Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет22/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

  1. Степанов А.Ф. Батыс Сібірдегі көпжылдық дәстүрлі емес жемшөп дақылдар. – Омбы, 2006ж.

  2. Ларин И.В. және басқалар. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР.//И.В.Ларин, Ш.М.Агабабян, Т.А. Работнов және басқалар – М.-Л.: А.-ш. әдебиеттер баспасы, 2011ж.



Бақылау сұрақтары

  1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.

  2. Сыртқы факторларға қоятын талаптары.

  3. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.

  4. Қарабас шалғын немесе шалғындық, атқонақ.

  5. Көп шабындық және жайылымдық үйбидайық


Дәріс №13-14
Қазақстанның шикізаттық конвейеріндегі (бал құмай)
Шай жүгері


Шаруашылықта қолдану және өнім сапасы. Бал құмай жан-жақты қолданыла алатын жоғары өнімділігі бар жемшөп өсімдігі ретінде аса құнды дақыл. Өсімдік мүшелеріндегі қант мөлшерінің жоғары болуының арқасында ол таза күйінде де, қиын сүрленетін дақылдармен қоспа күйінде де сүрлеу үшін тамаша шикізат болып табылады.
М.Ф.Томмэнің (1964) берген мәліметтері бойынша, бал құмайдың жемшөптік мақсатта егілетін сорттарының жасуша шырынында 20%-дан астам қант болады екен. Бал құмайдың 100кг сүрлеуінде 22,8 жемшөптік бірлік және 1,2кг қортылатын протеин болады. Көкшетау АШҒЗИ тәжірибелік егісінде жасалған зерттеулер (Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., 1994) шоқылы-жазықты далада бал құмайды сүрлеуге өсірудің жоғары тиімділігін көрсетті. Жүгерімен салыстырғанда ол құрғақшылыққа төзімді, сонымен қатар егіп өсіру үшін еңбек және қаржылық шығынды аз қажет етеді. Оның ресурстарды сақтау қасиеті кең қатарлап себу кезінде себу нормасы бар болғаны 8-11 кг/га тұқымды құрайды, және де тұқым бағасы жүгеріге қарағанда едәуір арзан.
Сүрлемге пайдалану кезінде оны сүтті-балауызданып пісу фазасында жинайды, бұл кезде көк балауса аса жоғары жемшөптік сапасымен ерекшеленеді (1 кесте).
1- кесте. Даму фазасына қатысты алғандағы бал құмайдың химиялық құрамы



Даму фазасы

Абсолютті құрғақ заттағы мөлшері, %

протеин

май

жасұнық

күл

АСЗ

Сабақтану

8,60

4,24

24,68

8,12

54,36

Шашақгүлдің шығуы

7,97

4,04

27,19

5,24

55,52

Сүттеніп пісу

5,08

3,78

29,10

4,03

57,42

Сүтті-балауызданып пісу

6,67

3,62

25,67

4,08

59,88

Балауызданып пісу

6,50

3,37

28,31

3,67

58,15

Ескерту: АСЗ – азотсыз сірінді заттар.


Сабақ шырынындағы қанттың жиналуы гүлдену фазасынан басталып балауызданып пісуге дейін өте қарқынды жүреді. Бұл кезеңде қант мөлшері 2,0-2,5 есе артады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып құмайды сүтті-балауызданып пісуден балауызданып пісу кезеңіне дейін жинау тиімді. Басқа астық тұқымдастар тәрізді, бал құмайға тән ерекшелік - өсу мерзімінде биомасса қоректілігінің өзгеруі болып табылады. өсіп дамыған сайын өсімдіктердің шикі протеинінің саны азайып (абсолютті құрғақ заттың массасына прценттік қатынаста), жасұнық саны көбееді. Басқаша айтқанда, қантты-протеиндік ара қатынас кемиді. Алғашқылардың бірі болып бұл ерекшелікке назар аударғандар – американдық зерттеушілер (M.B.Farhoomand, W.E.Wedin, 1968). Олардың мынаны анықтады, Небраска штатында (Солтүстік Америка) тәлімі жер жағдайында өсірілген бал құмай мен судан шөбін гүлдену және дән толысу фазасында орып алғанда протеиннің мөлшері сәйкесінше 17,3%-дан 11,3%-ға дейін өзгерген. Басқа мәліметтер бойынша (И.Г.Ефремова, 1989) шикі протеиннің ең үлкен концентрациясы кущение фазасынан бастап сабақтану фазасына дейін байқалған. Осы кезеңде ол 20 ... 22%-ды құраған. Шашақтану басталғанда оның концентрациясы 13,0 ... 16,0%-ға дейін, ал толық пісу фазасында 7 ...8%-ға дейін кеміген. Дәл осындай нәтижелер ортаазиялық ғалымдармен де анықталған (А.П.Олейник, Е.П.Ковалева, 1975). Олар бұл факторлардан басқа, сорттық ерекшеліктер мен қоршаған орта жағдайларының бал құмай құрамындағы ақуыз мөлшерінің өзгерісіне әсерін анықтады. Сондықтан соңғы жылдар практикасында бал құмайдың басқа дақылдармен, оның ішінде бұршақ тұқымдастырмен араласқан себулері қолданылады.
Бал құмайдың қытайбұршақпен, сиыржоңышқамен және бұршақпен араласқан сүрлемге жинауға арналған себулері түсімдегі протеиннің мөлшерін оптималды қатынасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қостанай АШҒЗИ ғалымдарының зерттеулері (В.А.Мельников, 1995) бал құмайдың тұқымдық бұршақпен араластырылған себулері 1990-1992 жылдары орта есеппен өнімділігі бойынша таза бал құмайдың өнімділігінен асатынын, ал протеиндер мөлшері (бір жемшөп бірлігіндегі қортылатын протеиннің грамының мөлшері) малды азықтандырудың зоотехникалық нормаларына сәйкес келетінін көрсетті.
Құмай жақсы дәнді пішендемелік дақыл болып та саналады. Ю.Н.Сидоровтың (2002) мәліметтері бойынша, Орынбор облысының жартылай қуаң егіншілігінде бал құмайды егіп өсіру, егер дәнді балауызданып пісу фазасында жинап отырса, пішендеме массасының жыл сайынғы жоғары және тұрақты өнімін алып отыруға жағдай жасайды. 1989-1995 жылдары орта есеппен өнімділік 33,1 ц/га абсолютті құрғақ затты, оның ішінде – 18,4 ц/га дәнді құрады. Осы кезеңдегі арпаның балауызданып пісу фазасындағы өнімділігі – тек 23,0 ц/га абсолютті құрғақ затқа аударылған жалпы биомассаны құрайды, оның ішіндегі дәні – 14,3 ц/га. Практика көрсеткендей, бал құмайды дәнді-пішендемелік конвейерде егіп өсіру энергетикалық құнды жемшөптердің тұрақты және біркелкі түсімін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дәнді пішендемені дайындау әр дақыл үшін қолайлы мерзімде жүргізіледі, ал бал құмай есебінен жыл сайынғы жалпы жинаудың өзгеріс амплитудасы азаяды.
Республиканың оңтүстік аудандарының тәжірибесі мынаны дәлелдеді, көк жемге дер кезінде орылғанда (шашақтанудың басталу фазасы) құмай өсу кезеңінде 3 пішенге дейін бере алады (Т.С.Рахымбеков, В.М.Макаров, 1986; В.М.Макаров және басқалар, 1982; А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987). Көк массаның сапасы бойынша бал құмай көк жемшөп ретінде қолдануға сай келеді, ал қорытылатын протеиннің мөлшері бойынша және жалпы қоректілігі бойынша жүгеріден едәуір асып түседі (2 кесте).

2 – кесте. Шашақтану кезеніндегі құмай мен жүгерінің химиялық құрамы мен құнарлылық құндылығы





Көрсеткіштер

Көк балауса

Сапаға қойылатын стандартты талаптар

жүгері

құмай

Құнарлы заттардың мөлшері, %
Су
Протеин
Ақуыз
Май
Жасұнық
Азотсыз сірінді заттар
Күл

74,9
2,1


1,5
0,6
6,1
14,5
1,8

70,0
3,5


2,3
0,8
8,2
15,3
2,2

83%-дан аз
1,5-тен артық
9,0-ден кем

100кг жемшөптегі мөлшері, кг қортылатын протеиннің жемшөп бірліктерінің

22,8
1,1

25,3
2,4




1 жемш. бірл. мөлшері
Протеин, г

48


95





Протеиннің қортылу коэффициенті

54


69





Ескерту: сапаға қойылатын стандартты талаптар ОСТ 10273-2001 «Көк жемшөптер. Техникалық жағдайлар» салалық стандартының негізінде алынды.


Малды көк балаусамен қоректендірудің көптеген тәжірибелері бал құмайдың жоғары жемшөптік қасиеттерін дәлелдейді. Көк балауса шашақтану фазасынан бастап толық піскенше шырынды болып, тез қортылады және жоғары деңгейде қоректі болады. Онда 70 ... 80% ылғал, 3,0 ... 3,5% протеин, 0,8 ... 1,0% май, 10 ... 18% қант және салыстырмалы түрде жасұнықтың аз мөлшері – 6 ... 8% болады. Құмай ақуызында мына негізгі амин қышқылдары табылған: лизин, метионин, триптофан, аргинин, лейцин, гистидин және басқалар. П.И.Шориннің (1976) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, бал құмайдың жапырақ-сабақты массасында мына фосфоры бар заттар болады: фитин, липоидалық және бейорганикалық фосфор, мал азықтандыруда үлкен мәнге ие калий және магнийдің минералды тұздары.
Бал құмай жайылымдық стадиядағы шикі ақуыздың ең үлкен концентрациясымен сипатталатыны анықталған. Шикі ақуыздың мөлшері 20%-ға дейін жетіп, өсімдіктің өсуіне қарай азаяды. Бұдан басқа бал құмайдың тағы бір ерекшелігі – шауып алғаннан кейін жақсы өсетіндігі. Бұл оны егіп өсірудің қуаң жағдайлары бар көптеген аймақтарда көк балауса конвейеріне енгізуге негіз болды. Құмай, кеш себілетін өсімдік болғандықтан, көк балауса конвейерінің керемет сақтық қоры болып табылады, әсіресе құрғақшылық жылдарында.
Жылдың жылы мезгілдерінде, әсіресе Солтүстік Қазақстанға тән шілденің басындағы жауын-шашыннан кейін, құмай шауып алғаннан кейін тез өсіпкөрпекөк береді. Құмай тұқымдастарының көптеген түрлеріне, оның ішінде бал құмайға тән биологиялық қасиет шабылудан кейін ылғалданумен байланысты қолайлы жағдайлардың болуына қарай ұзақ және интенсивті түптенуі. Егер құмайды түрлі мерзімдерде шауып отырса, суландыру арқылы көк балаусаны ұзақ уақыт алуға болады. Эксперименттер мынаны көрсетті (А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987) - өсімдіктің ең үлкен ұзындығы мен массасы негізгі ору 8 ... 10 см биіктікте жасалған жағдайларда байқалған. Бал құмайды көк конвейер жүйесінде егіп өсіруді жақтайтын тәжірибелер Батыс Қазақстанның да егіншілері мен зерттеушілерде де болды. Бұл аймақтың жағдайында суландырылған участоктағы бал құмай екі толық оруды қамтамасыз етті: біріншісінің өнімділігі жалпы өнімнен (360 ... 630 ц/га) 45 ... 60% -ды, екіншісінікі – 32 ... 45%-ды (280 ... 550 ц/га) көрсетті. Үшінші орудың өнімділігі зерттеу езеңіндежалпы өнімнен 65 ... 110 ц/га немесе 7 ... 9%-ды көрсетті. Сонымен қатар өсімдіктердің биіктігі 30 ... 50 см-ге жетіп, оны өріс ретінде қолдануға жол ашты. Белгілі болғандай, құмай басылып қалмай, тез өсіп кетеді, сондықтан да мал жайылымына жарайды.
Кең қатарланып себілетін сүрлемге арналған бал құмайға қарағанда, пішенге арналған құмайды қатарлап себеді. Мұндай себуде құмай пішен ретінде қолдануға болатын жіңішке сабақты массаны береді. Әртүрлі аймақтардағы көптеген зерттеулер және бал құмайды пішенге егіп өсірудің өндірістік тәжірибесі оның пішен өнімі бойынша судан шөбінен, итқонақтан және біржылдық астықтардан (қара бидай, сұлы және сұлының бұршақ тұқымдастырмен түрлі қоспалары) асып түсетінін дәлелдеді.
Бал құмай қант шәрбатын алуға қолданылады. Ол өз кезегінде кондитерлік өндірісте және күзгі-қысқы кезеңде малды азықтандыруға қолданылады. Бал құмайдан алынған қант өз құрамы бойынша қызылша және құрақ қантынан кем түспейді, өйткені құрамында 10 ... 12% жеміс қанты және сондай мөлшердегі глюкозасы бар. Алайда ол құрамы бойынша едәуір ерекшеленеді. Егер қант құрағының шырынында сақтау кезінде кристалданатын сахароза ғана болса, онда бал құмайдың шырынында кристаллизацияны тежейтін көп мөлшердегі глюкоза мен еріген крахмал болады. Сондықтан құмай шырынынан кристалды құрғақ қант емес, глюкозаның үлкен мөлшеріне байланысты нәрлілік құндылығымен бағаланатын құмай қою шырыны мен сірне алынады. Қант әсіресе гүлдену фазасынан кейін интенсивті жиналады. Қанттың ең үлкен мөлшері дәннің балауызданып және толық пісу фазасымен сәйкес келеді. Дұрыс дайындалған қант қою шырыны 24% судан және 76% абсолютті құрғақ заттан тұрады. Оның ішінде 70%-ы қанттар: құрақ қанты (сахароза), жүзімдік (деустроза), жеміс қанты (левулеза).
Құмай қою шырынында сонымен қатар крахмал (3 ... 4%) және минералды заттар (2 ... 3%). Оны тағамдық, кондитерлік және консервілік өндірісте, сонымен қатар медицинада жемшөптік және нан пісіру ашытқыларын өсіру үшін және араларды азықтандыру үшін қолданылады.
Өнеркәсіптік өндірістің алғашқы нәтижелері үміттендіретін нәтижелер беруде. Мамандардың пікірінше, қант қою шырынын глюкоза мен жеміс қанты негізіндегі алкогольсіз сусындар, сонымен қатар сыра, қою шырын және басқа да ликерлы сусындарды жасауда қолдануға болады. Зерттеушілердің анықтау бойынша бал құмайдан қант дайындаудың өзіндік құны қант қызылшасынан гөрі анағұрлым төмен. Мұнда құмайдың қант қызылшасы суарусыз өсе алмайтын жерлерінде де өсетінін назарда ұстау қажет. Алайда бал құмайда өсіруді тежейтін, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Бұған қоса, бал құмайды сірне жасауға пайдалану және одан жасалған жемшөптік қосымшаларды мал азықтандыруға пайдалану жүзеге аса алатын міндет болып табылады.
Осылайша, бал құмайдың Солтүстік Қазақстандағы себілуін арттыру оны сүрлемдік конвейерде пайдалану перспективасын ашып, сонымен қатар көк жемшөп, пішен және дәнді пішендемеге өсіруге жол ашады. Бал құмай өсімдіктерінің био жиынтығы сірне және тағамдық қою шырын дайындауға шикізат бола алады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, шаруашылық жүргізудің жаңа экономикалық жағдайларында өзекті болып отырған, жоғары өнімділігімен және өндірістің төмен өзіндік құнымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет