Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



бет81/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық қырыққабат айқасгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын өсімдік. Кіндік тамырлы, ұршық тәріздес, тамырсабақтары аз тараған, тамыр бүршіктері көп емес. Өсімдік түптенген кезде сабағының төменгі жағынан қосымша тамырлар пайда болады да ол өсімдіктің жақсы жетіліп өсуіне ықпал жасайды. Екіжылдық өсімдік. Қауданды қырыққабаттан ерекшелігі, ол қаудан байламайды. Бірінші жылы тек домалақ немесе ұршық пішінді шырынды сабақ (көсеусабақ) өседі. Оның биіктігі 1-1,5 м, диаметрі-5-10 см дейін, көп жапырақты болады.
Жапырақтары ірі, жалпақ, қалақша пішінді. Бір өсімдікте 17-20 жапыраққа дейін болады. Екінші жылы жапырағының түпкі қолтығында орналасқан бүршіктерінен ұрықты өркендер өсіп шығады. Гүлшоғыры-шошақгүл, гүлінің құрылысы қырыққабатқа тән пішінде дамиды. Гүлі ірі, немесе орташа. Күлтесі сары, сирек ақ түсті келеді.
Жемісі - бұршаққын, өздігінен шашылмайды. Тұқымы дөңгелекше, ұсақ, түсі қара-қошқыл, 1000 тұқымының массасы 3-5г. Мал азықтық қырыққабаттың бірінші жылғы вегетациялық кезеңі 140-160, екінші жылы-тұқымы піскенше-80-90 тәулікке тең.
Мал азықтық қырыққабат суыққа төзімді өсімдік. Тұқымы топырақ жылылығы +20С болғанда өне бастайды. +17-200С жылылықта жақсы өсіп дамиды. Өнгеннен бастап мал азығына орғанға дейін 15000С белсенді температура жиынтығы жұмсалады. Бұл дақыл суды көп қажет етеді. Жоғарғы өнім топырақ ылғалдылығы 60-70% (толық ылғал сиымдылығының), ауа жеткілікті мөлшерде ылғалды болғанда алынады.
Мал азықтық қырыққабат жарық сүйгіш өсімдік. Ол бірінші жылы да, екінші жылы да мол жарық түсіп тұрғанда жақсы өсіп дамиды. Қалың себілген жағдайда өсуі нашар. Одан жоғары өнім жинау үшін топырақтың құнарлығы, құрылымы жоғары және жақсы қопсытылған болуы тиісті. Жеңіл және орташа балшықты және аздаған батпақты топырақта жақсы өседі. Біздің республика жағдайында оны өзен алқаптарында өсіруге болады. Қазіргі кезде оның Мозговия зеленая, Вологодская, Тысячеголовая, Подмосковная, Полярная 227 сорттары өндірісте өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет