- күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Д-т: Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 100000 тг.
- Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 (сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;
Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 80000 тг.
К-т: Алынуға тиісті қарыздар 80000 тг.
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тастайды.
Д-т: Жалпы және әкімшілік
шығындары шоты 20000 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шоты 20000 тг.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық қарыздар бабында, кәсіпорынның дебиторлық қарыздары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
«Шымкент құс» ЖШС дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде, күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезең шығындары ретінде танылады да, «Шымкент құс» ЖШС бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
- дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).
Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық қарыздар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда бұл әдістірдің екеуі де кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді қарыздардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.
«Шымкент құс» ЖШС бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2002-жылғы «Шымкент құс» ЖШС күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі: (1000000-50000-10000) х 3,5% = 32900 тг.
Осы табылған күмәнді қарыздар сомасы бойынша «Шымкент құс» ЖШС бухгалтері есепті жыл соңында (2002 ...., жыл) мынадай жазу жазады:
Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындары 32900 тг.
К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резерв 32900 тг.
Жоғарыдағы сандарды ескере отырып, 2002 жылың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұдағы 8000 (сегіз мың) теңге өкен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыжүз) теңге есепті жылдағы сатылған тауарлар бойынша күмәнді қарыздарға жасалынған (болжам бойынша) резерв сомасы.
Негізінен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі боынша әрдайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сатылған тауарларға қолданылатын пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.
Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезендердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебеттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- негізгі дебиторлық борышқа жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет