Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет33/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Фактураланбаған жабдықтар есебі.
Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған яғни шот-фактуралармен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен рәсімделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6 журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6 журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылармен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылады. Келесі айдың басындав жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі.
Жабдықтаушылар және қызмет көрсетішілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұматтар алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;

  • фактураланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;

  • мерзімінде төленбеген есеп айырысудан.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін акцептелген шот-фактурасына:
Д-т: «Материалдар немесе «Тауарлар» - деп аталатын шоттардың тиістісі,
К-т: «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосалқы күн салығы сомасына.
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты,
К-т: «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот-фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Д-т: «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот,
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот-фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды сату барысында есептелінгоен бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:
Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот,
К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.






Дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет