Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет80/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Мал азықтық шалқанды негізгі, аңыздық және шабыннан кейінгі дақыл ретінде өсіреді. Ол шабыннан кейінгі егістікте жоғары өнім береді. Негізгі топырақ өңдеуге танапты тереңдете жыртудан басталады. Шалқанды жақсы қопсытылған топыраққа себеді. Тығыз топырақта тамыржемісі нашар өседі.
Шалқан себілетін танапты көктемде 2-3 рет (аралығына 6-7 күн салып) қопсытады. Арамшөптерді жою үшін қопсытуды әртүрлі тереңдікте (15-17 см, себер алдында 5-10 см) жүргізеді.
Танапта негізгі өңдеу алдында гектарына 20-30 т көң және соған қосып 2-3 ц аммиак селитрасын, 3-4 ц калий тұзын, 3-4 ц суперфосфат шашады. Себу әдісі – кеңқатарлап (30,45,60 см). Себу мөлшері: тамыржемісін алу үшін гектарына 1,5-2,5 кг, жапырақ массасын алу үшін – 2-4 кг өнгіш тұқым. Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,5 см. Шалқан тамыржемісінен жақсы өнім алу үшін әр гектардағы өсімдік тығыздығы 80-90 мың болғаны тиімді. Күтіп-баптау жұмыстарына тығыздау, тырмалау, қатараралығын қопсыту және шоқтау жұмыстары жатады. Бірінші қопсыту 5-6 см тереңдікте толық өскіні пайда болғаннан бес-алты күннен кейін жүргізіледі. Екінші – үшінші әр қопсытулар 8-10 күннен кейін 8-12 см тереңдікте жүргізіледі. Өскіндерді шоқтау жұмыстары 2-3 жапырақ салған кезеңінде культиватормен (КРН-4,2 т.б.) орындалады. Қатардағы өсімдік топтарының арасы 20 см етіп шоқтайды. әр ұяда 2-4 өсімдіктен қалдырады. Ұядағы өсімдіктерді сирету шоқтағаннан 2-4 күн өткесін жүргізеді. Мал азықтық шалқанды бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін жинағыштармен (УБД-3, КИР-1,5 т.б.) орады, тамыржемістерін картоп жинағышпен немесе комбайнмен (ККГ-1,4 т.б.) жинайды. Бүтін, зақымданбаған тамыржемістерді арнайы қоймаларда не болмаса траншеяларда сақтайды.
Мал азықтық қырыққабат (Кормавая капуста, Brassіca subsponttance). Мал азықтық қырыққабат екі жылдық, өнімі жоғары өсімдік. Табиғатта жабайы түрі Жерорта теңізінің аймағында кездеседі. Сол жерден Европаның көпшілік елдеріне тараған. Россияда бұл өсімдікті екі ғасырға жуық өсіріп, пайдаланып келеді.
Мал азықтық қырыққабат барлық малдардың түріне, құсқа бағалы азық болып табылады. Оны көк балауса ретінде, сүрлем түрінде малды қоректендіреді. Әсіресе сауын сиырларға берген тиімді.Бұл мал азықтық өсімдік қоректік заттарға бай, құрамында минерал тұздары, витаминдер көптеп кездеседі. Көк балаусасында 12-14% құрғақ зат бар да, оның 4-6% қанттың үлесіне тиеді. Құрғақ затында 17,9% протеин, 15,7% белок, 3,4% май және 46,4% азотсыз экстрактивті зат болады. 1 кг жапырағында 60-100 мг С витамині және 42,5 мг каротин кездеседі. Өсімдігі минералды заттарға бай. 1 кг көк балаусасында 2,17 г кальций, 0,43 г фосфор, 0,70 г натрий бар. 100 кг көк балаусасында 15-16 азықтық өлшем және 1,5-1,8 кг қорытылатын протеин болады. 1 кг азықтық өлшемге 110-115 г қорытылатын протеин келеді.
Мал азықтық қырыққабатта қанттың мөлшері жеткілікті (4-6%) болуына байланысты ол өте жақсы сүрлем береді. Және де оны басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салуға болады. Сүрлемінің құрамында сүтті қышқылының (2,27%) мөлшері жағынан ол күнбағыстың, жер алмұртының сүрлемінен жоғары. Сүрлемнің дәмі, иісі өте жақсы болады, малдар ерекше сүйсініп қоректенеді. 1 кг сүрлемінде 16 г белок, 23,6 мг каротин болады. Мал азықтық қырыққабат сүрлеміндегі қоректік заттардың қорытылу коэффициенті басқа сүрлемдік дақылдарға қарағанда жоғары. Тек қана ондағы майдың қорытылуы басқалардыкінен төмендеу.
Мал азықтық қырыққабат суыққа өте төзімді өсімдік. Суыққа қатып қалған өсімдігі жасыл күйінде сақтала береді. Күн жылып жібіген кезде өсімдік дәмділігін, қоректілігін жоғалтпайды, онымен мал сүйсініп қоректенеді. Қырыққабаттың осы ерекшелігін ескере отырып оны күзде қар түскенге дейін көк конвейерге өсіруге болады. Германияда мал азықтық қырыққабатты қолдан кептіріп жоғары белокты, жақсы қорытылатын құрғақ мал азығын дайындайды.
Қазіргі кезде оны Россияның көпшілік облыстарында, Закавказьеде, Молдавияда, Орталық Азияда мал азығына өсіреді.
Мал азықтық қырыққабаттан өсірген аймағының климат-топырақ жағдайына байланысты гектарынан 300 ден 900 ц дейін көк балауса жиналады. Суға жеткілікті төмен жерлерде және суармалы танаптарда өнімі 1500 ц/га көк балаусаға дейін жетеді. Ірі қара малға оны тәулігіне 20-25 кг дейін береді. Одан көп берген жағдайда көк балаусасындағы глюкозинолаттардың мөлшерінің көп болуына байланысты мал анемиямен ауруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет