Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


жылдың басы мен соңындағы “Шымкент-құс ”



бет36/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

2007 жылдың басы мен соңындағы “Шымкент-құс ”
ЖШС-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы



Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс

Құрылымы-ның өзгеруі, пункт (4гр.-2гр.)

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы, %

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы, %

Мың тг. (3гр.-1гр)

% (5гр.:1гр. ·100)

1.

Активтер құны, барлығы соның ішінде:
1.1. Ұзақ мерзімді активтер:
а) негізгі құралдар;
ә) үлестік қатысу әдісі бойынша инвестиция;
1.2. Қысқа мерзімді активтер:
а) ақша қаражаттары
ә) қорлар;
б) қысқа мерзімді дебит. қарыздар.
в) ағымдағы салықтық активтер

792492

460004
449854


10150
332488


16901
248254
4487
1645

100

58
57


1
42


2
31
8
0,2

213650

10244
10092


100
203406


9528
173720
15969
4189



100

4,8
4,72


0,08
95,2


4,45
81,3
7,4
1,96

+21034

-1642
1642


0
+22654
+19920
+3234

+20,56

-1,87
-1,87


0
+153,94
194,7
+72,07

х

-15,91
-15,91


0
+15,91
14,44
+1,51

2.

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

20143


61,88


20855


49,71


+712


+3,53


-12,17


Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.


Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиелеп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтер бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

  • бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);

  • негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

  • қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;

  • ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;

  • тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.
Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
22. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті (КДБ):
(13.36.)
мұндағы - орташа дебиторлық берешек.
23. Айналма активтердің айналым кезеңі (ұзақтығы):
(13.37.)
24. Дебиторлық берешекті өтеу кезеңі (Тбө):
(13.38.)
25. Дебиторлық борыштың ұлес салмағы ағымдағы активтердің жалпы көлемінде (ҰДБ):
(13.39.)
мұндағы: - кезең басындағы (соңындағы) дебиторлық берешек.
26. Кұмәнді дебиторлық берешектің ұлес салмағы (ҰКБ):
(13.40.)

мұндағы: ДБб - баланс бойынша дебиторлық борыш;


КБае - аналитикалық есептің мәліметтері бойынша кұмәнді дебиторлық берешек.
Сонымен бірге, ағымдағы активтерді бағалау мен талдау тұсінігінде маңызды айырмашылықтар бар. Бұл әр тұрлі мәнді ұғымдар, өйткені талдау тек негіз ғана болады, дегенмен айналма қаржыны басқарудың тиімділігін бақылау қажетті де. «Бағалау» ұғымы операциондық аудитті өткізу талаптарына өте дәл жауап береді. Бағалауға талдау нәтижесінде алынған көрсеткіштердің әрқайсысын оның деңгейінің нормативті немесе өрлеуші мәнге сәйкестігі тұрғысынан қарау кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет